custard pudding

Самурайдың пудингі атты киноны қарағаннан бері пудинг жасау ойымда жүрді (Ох сол жердегі торттарды көрсеңіздер ғой!). Бір-екі рецептпен жасап та көрдім, бірақ ең сәттісі Cooking with a Dog youtube channel иесінен көргенім болып шықты. Сол кісінің төмендегі рецептпен пудинг жасау жеңіл, оның үстіне ол өте дәмді әрі сыртқы көрінісі де әдемі болып шығады (керек көлемдегі ыдыс таппай, әдемі етіп ұсына алмағаныма қарамаңыздар). Таңғы асқа да, кешкі десертке де жақсы дүние. Біреуін пісірген күні жеп едік, қалған екеуін ертесіне. Тоңазытқышта бір күн тұрғанның формасы тіптен жақсырақ болған сияқты. Пудинг үшін арнайы формаңыз болмаса, стаканның ортасына дейін толтырып жасап көрсеңіз болады. Қайткен күнде де – жасап көріңіз! )

20130206_164040

Мөлшерлерді аздап ғана өзгертіп беріп тұрмын. Мен жасағаныма ғарай. Тұпнұсқа рецепт мөлшерлер үшін видеоны қараңыздар.

Алдыменен карамель жасап алу керек. Ол үшін, 4 ас қасық қантты табада қыздырасыз, үстіне 2 ас қасық су құйып қант толық ерігенге дейін араластырасыз. Қант қоңырлау түсті бола бастағанда үстіне 2 ас қасық ыстық судан құйып жіберіңіз (күйдірілген қанттың қышқылдау дәмі азаяды). Енді майланған формалардың түбіне осы қант шербетін құйып шығыңыз. Формаларды майлаған кезде сұйық майдан гөрі сары май қолданған жақсы.

Енді 2 үлкен немесе 3-4 кішкентай жұмыртқаны бір ыдыста ааластырыңыз. Бір стаканнан сәл аздау сүтті отқа қойып, ішіне 4 ас қасық қант қойып ерітіңіз. Сәл ғана суытып, осы сүтті қоспаны жұмыртқаларға қосыңыз. Сүт әлі ыстық болғандықтан, жұмыртқаларды үнемі араластырып тұруды ұмытпаңыз. (Пудинг құрамының біркелкі болуы үшін, сүзгіштен өткізу керек деңілген тұпнұсқада. Мене сүзгіш жоқ, өткізбей жасап едім аса қатты ерекшелік байқамадым). Сүтті жұмыртқа қоспаны формаларға құйып шығыңыз.

Формаларыңыз сиятын үлкендеу бір ыдыста су қайнатыңыз. Астын басып қойыңыз да, ыдыстың түбіне майлық төсеп қойыңыз. Сол майлықтың үстіне үсті фольгамен жабылған формаларды қойып, суды қайнатпай (!) 20 минуттай пісіріңіз. Мен фольганы сәл ашып көріп, қарап – пудингтің үсті қатайғанға дейін пісірдім. Піскен пудингті тоңазытқышқа қойып сақтаңыз. Дастарханға қояр алдында ғана тарелкаларға теріс аударып сервис жасаңыз. Бұл пудинг маған ұнағандай сіздерге де ұнайтынына сенімдімін.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Десерт. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s