Monthly Archives: Тамыз 2009

рамазан тағамы – майсөк

neweurasia үшін соңғы рецепт – қазақтың ұлттық тағамы – майсөк! Ұлттық болғанымен ол Қазақстанның барлық жерінде біліне бермейтінін 2006 жылы айтып кеткен болатынмын. Ол кезден бері аса ешнәрсе өзгере қоймады. Неге екені өзіме де беймәлім; майсөк – өте тойымды, өте … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Ұлттық тағам | 2 пікір

оливье = орыс салаты

Кең байтақ қазақ жерінде тұратын халықтардың тағамдар сериясын орыс халқының (2 млн 950 мың адам) оливьесімен жалғастырмақшымын. Посткеңестік салаттардың ішінде, менің ойымша, оливье ғана мұхит пен теңіздер асып, шетелдіктердің де көңілінен шыға алды. Содан оливьенің «ет салаты», «көкөністі салат» атауларына … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Мастер-класс | Пікір қалдыру

көрші өзбектің дамламасы

Еліміздегі белді этностың бірі – өзбектердің Қазақстандағы саны 440 мың адамға жуық. Ең көп тараған жері Оңтүстік Қазақстан облысы. ОҚО-да өзбектердің саны бүкіл Қазақстандағы санының 90-нан астам пайызын құрайды (шекаралас болғаннан). Өзбек халқы бізге көршілес ел болғандықтан, дәмдес-тұздас болып жиі … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Мастер-класс | 2 пікір

ұйғырша суйру лағман

Қазақстанды мекендеген ірі этностардың бірі – ұйғыр халқы. Деректерге сүйенер болсақ, Қазақстанға ұйғырлар 19 қасырдың аяғында қоныс аударып, бүгіндері олардың жалпы саны 230 мың адамдай екен. Ұйғыр ұлттық тағамдары қытай және дунган тағамдарына ұқсас келеді. Алуан-түрлігіне қарамастан қазақтың аса ұнатып … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Ыстық тамақ | 5 пікір

татарша шәк-шәктың қазақша нұсқасы

Соңғы жылдардың санақ мәліметтері бойынша Қазақстанда татарлардың әдеуір тобы (229 мыңға жуық адам) тұрады. Сонау 19 ғасырдың басынан көшіп келген татарлар қазақ ас үйіне ықпал епеуі мүмкін еместі. Бәліштің небір түрлері мен тәтті тоқаштары қазақтың асқазанына сай түрленіп көп ұзамай … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Десерт, Мастер-класс | 4 пікір

neweurasia үшін бауырсақ

Бауырсақ – 130-дан астам ұлт мекендеген қазақ жерінің ең сүйікті тағамдарының бірі. Бәрінің ұнататыны соншалықты – соңғы 2-3 жылдай Алматы қаласында «бауырсақ күні» деп қыркүйектің орталарында ерекше күн атап келеді! Ол күні қалалық алаңда бауырсақтар пісіріліп, ып-ыстық күйінде халыққа ақысыз … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Мастер-класс | 2 пікір

рамазан құтты болсын!

Қыздар, көптен еш жаңа тағам қоспай жүргеніме ұятты болып жүрмін – уақыттың тығыздығына шын өкініштімін.. Рамазан айының келіп қалғанын да байқамай қалдым.. Жұмыс бабымен дүйсенбіге дейін Астанада болатындығымнан баршаңызды қазірден қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Инш, келесі аптадан бастап аспаздық беттерінен … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

көкнәр қосылған лимонды маффин

Масқара, төмендегі маффиндердің жасалу тәсілін әне-міне жазамын деп жүргенде бір аптадан асып кетіпті. Бұрын да айтқанымдай, уақыт құрғұр ешнәрсеге жетпейді-ау, жетпейд. Дегенмен, зу етіп өткен аптаның ішінде де бір-екі есте қаларлық істер жасалынып үлгеріліпті, соның ішінде: Абайдың сыңары Әйгерімінің («Абай … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

рататуй-2

Парадокс: жұмыс істейтін әрбір қыздың арманы – үйде отырып ұнаған іспен айналысу; үйде отырған (баламен болсын болмасын) әркімнің арманы – жұмысқа шығу екен. Үйде отырғым келеді. – 2 кәді– 2 кіші сәбіз– 2 пияз– 150-200 гр фарш– жарты сары бұрыш– … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | Пікір қалдыру

сүзбелі торт

Тағы жасар болсам, 250 емес – 150 гр печенье қосатын болармын немесе сары май мөлшерін арттырамын. Өйткені рецепттегі печенье артықтау болып, торттың асты қалағанымдай шықпады. Сізде де печенье артқан болса, оны сән үшін торттың үстіне сеуіп қойсаңыз болады. – 250 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Торттар | 4 пікір

поғача-2

Поғачаның басқа түрі үшін мына жақты қараңыз. – 3 стакан ұн – 6 гр құрғақ ашытқы – 2 ас қасық қант – 1 ш.қ. тұз – 2 жұмыртқа – жарты пакет сары май– 100 гр сүт – жылы су ішіне:– … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ұн тағамдары | Пікір қалдыру

жұмыртқа соусты сэндвич

Тойымды әрі өте оңай сэндвич соусының бір түрі. Pizza In-дегі жұмыртқалы сэндвич жегеніңіз болса, түсінер – мұндай соуспен жасалынған сэндвич өте дәмді! Жұмысқа асығып, таңғы асқа уақытыңыз қалмай қалса, осы сэндвичтен жасап көріңіз. – 2 жұмыртқа– 2 ас қасық майонез– … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар, Таңғы ас | 2 пікір