қытай десерті: карамельді алма

Бүгін HSBC интернет банкинг арқылы ешқандай қосымша комиссиясыз үй телефоны үшін төлеуге, Актив/Кселл абоненттерінің балансын толтыруға болатынын естіп үйреніп алдым. Тіпті төлеп те көрдім – жақынымның соткасына 2000 теңге жіберіп.. Әттең дегенде оның нөмерін дұрыс жазбаппын =( Кселл қызметіне хабарласып едім, э-пошта арқылы дұрыс нөмерді көрсетіп + жеке куәлік көшірмесімен бірге өтініш жазып жіберуімді сұрады. Жібердім. Көп кешіктірмей ақшаны дұрыс нөмерге аударып берді. Үйден шықпай баланс толтыруға, қате жасап оны жөндеуге не бары 15 минутым кетті. Деймін да, дамыған елдерде барлық нәрсені интернет арқылы төлейтіндерін/шешетіндерін естіп таң қалушы едік, бүгін өркениеттің осындай жақсылығы бізге де жеткеніне көзім жетіп қуанып қалдым! ^_^

 

Бүгінгі күнімнің жаңалықтары қатарына тағы карамельді алмаларды қосуға болады. Мұндай алмалар қытайдың дәстүрлі десерті болып саналады. Алғаш рет Ядыкардың туған күнінде жеп көріп, ұнатқан болатынмын. Кейін де (бірден көп жей алмасам да) десерт ретінде көңілімнен шығып жүрді. Қысқасы, тәуекел деп бүгін карамельді алмаларды өзім де жасап көрдім.  Карамельдің тез қататыны болмаса, жаман шықпаған секілді ^^

  • 3 ас қасық ұн
  • 1 жұмыртқа
  • 2 ас қасық мұздай су
  • 2 алма (үлкен емес)
  • 2 ас қасық кунжут майы
  • кунжут пістесі
  • 3 ас қасық қант
  • қуыру үшін сұйық май

Ұн + жұмыртқа + мұздай су араластырыңыз. Алмаларды аршып, ортасын алып тастаңыз да, орта үлкендіктегі тілімдерге тураңыз. Алмаларға аздап ұн сеуіп,  жұмыртқа қоспасына қосып араластырыңыз. Қоспа алма тілімдерінің барлығына жағылуы керек. Енді сұйық майды жақсылап қыздырыңыз да, алмаларды қуырып алыңыз. Қуырылған алмаларды қағаз майлық үстіне түсіріңіз. Бөлек табаға кунжут майына қант ерітіңіз. Қант толығымен еріген кезде, майға кунжут пістесін, біраздан сон алма тілімдерін қосып араластырыңыз. Бұл десертті ыстықтай жеген жақсы. Қытайлар карамельдің тіске жабыспауы үшін, ыстық алма тілімді алдыменен суға батырып жейді. Ас болсын!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Десерт. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

5 Responses to қытай десерті: карамельді алма

  1. Moti айтады:

    мен бір қонақта болғанда карамельді ананас акеліп еді, бірақ жасалу жолын сураудың реті келмеген болатын, алма орнына ананас болса болатын шығар да?

    • elvira айтады:

      иә, Моти, болады. тіпті бананмен де жасауға болады! Айтпақшы, қуырылған банан үнді десерті болып есептеледі.

  2. Кәусар айтады:

    Эльвира, рахмет сізге. Рецептіңізбен жасап көрдім, тәтті болды. Бірақ карамелім күйіңкіреп кеткен. :) Қант еримін дегенше, күнжіт майы күйіп кетті. Қантты еріткенде отты жәй қою керек пе, әлде қатты шығарып қоя ма? Тез еріту үшін не істеу керек?

    • elvira айтады:

      жай отта еріткен жақсы. ыстық майға тез еруі керек. үнемі араластырып тұру керек әйтпесе жабысып / күйіп қалады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s