give-away #1: мини асүй қолғабы

Өзім қолданбайтын, сыйлыққа келген заттарды үйдегі үлкен қорапқа жинау әдетім бар. Сыйлық жасағанды өзім де ұнатамын. Содан блогыма жаңа бір нәрсе қоспақшымын – қолымдағы жақсы заттарды Аспаздық оқырмандарына таратпақшымын, яғни шағын ғана give-away (қаз. бір нәрсені ақысыз тегін тарату) ұйымдастырмақшымын. Бүгін сыйлыққа тігілген зат – мини асүй қолғабы!

Рамазан айының басталуына аз-ақ күн қалғанын ескеріп, сайысқа бір-ақ талап қойып тұрмын – осы жерге биылғы ауызашарға қандай тамақ жасағыңыз келетінін айтып беруіңіз керек. Тамақтың атын жазсаңыз жеткілікті саналады.

Сайыс ораза айының бірінші күніне – 1 тамыз, сағат таңғы 12:00-ге дейін жалғасады. Көрсетілген уақыттан кейін жазылған жазулар есепке алынбайды ;Р

*****

UPD – (келіп түскен сұрақтар бойынша түсініктеме) – cайысқа қатысу үшін:

  • аспаздықтан бір тағам жасау шарт емес
  • тағамның рецептін жазу шарт емес
  • тағамның тек өзіңіз жасай алатын тағам болуы шарт емес
  • ол тамақты пісіріп мені ауызашарға шақыру шарт емес
  • супер-пупер, ешкім білмейтін бір тағам болуы шарт емес
  • тек бір ұлттың тағамы болуы шарт емес
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * giveaways. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

20 Responses to give-away #1: мини асүй қолғабы

  1. қонақ айтады:

    биз манты жасаймыз. сыйлыкты калай жибересиз?

    • elvira айтады:

      О, манты деген жақсы нәрсе!

      Жеңімпаз Random Name Generator арқылы анықталып, ол туралы тамыздың 1-і күні э-поштасына хабарланатын болады. Сосын жеңімпаз берген адрес бойынша сыйлықты ҚазПошта көмегімен жіберемін. Все по-честному =)

  2. Gulmira айтады:

    істейтін тамақ көп қой, мысалға май сөк, қайнатпа сорпа , палау, бешпармақ, түрік тағамдарын да жасауға болады, мысалға, булгур палауы, көфте т.б.
    Гүлмира

  3. Diana айтады:

    kazakpiz goi sol ushin kazakshalap et asip kazi-kartasimen jegendi unatamiz..sol ushin 30 kun orazanin ishinde mindetti turde dastarhan torinen bir ret bolsin et korinu kerek!al odan bolek tamaktardan koreilerdin kuksi degen tamagi turikterdin borekteri men baklavasi…mmmmmm karin aship ketti goi :) Diana

  4. Розатай айтады:

    ауызашарға өзім жақсы көретін рисовый суп дайындап бергім келеді :)

    • elvira айтады:

      бір күні күріш көжеңіздің рецептін алып, біз де жасап көрейік, Розатай! жауабыңыз қабылданды!

    • Розатай айтады:

      охо, сіздің менен рецепт сұрағаныңыз қызық болды-ау! :)
      Әдетте анам бұл сорпаға сиыр етін қосады. Алдымен, сиыр етін ірілеу етіп турап өсімдік майына жақсылап қуырып аласыз. Содан кейін оған орташа, төртбұрышты етіп туралған картоп, сәбіз қосып қуырасыз. Қалауыңызша тағы басқа көкөністер қосуыңызға болады. Олар етпен бірге біраз қуырылғаннан кейін үстіне қайнаған су құйып жай отта біраз қайнатасыз. Бәрі дайын болды-ау дегенде, сорпаға көзжобамен күріш саласыз. (Біз көбіне 1 шай кесе күріш саламыз, үйдегі 4 адамға сол да жетіп жатыр). Осылайша, күріш көже дайын болады!
      Негізі, бұл тағам – біздің үйдегі күнделікті тағамдардың бірі. Мен студент аталғалы бері де жатақханада жиі жасауға тырысамыз. Кейбір үйлерде бұл тамақтың мүлде жасалмайтындығына таң қалғаным бар алғашында.

