Monthly Archives: Тамыз 2011

giveaway #2: қорытынды

Алдыменен giveaway`ге қатысып, Қадір түні дастархан жаясыздар ма? деген сұраққа жауап жазғандарыңызға рахмет. Жауаптарыңызды оқу расында қызық болды маған. Жеке менің ойымша, басқа ешбір елде кездеспейтін – дастархан жайып отыру дәстүрі, қазақтың қонақжайлылығының тағы бір белгісі. Үйге соққан жолаушыға қой … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: * giveaways | 9 пікір

give-away #2: zeyd beyaz misk

Кеше жақсы бір сайтпен таныстым – http://www.productiveramadan.com. Мақалалардың дерлік көбісі өте жақсы әрі елге (жастарға деп оқыңыз) пайдалы етіп жазылғаны ұнады. Әсіресе рамазанға қатысты анимациялары ұнады. Бәрін қосып қарағанда, құнды бір ресурс болып көрінді маған. Кіріп, өздеріңіз де тамашалаңыздар. Негізі … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: * giveaways | 11 пікір

қызанақ пайдалары

26-08-11: Жазуға уақыт болмай тек суретін іліп қойған едім, қызанақтың пайдаларын өздеріңіз жазып қойыпсыздар. Рахмет. Төменде жазғандарыңызға кішігірім толықтыру: Қызанақтар қанымызда уландырғыш заттардың жиналуына, артериялардың қатаюына кедергі болатын көкөніс. Әрі несеп айдағыш болып саналады. Ревматизмге қарсы, бүйректерде тастардың жиналып қалуына … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: *** | 3 пікір

қызанақ пен жұмыртқа салаты

Қызанақпен жасалынған тағы бір тағам түрі. Салаттың жасалынуы оңай, құрамындағы майонез бен сарымсақ болмаса, салатты жеңіл деп те айтуға болар еді. Дегенмен сахурға болмаса да, ауызашар үшін жасауға тұрарлық. 2 қызанақ 2 жұмыртқа 2 ас қасық майонез аскөк жарты тілім … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | 5 пікір

қызанақты бәліш

Бақшамыздағы қызанақтардан не пісірсем екен деп тұрғанда, Элистің сайтындағы қызанақты бәлішке көзім түсті. Кішкене өзгертіп бүгінгі дастарханға жасап көрдім. Келген қонақтарға ұнаған сияқты. Бір-екі тілімі ғана қалып қалды. қамыры үшін: 200 гр сары май 1,5 стакан ұн 0,5 ш.қ. тұз … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер | Пікір қалдыру

теріс аударылатын жеміс бәліші

Теріс аударылатын тәтті бәліштер жинағыма тағы біреуін қосып қойдым. Бұл бәлішке аз-ақ ұн қолданылатыны оны басқа бәліштерден ұтымды ететіні сөзсіз. Тез әрі дәмді сериясынан бір бәліш. 50 гр сары май 2 алма 3 шабдалы 4 ас қасық қант аздап корица … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер | Пікір қалдыру

kaz-day және қызанақты жұмыртқа

Бүгін кеңсемізде бір эксперимент жасадық – түске дейін орысша бір сөз қоспай қазақша сөйлеуге тырысып көрдік. Былайынша офисіміздегі қазақ тілі тура «наша казашадағыдай» енді: сөздің басы қазақша, соңы – орысша. Бүгінгі экспериментіміздің мақсаты да соны болдырмау, толық бір күн басқа … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: ***, Таңғы ас | 1 пікір

картоптан мини шашлык

Картоптан шашлык жеп көргеніңіз бар ма? Мен мұндай шашлыкты алғаш Шымкенттен көрдім. Өте ұнаған болатын. Соны жасап көру керек-ау деп жүргеніме біраз болған, өткенде бар жігерімді жинап жасап көрдім! Хе-хе, өкініштісі менікі шымкенттегідей болмай шықты.. жармақты бекер қосқанымнан ба дәмі … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | 7 пікір

қарбыздан салқын сусын

Күшті сайтпен бөліскім келіп тұр – http://www.kuttybolsyn.kz – интернетті аралап жүріп тауып алғаныма сондай қуанып отырмын. Қазақша пайдалы сайттарды (www.olen.kz, http://www.sozdik.kz сияқты) көрсем шын қуанамын. Той үшін жақсы «шпаргалкаларға» толы «Құтты болсын» сайтының иесі кім болса да, осыңдай еңбегі үшін … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сусындар | 2 пікір

жармақ қосылған тефтель

Кешегі ауызашарға төмендегідей тефтель жасаған болатынмын. Қасына күріш гарнирі. Бұрынғыларға қарағанда бұл тефтельдердің ерекшелігі құрамындағы жармақта. Тефтельдерге жармақ қосып бірінші рет жасауым (интернеттен оқып алдым). Нәтижесі қуантты. Интернет жоқ кезде қалай ғана өмір сүргенбіз, кейде шын таңқаламын..  Интернет, вива форевэ! ^^ 500 гр фарш 1 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | 4 пікір

көк жасымықтан гарнир

Күз ерте келгендей. Дала суық, офис іші суық. Дәл қазір үйде, жылы көрпеге оранып отырғанға не жетсін. Бір жақсысы – мынандай суықта қатты шөлдемейсін да, ораза ұстағанынды ұмытып та қалады екенсін )) Бүгін мен ауызашарларға жақсы келетін бір гарнир түрімен бөліспекшімін. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар | 2 пікір

майлық орау: гүл

Елдің жақсы жаңалығын естіп, менің де өміріме бір өзгерістер енгізгім келіп кетті. Жұмыс ауыстырсам бе екен, бәрін тастап көшіп кетсем бе екен, отпуск алсам бе екен, «жынды-жынды» сауда жасасам бе екен.. әлде шашымды қырқып сонымен тына салсам бе екен ^^ … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: * қолөнер | 7 пікір

хурма қосылған печенье

Ораза кезінде әр үйден табылатын хурманы қосып печенье жасап көрдім. Печенье қамырына әртүрлісі келе береді. Мен «жұлдызды печенье«нің қамырын қолдандым. Ендігіде, Толғанай айтқан рецептті жасап көрмекшімін. Хурмалардың дәнектерін алып тастаңыз. Қамырдан жаңғақ үлкендігінде үзіп қойып, хурма жұмсағымен араластырыңыз. Алдын ала … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Печенье | Пікір қалдыру

leftover пицца..

… немесе тоңазытқышты тазалаудан туындаған дәмді тағам! Кешегі тофу чоримнен артылып қалған тофу, ауызашарға дайындалған бауырсақтан артылған қамыр, желінбей жетімсіреп жатқан шұжық пен 3-4 күн бұрынғы пісірмеден қалып қойған қозықұйрық пен ірімшік. Осының бәрін қосқандағы нәтиже төмендегідей болды. Пиццаны ұнатқаным … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

тофу чорим

Соңғы кезде азық-түлік алу кәдімгідей проблема. Үйдің қасындағы дүкеннен аз-аздан алып жүргім келмейді, бір шыққанда бәрін бірден ала салғым келеді. Магнумға бармағалы алты айдан асады. Оның үстіне, бәрін бірден алсам, оларды үйге (4 қабат) дейін шығару мәселе болады. Бүгін бұған … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | 2 пікір