түрлі көкөніс қосылған тауық

Осы рецептті сонау 2005 жылы Гаухардың жолдасы (ол кезде бойдақ) Ғалымжан бір форумға жазған болатын. Содан тез әрі оңай жасалынатынын көріп, өзім де жасап көруге асыққаным есімде. Бірақ үйден тауық таппай, тауық орнына ет қосып, тағы басқа заттармен түрлендіріп былай жасаған едім. (сол кезде неге «французша ет» деп атағаным өзіме де беймәлім).

Бұл тамақ расында да өте ыңғайлы. Әсіресе көп түрлі тамақ пісіру керек болған кезде, олардың бәрін пісіруге үлгірмей жатқан кезде.. жақсы вариант. Тамақ духовкада пісе бергенше салатты да жасап, сорпаны да пісіріп үлгересіз. Аз машақатты, дәмді тағам түрі. Жүгері, көк бұршақ қосып тауықпен де, етпен де талай жасап жүрсем де, рецептті аспаздыққа жазу бүгінге бұйырған екен.

– 1 кг тауық
– 5 картоп
– 2 қызанақ
– 2 болгар бұрышы
– 1 сарымсақ
– 1 сәбіз

Көкөністердің бәрін аршып, ірілеп тураңыз. Тауықты жуып, бөлшектеңіз. Тұз + қызыл бұрыш + майдаланған сарымсақ қосып бәрін жақсылап араластырыңыз. Духовка үшін арнайы ыдысқа қойып, үстін фольгамен немесе «рукав»пен жауып, 220С ыстықта пісіріңіз. Тауықтың суы аздап тартылғанда астын өшіріп, сервис жасаңыз. Ас болсын!

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s