кокос талшығынан печенье

Қандай да болсын печенье жасауда мен байқаған негізгі мәселелер: қолданатын заттардың барлығы бөлме температурасында болуы тиіс, қант орнына қант пудрасын қолданған жақсы (печенье жұмсақ болып піседі), мүмкіндігінше сары май қолдану керек, печеньенің қытырлақтығы үшін – аздап крахмал қосып қойған жақсы, разрыхлительді жұмыртқаның сарысымен алдын ала араластырып қойсаңыз печенье жақсы көтеріледі, духовкаға печеньелерді 5-10 минуттік үзілістен кейін қойғанда печеньелердің іші жақсы піскен болады.

– 200 гр сары май
– 2 жұмыртқа
– 1,5 ш.қ разрыхлитель
– 5 ас қасық қант пудрасы
– ұн (3,5 стакандай)
– 200 гр кокос талшығы
– 2 ас қасық крахмал

Жұмсартылған маргаринға қант пудрасы мен бір жұмыртқа және крахмалмен араластырыңыз. Екінші жұмыртқаның ағын бөліп қойып, сарысын разрыхлительмен араластырыңыз. Разрыхлитель қоспасын маргаринға қосыңыз. Кокос талшығы мен ұнды қосыңыз. 5 минуттай илеңіз. Енді аз-аздан алып, қалаған формада печенье жасаңыз. Үстіне жұмыртқаның сарысын жағыңыз. Қаласаңыз үстіне кокос талшығын сеуіп қойыңыз (менде кокос талшығы бітіп қалған болатын) – әдемі болады. 180 С ыстық духовкада үсті аздап қана қызарғанға дейін пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Печенье. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to кокос талшығынан печенье

  1. Aysha айтады:

    unin biraz kopteu saldim au deim, ote togilmeli bolip 6ikti. alde solai bolu kerek pe? ;) bizge unadi. sizdin usingan barlik tagamdariniz da :) raqmet. altin koldariniz dert kormesin (turk serialdarda osilai audaradi aiteuir) :)

  2. Эльвира айтады:

    иә, құрамы төгілмелі (ор. рассыпчатый) болуы керек. бірақ қатты емес. Ас болсын!!

  3. Ainameken айтады:

    Алдыңғы күні осыны жасадық, өте ұнады!!! )))
    Крахмал болмаған жағдайда орнын немен алмастыруға болады?
    Және екі ас қасық крахмал көп емес пе?
    Сосын тағы, мен көбіне көз мөлшермен жасаймын, 200 грамм сары май үлкен қасықпен қанша болуы мүмкін (деп сұрақты көбейте берсем, ұят, иә? ))) )

    • elvira айтады:

      крахмал печеньеге сол рассыпчатость береді. 2 ас қасық көп емес. сары майдың бір упаковкасы сол 200гр ғой. Америкада кг-дап сатады ғой деймін майды. Көз мөлшерімен біздің упаковканы елестетіп ал. ас болсын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s