Тәуелсіздік күніміз құтты болсын! 2012 жыл бітуге таяп қалды, блогымды әлі реттей алмай жүрмін. Бір күні отырып, барлық жазуларды реттеу керек еді. Бірақ шынымды айтсам, ескі жазуларды қайта оқуға батылым бармай жүр. Мектепте оқып жүргенімізде бір мейрам күні сахналық көрсетілімдерді қойып, видеоға түсірген едік. Әдеттегідей, мен бірақ қателер жасап ұятқа қалған кезім еді. Содан қанша жыл өтсе де, әлгі видеоны қайта қарай алмай жүрмін. Қазір блогымның ескі жазуларына қарауға батылым бармай, тура сондай күй кешудемін ))
Тқмендегі дәмді печеньелерді Алима жасап дәм татқызды. Өте дәмді. Джейми Оливер тәсілімен жасаған екен – маған қатты ұнады. Мүмкіндік болса, өзім де жасап көргім келеді. Әзірге рецептпен бөлісейін:
- 200 гр жұмсартылған сары май
- 120 гр шие
- 50 гр сүтті шоколад
- 50 гр қара шоколад
- 1 стакан қант
- 1 ш.қ. корица
- 2 жұмыртқа
- 350 гр ұн
- 2 ш.қ. разрыхлитель
Қант пен корицаны маймен араластырыңыз. Бір бірден жұмыртқаларды қосып бәрін жақсылап араластырған соң, разрыхлитель мен ұнды қосыңыз. Ең соныңда туралған шоколад пен шие қосыңыз. Алима шие орнына хурма қосқан екен, өте дәмді болып шықты. Иленген қамырды жарты немесе бір сағатқа тоңаытқышқа қойыңыз. Қолмен қамырдан печенье жасап, майлы қағаз төселген ыдысқа тізіңіз. Арасы алшақтау болса жақсы. 170C ыстық духовкада 16 минуттай, үсті қызарғанға дейін пісіру керек.