FAQ

Блог бастағалы маған жиі қойылатын сұрақтарды  (FAQ) осы жерге жазбақшымын. Әзірге есіме түскен кейбір сұрақтарға ғана жауаптарымды жазып тұрмын.

____________________________

2005-2007 жылдардағы жазуларыңда қазақша әріп қолданылмаған. Ол кезде қазақша білмегендігінен ба?

Аспаздық www.blogspot.com платформасында басталған жоба. Алғашқыда ол платформада қазақша әріптер шықпайтын еді, кейіннен бұл мәселе жөнделсе де, сол жылдардағы посттарды жазылған күйінше әдейі қалдырдым. Бұл аспаздықтың өзіндік бір ерекшелігі болсын.

Аспаздықтағы рецепттерді ойдан шығарасың ба?

Барлығын емес. Бұл жердегі кей рецепттерді мамадан үйреніп, кейбіреуін интернеттен тауып, кейбіреуін достарымнан және ондаған газет/журналдардан көріп жасаймын.  Кейбір рецепттер еш өзгеріссіз жасалынса, кейбіреуінің құрамы өзгертіліп жасалынады.  Аспаздыққа өзім жасап көрген рецепттер ғана жазылады. «Досымның мәзірі» тарауындағы рецепттерден басқасының бәрі жасалынып көрілген.

Тамақтардың суреттерін өзін түсіресің ба?

Иә, аспаздықтағы тамақ суреттерінің бәрі өзімдікі.  Тамақ түсіру өнерін әлі де толық меңгермегенім үшін, менің бір тамақты түсіруім ондаған кадрды керек етеді. Сондықтан, сурет жақсы не жаман болсын әрқашан copyright сақталынуын сұраймын.

Күнде жаңа тамақ пісіруге қалай үлгересің?

Аптаның 5 күнін, күнінің 12 сағатын офисте өткізетіндігімнен қызықты жаңа рецепт тапқанда көбіне оны сол күні түнде немесе таңертең жұмыс алдында жасауға тырысамын.

4 Responses to FAQ

  1. Нұрлан айтады:

    Ырза болып отырмын саған! Офисте жүресің бе? Мен бір мейрамханада аспаз екен деп ойлап жүріппін. Жақсы-жақсы идеялар келсін деп тілеймін. Алға!

    • elvira айтады:

      иә, кеңсе қызметкеріміз ғой (ор. офисный сотрудник). Аспаздықтағы мәзірлердің қарапайымдылығы да содан =) ілтипатыңызға көп рахмет!

  2. умит айтады:

    салем. Менин сабизди кексим шыкпай калды?

Пікір қалдыру