Ағылшындардың ірімшігінен ағылшындардың ірімшікті печеньесін жасап көрдім. Барлық жағынан ұнады! Біріншіден, тез жасалынады. Екіншіден, көп зат керек етпейді. Үшіншіден, сондай дәмді! Құрамындағы ірімшік және сары майға қарамастан аса майлы емес, тіпті жеп-жеңіл десем болады. Осы печеньеге мұздай сүт керемет серіктестік құрайды! Бір жеп бастасаңыздар, бірінен кейін бірін бәрін қалай бітіргеніңізді түсінбей де қаласыздар )) Сондықтан, печеньені жасар алдында абайлаңыз – олар қосымша киллограммға себеп болуы мүмкін! Айтпад демеңіздер!
- 2 стакан ұн
- жарты шәй қасық разрыхлитель
- бір стакан үгітілген чеддер ірімшігі
- 100 гр сүт
- 200 гр сары май
- тұз бен қара бұрыш
- қалауыңызша аскөк (қоспаса да болады)
Мына жақта суреттегідей разрыхлитель қосылған ұн сатылады. Печеньелер үшін өте ыңғайлы! Мен соны қолдандым. Қазақстанда мұндай ұн көрмедім, сол үшін ұнға разрызлитель қосып жасаңыздар. Ұнға туралған майды қойып, майлы ұнтаққа дейін араластырыңыз. Ішіне ірімшік қосып араластырыңыз. Енді қалауыңызша майдалап аскөк қоссаңыз болады. Жақсы дәм береді. Мен таңғы астық жұмыртқадан қалған брокколиді майдалап турап қосқанмын (суретте оңша байқалмаған сияқты гыгыгы). Ірімшіктің өзі де тұзды болған соң, тұзды азырақ қосыңыз да, бұрыштаңыз. Енді сүт қосып тұрып, илеңіз. Қалаған формада печенье жасап, 200C алдын ала ысытылған духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Ас болсын!
Өтеее дәмді мммм)))
ас болсын!
Эля, мен қазір жасап көрем, ИНШАЛЛА ))). қалай шыққанын айтам сосын ))