      • elvira айтады:

        Куриш коже

        біздің үйде де күріш көже дәл осылай жасалады. мүлде жасалмайтынын естісем менде таң қалар едім.

  5. Guljik айтады:

    Uakytym kop bolsa shirkin kunde- kunde bumanan (oramal-nan) jasaityn edi.., Bir kuni jusaimen, bir kuni kabakpen, ..,,, Ana ~jalgyz bastylarga jatakana beriledi~ degen kinodagydai.., Kunin atysy, keshtin batysymen..,

    • elvira айтады:

      рас айтасың, уақыт жарықтық үнемі жетпейді. Рамазанның бір ерекшелігі сол – уақыттың берекеленуінде ғой, көптеп орама-нан жасауды жазсың! неше түрлісін!

  6. 6gradus айтады:

    оооой орама жасағым кеп жүр. Халал фарш тұр мұздатқышта, соны бір орамаға қолдану керек боп жүр.

  7. Aray айтады:

    дамдеуыштер косылган тауык етынен кышкыл коже, куырылган тауык еты, духовкага пысырылген тауык еты.. сосын дастарханга тортбурыш, ушбырыш кесылген тауык еты. гарнир арине куриш.. :) жалыгып кеттым тауык пен курыштен

  8. Бұл ауызашарға «Раушан» деп аталын тамақ пісіріу ойымда бар. Бұл тағам шындығында қалай аталатындығын білмеймін, мамам бір рет жасауды үйреткен. Жанұямдағылардың сүйікті тағамы.Жасауына кәдімгідей уақыт кетеді. Бірақ сонда да қанша уақыт дайындасамда күтіііііііп отырады ғой. Ал ауызашарға дәл үлгеретін тағам:)) А еще анамның есімі Раушан сол үшін атын «Раушан» деп атап алғанбыз,сонымен қатар ішіне салатын қамыры да сол раушан гүлі іспетті онысыда бар :))

  9. Кәусар айтады:

    Қазақтың шара толы еті (бесбармақ деп әдейі атамай отырмын) мен салқын шұбат. Ауыз ашардағы өзім күтетін тағам осылар.

  10. Анар айтады:

    мен дастарханымды былайша елестетем;)
    Қазір күн ыссы болғандықтан, жеңіл бірақ құнарлы тағам болғаны дұрыс, сондықтан да фарш қосылған бұрыш! Сорпасына арнайы дәмдеуіш қосып, кейін қонаққа ұсынарда ыстықтай құйса, дәмділігі артар деп ойлаймын.
    Тағы бір альтернатива – тауықтан жасалған палау.
    Сосын жемістерден ассорти, ал шайға муравейник торты мен чакчак, сосын шағындап пісірілген ватрушки бар. Үйдің тосабы болса…
    Қою күрең шаймен тіптен қатып кетеді.

  11. shala qazaq айтады:

    Алғашқы рет «Маамуль» печеньесінің рецептін көргенде :»мынау дәл Рамазан айында пісірілетін тәтті тағам екен гой» деп ойлагам, үйткені құрамында ФИНИКИ бар. Әне мұны дегенше қасиетті Рамазан айына деп жеттік. Иншаллаһ баска ды ыстык тағамдардын қасына осы Маамауль печеньесін пісірмек ойым бар. Рецепті осы жерден алганмын: http://elena-fialka.livejournal.com/11835.html. Жеке басыма ұнайтыны қкамырында бір ас қасық болғанына қарамастан өзі тәп тәтті.

  12. Қайтарма үнқосу: Сыйлығымды алдыыыыыыыыыым :) « …………•°*°•.Erke_ ky3 .•°*°•………..

Leave a reply to elvira Жауап беруден бас тарту