картопты котлет

Білмеймін мен ғана ма, әйелдердің бәрі сондай ма – үйдегі азық-түліктердің мерзімі бітуге жақын қалғанда азарт пайда болып, жазылу/жасалынуы керек ондаған істерді шетке ырысыр қойып, екінші тыныс ашылғандай асүйде бір нәрселерді пісіріп отырасың )) Challenge сияқты болады ғой деймін.. Қысқасы, төмендегі котлеттер осындай «екінші тыныстың» туындысы ) Жалғыз басыма көптеу пісіріп қойыппын (осындайда бас дегустатор інімді сағынамын гыгыгы), енді осы котлеттер желінбей қалып, қайта өндеуді қажет етпесе болғаны ))

котлет картопты

  • шпинат
  • 200-300 гр картоп пюресі
  • 2 жұмыртқа
  • 3 ас қасық ұн
  • сұйық май
  • тұз бен бұрыш

Картоптары аршып немесе аршымай пісіріп алып, пюреге езіңіз. Жұмыртқа мен тұз бен бұрыш қосып араластырыңыз. Шпинатты ыстық суда бір-екі минуттай ұстап (солып көлемі азаюі үшін), артық суды төгіп алып, тураңыз да пюреге қосыңыз. Енді қолмен котлеттерді жасап, ұнға аунатып, майға қуырыңыз. Өте қарапайым болды. Негізі үйде басқа заттар болса оларды қосуға болады. Мысалға майдалап туралған зәйтун қосылса күшті болар еді.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to картопты котлет

  1. Ainameken айтады:

    Қызық болды, пюрені артық жасап қойыптым өткенде. Сосын қайтсем екен деп ойланып, «аспаздыққа» келмеймін бе! Дәл сол күні осы рецепт тұр екен! Қуанып кетіп, бірден жасадық. Дәмін татқан африкандық ұнатыпты ))). Рахмет! //Эляның тамақты ысырап жасатпайтын тәсілдері де керемет екенін осы жерде айта кетейінші )))//

  2. AlashBoY айтады:

    ооо енді аш қалмайтын болдым.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s