Сәуір (2023) Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 тараулар:
- * досымның мәзірі (26)
- * giveaways (4)
- * қолөнер (16)
- *** (107)
- Балық тағамдары (23)
- Гарнир мен соустар (37)
- Десерт (43)
- Ет тағамдары (52)
- Консервілеу (13)
- Көкөніс тағамдары (61)
- Мастер-класс (32)
- Печенье (58)
- Пиццалар (27)
- Салаттар (майонезді) (33)
- Салаттар (майонезсіз) (46)
- Сорпалар (34)
- Сусындар (16)
- Таңғы ас (70)
- Торттар (34)
- Тәтті бәліштер (47)
- Тұзды бәліштер (47)
- Ыстық тамақ (41)
- кекстер (34)
- маффиндер (32)
- микротолқынды пеш (4)
- Ұлттық тағам (25)
- Ұн тағамдары (34)
Author Archives: elvira
Фасоль
Соңғы кезде фасольді жиі жасайтын болыппын. Енді айнаға қараған сайын, фасольдің салмақ қосады дегендері рас-ау деп ойлап қоямын 😅 сонда да сондай ұнайды 🙈 әсіресе қасында күріші болса.. Фасольді алдын ала түнде суға жібітіп пісіруші едім бұрын. Гүлфияның айтқан әдісі … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары
2 пікір
брюсселдік вафли
Былтыр жазғы Еуротурдан дәмді естелігім – брюсселдік вафли. Сол кезден бері жасағып келіп жүрген тағамның бір түрі. Тұған күніме сыйлыққа түсетін вафли пісіретін арнайы құрылғыны күтіп жүрдім )) оны маған алып берген ініме рахмет. Бельгияда вафли фаст-фуд ретінде кеңінен таралғанын … Оқуды жалғастыру
дайын жаймадан көже
Үйде былтыр Абердиндегі оқуларын бітіріп кеткен қазақтардан қалған көөөп дайын қамырымыз бар. Соларды бір пайдаға жарап көже пісіретін болдым өткенде (қазақша ет аса салуға мұрша жоқ). Сол көже төмендегідей болып шықты. Қамыр белорустардың клецкиі сияқты да емес, қолдың сорпасы сияқты … Оқуды жалғастыру
жексенбілік картоп пен жұмыртқа пісірмесі
Соңғы күндері сабақтан бас көтере алмай қалдым ғой. Бір аптада екі жазбаны тапсыру керек. Оның алдында презентация бар еді. Қысқасы, оқу бітуге жақындаған сайын күрделеніп бара жатқандай )) Өзіме мынандай қулық ойлап таптым: мен жұмыс істейтін лаптоптың батареясы толық 5.5 … Оқуды жалғастыру
лимон вареньесі
Өткенде лимондардан не істесем екен деп жүргенімде, қыздар осындай лимон вареньесын жасап көр деді. Жасап көрдім. Менің түсінігімдегі аренье үшін қышқылдау сияқты көрінді. Бірақ шәйға қосып ішкенге керемет дүние! Әсіресе сіздер жақта да қар жауып, дала суық болсы. Алдыменен 1-2 … Оқуды жалғастыру
духовкада піскен жас картоп (ағылшын тәсілі)
Бірнеше күн болды далада қар жауып, ауарайы суып кетті. Ертең де қар жауады деп жатыр жұрттар. Біздің асүйдегі терезеден көрініс міне осындай қазір. Иә, дала сұп-сұр ) Бірақ ағаштардың үстіндегі құс ұясына қарасаңызшы! Екі құс көз алдымда салды ұяны, сондай … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары, Таңғы ас
Кілтсөздері жас картоп, көктем, қыс, құс ұясы
2 пікір
Кәді, саңырауқұлақ пен жас көкбұршақ қуырмасы
Шотландияда жүргеніме жарты жыл болып қалды. Расын айтсам, осы уақыт түк сезілмеді өзіме ) Шет елде жүргендей емеспін, жаңа жерге үйрене алмай қиналған күнім да болмады, шүкір. Әлде ұмыттым ба? Жоқ, болмаған сияқты ) Тез үйреніп кеттім. Әсіресе дүкендеріндегі түрлі … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары
