татарша шәк-шәктың қазақша нұсқасы

Соңғы жылдардың санақ мәліметтері бойынша Қазақстанда татарлардың әдеуір тобы (229 мыңға жуық адам) тұрады. Сонау 19 ғасырдың басынан көшіп келген татарлар қазақ ас үйіне ықпал епеуі мүмкін еместі. Бәліштің небір түрлері мен тәтті тоқаштары қазақтың асқазанына сай түрленіп көп ұзамай қазақ ұлттық тағамдар қатарына қосылып та үлгерді. Шәк-шәк солардың ішінде ең танымалы. Бұрындары (совет кездері) дүкендерден көптеген нәрсе табылмай жүргенде, шәк-шәк қолмен жасылынып той-томалақтардың негізгі десерті болатын.

Жеңгемнің шәк-шәк рецепті дәстүрлі бал-мейіз қосылған шәк-шәктан ерекше. Соны жасап бөліскім келіп тұр. Барлық тәттіқұмарларға арналады!

шәк-шәк үшін керек заттар өте қарапайым – 1 банка тәтті сүт, 3 жұмыртқа, 1 шәй қасықтан сода мен тұз, ұн және қуыру үшін сұйық май.

Үш жұмыртқаны жарып, тұз бен сода қосып қасықпен араластырыңыз.

Толтырып 12-13 ас қасық ұн қосыңыз. Әр қасықтан кейін араластырып тұрыңыз.

Қолға жабыспайтын қамыр илеңіз. Қамырдың үстін жауып 3-4 минутқа қойып қойыңыз. Көрсетілген уақыттан асырмаған жақсы. Қамыр тек жұмыртқаға иленгеннен тез бұзылады.

Аздап ұн сеуіп қойып, қамырды алдыменен қолмен жұқалаңыз.

Мүмкіндігінше жұқа қамыр жайыңыз. Қамырдың астынан көтергенде қол ізі аның көрінетіндей жұқа болу керек.

Енді қамырды оқтауға орап, оқтаудың қақ ортасынан пышақпен кесіңіз (суреттегідей). Осылайша бірдей жуандықта ұзыншалар шығуы керек.

Қамырдың астына тақтайшаны қойып жіберіп, көлдененнен тураңыз. Нәтижеде бірдей үлкендікте төртбұрыштар шығу керек.

Табада май қыздырыңыз. Енді жаңағы төртбұрыштарымызды бауырсақ ұқсап жиі асты-үстіне ауыстырып майға қуырыңыз. Май жақсы қызған болса қамыр тез қызарып піседі. Бөлек ыдысқа уақытылы түсіріп тұрмасаңыз – күйіп кетуі мүмкін.

Тәтті сүтті қайнаған ыстық су ішінде 4-5 минуттай жылытып, әлі де жылы шәк-шәкқа құйып араластырыңыз. Осындай шәк-шәкті салқын жерге қойып қатырудың қажеті жоқ, суыған кезде сервис жасай беруіңізге болады. Қалауыңыз бойынша дайын шәк-шәктің үстіне шоколад қиыршықтарын сеуіп қойсаңыз болады. Ас болсын!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Десерт, Мастер-класс. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to татарша шәк-шәктың қазақша нұсқасы

  1. Botakan айтады:

    bugin dosima arnap sizdin receptniz boyinizsha shak shak jasadim. mmm keremet boldi, tek hamirdi jaiganda biraz hinaldim :) Bloginiz keremet, komegi koop tyedi sizge sattilik tileymin :)!

  2. bob айтады:

    өте керемет ммммммммм көп рахмет»»»

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s