Кілтсөздері кәді, көкбұршақ, саңырауқұлақ, қызанақ
4 пікір
авокадодан печенье/оладьи
Авокадоны бұрын суши ішінде ғана жейтінмін. Қазір кішкентай прогресс байқалады ) Мысалға өткенде авокадо қосып төмендегідей печенье-оладьи аралас бірнәрсе жасап көрдім (не екенін әлі шешпедім). Балмен қосып жеген дәмді болса да, бұларды қайтып жасап жасамайтыным жайлы екі ойлымын. Авокадо ұнатушыларындан … Оқуды жалғастыру
саумалдық қосылған түрікше бәліштер
Алиманың бізге жасап берген түрікше бәліштерімен бөлісейін бүгін. Негізі басында жасалу тәсілін видеоға түсіреміз ба деп едік, қырқ-қырқ күлкімен жетістіре алмадық онысын. Соткадағы видеоны да жақсылап түсініп алайын алдыменен деп видео-рецепттерді кейінге қалдырық. Again =) Бәліш түрік ас үйіне тиесілі. … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Мастер-класс, Тұзды бәліштер
Кілтсөздері ispanakli borek, саумалдық, түрік асүйі
1 пікір
брокколи мен ірімшік толтырылған тәтті картоп
Тітті картопты алғаш рет Қытайда жеп көргенмін. Бір ресторандарында түскі асқа құр картоптың өзін пісіріп жегізді бізге. Ол кезде аса қатты ұнамаған еді. Түсі де құңарлы сары еместі, ашықтау түсте болатын. Сосын Кореяға барғанымда да көп кездестірдім бұл картопты. Уақыт … Оқуды жалғастыру
жүрек формасында тунец қосылған бәліштер
Өткенде аң-таң болып жaзып едім мына жақта разрыхлитель қосылған ұн сатылады деп, сол қатты таңқалғаным болуы керек сол ұнды сатып ала беріппіз. Бұл ұннын бір кемшілігі тәтті нан пісіргенге жақсы да, басқа нан үшін немесе кеспе үшін тәттілеу. Қатты емес … Оқуды жалғастыру
нохуттан карри (chickpea curry)
Өткен жазуымда үнділердің пакорасы туралы жазыппын. Осы жолы сол елдің карриі туралы жазбақшымын )) негізі, арасында бір аптадан аса уақыт өтіп кетті, күнде үнді тағамдарды жасап жүр деп ойлап қалмаңыздар ) Осының арасында басқа да тағамдарды жасап жүрдік қой? бірақ … Оқуды жалғастыру
үнді пакора
Пакора үнділерде өте танымал екен. Біздің кириешкилер сияқты ) Соның өзінде 2007 жыды Үндістанға барғанымда жеп көрмеппін оларды (ол кезде бейтаныс тамақ жегеннен аулақ жүрдім). Қазақстанда үнді асүйлер де оңша көп кездестіребермейсің. Мына жерде сол ұлттың өкілдері өте көп екен. … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары
Пікір қалдыру
шотландияның суығына қарсы ыстық көже
Англияның ауа-райы туралы көп айтылып, көп естілді. Шотландияның ауа-райын болса бірі білер, бірі білмес. Оны мен айтайын ) Мына жақта ауа-райы мың құбылады! Мысалға, таңертең қар жауып, түскісін бірден күн ашылып кетеді де, күннің көзге шалатыны соншалық кейбіреулер көзілдірік киіп … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Сорпалар
Пікір қалдыру
пияз, ірімшік, саумалдық пен саңырауқұлақ қосылған бәліш
Шпинат неліктен қазақша саумалдық деп аталған екен түсінбедім. Бірақ тіл жарықтық сол ғой, көп сөздердің этимологиялық мағынасын іздеудің де керегі жоқ шығар. Тақырыпты жазып отырып туындаған ойлар ғой, бәлішке қатысы жоқ ) Бәлішке келер болсақ, бұл рецепт маған өзінің қарапайым … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер
2 пікір