Monthly Archives: Қыркүйек 2009

фаршталған кәділер

Фаршталған кәділердің басқа атауы да «карниярык» (түрк.) Жасалынуы машақатты көрінгенімен, тағамды 20-ақ минутта (+40 минут духовкада) жасауға болады. – 4 кәді – 500 гр майсыз фарш – 1 үлкен пияз – қалауыңызша: сәбіз, болгар бұрышы – 2 үлкен қызанақ – … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | Пікір қалдыру

түрлі көкөніс қосылған тауық

Осы рецептті сонау 2005 жылы Гаухардың жолдасы (ол кезде бойдақ) Ғалымжан бір форумға жазған болатын. Содан тез әрі оңай жасалынатынын көріп, өзім де жасап көруге асыққаным есімде. Бірақ үйден тауық таппай, тауық орнына ет қосып, тағы басқа заттармен түрлендіріп былай … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | Пікір қалдыру

Жұлдыздың торты

Жұлдыздың қызды болғанын естіп қуанғанымызға тура 11 ай болған екен. Күн сайын «қашан шақырасын» деп құлағының етін жеп бітірген бізге, Нұрила сұлумыздың тұсауын кестірейін деп басымызды қосқан Жүкеге үлкен рахмет :). Нұриланың анасы, маш., керемет дастархан жайып қарсы алды. Бәрін … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Торттар | 8 пікір

алхоры қосылған бәліш

Күн өткен сайын үйдегі алхолылардың «сөніп» бара жатқан түрі «бүгін бірдеңе жасамасан, рызығың болудан шығамыз» секілді месседжтер тастап тұрды. Сондықтан жиенім Айша қонақ болып келгенде, басқасы емес төмендегідей бәліш жасалынды. Ұнады. Айтпақшы, бәліштің қамыры қант пудрасы арқасында жұп-жұмсақ (қаймақ қосқандағыдай) … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер | Пікір қалдыру

айттың үшінші күні

Көзді ашып жұмғанша міне айттың соңғы күні де келіп қалды. Уақыттың тез зымырайтыны-ай, тоқтатарға еш шара жоқ. Айттың соңғы екі күні аптаның жұмыс күндеріне келсе де, бұл айт жақсы кездесулер мен есте қаларлық қызықты басқосулармен есімде қалмақ. Әр күніміз айт … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

балалық шақтың кәмпиттері

Айттарыңыз қабыл болсын, достар! Асыға күтіп қауышқан айт жанұяларымызға, барша адамзатқа бақ-береке әкелсін, амандық пен татулықта жылдан-жылға, айттан айтқа жете берейік! Мектеп кезімізде ораза айтты ерекше, балаша күтетінбіз. Әрине әлі де асыға күтеміз, бірақ ол кездері бәрі басқаша болатын. Ол … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Десерт | 3 пікір

«Тәп-тәтті» наубайханасы!

Астаналықтар мен әсем Астанамыздың қонақтары! «Тәп-тәтті» наубайхана жайлы естіп пе едіңдер? Астананың «Евразия» жағында, Петрова-25 адресінде орналасқан керемет наубайхана/шәйхана! (наубайхана = пекарня). Ып-ыстық нан, жұп-жұмсақ бөлішке мен түрлі печенье мен бәліштер.. ең бастысы Астананың көп жерінен табыла бермейтін халал тағам … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: *** | 4 пікір

аскөк қосылған печенье

Егер үйдегілеріңіз печеньенің тек «тәттісін» білетін болса, онда төмендегі печеньелерді міндетті түрде жасап көруіңіз керек. Стереотипті бұзып дегендей :) Мен солай істедім..енді печенье жасаған сайын папам дәмін көрмес бұрын – «тұзды ма / тәтті ма?» деп сұрайтын болды ;)) Өзіме … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Печенье | Пікір қалдыру

көкөністі күріш

Ризоттоның алыс туысқаны; көкөністі болғаны туыстығын көрсетсе, көкөністердің буға емес майға пісірілгені алыстығының белгісі. Алматының Сити Центрдағы ризоттосына (сол атпен сатылатын көкөністі күрішке) ұқсатып жасадым. Жүгері жоқтығын санамағанда – сол жақтағы «ризоттоның» дәл өзі! Бірақ ол өтірік ризотто. – 1 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар | Пікір қалдыру

сәбіз бен жаңғақ қосылған кекс

Рецептті Айгүл Ү. (Айдостан) алған болатынмын. Кексттің ішіндегі сәбіз екеніне адамдардың сенбейтініне дайын болыңыз :) Жеп-жеңіл. Жаңғақпен жақсы үйлесімде. Тағы бірнеше рет жасауға тұрарлық! – жарты стакан қант – жарты стакан қант пудрасы – 3 жұмыртқа – 100 гр сары … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: кекстер | 1 пікір

2009дың алғаш әрі соңғысы

Кеше Рамазан-2009дың алғаш ауызашарымды берген болдым! Алғаш әрі соңғы шығар, өйткені (Рамазан берекеті) – биыл тоңазытқышымызға асулы тұрған ауызашар кестесінде бос күн табу басында ойлағанымдай оңай емес екен. Сондықтан бергелі тұрған ауызашарға ерекше көңілмен дайындалдым. Жұма күні жұмыстан келіп кеш … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

көкөністі макарондар

Тез әрі оңай жасалынатын тағы бір тамақтың түрі – көкөністі макарондар! «пользуясь случаем» бұрындары жасалынған ірімшік қосылған макарондар, асқабақ қосылған макарондар, дәмді макарон пісірмесі мен флотша макарондарды естеріңізге салуға рұқсат етіңіз ;) Астарыңыз дәмді болсын! – 1 пакет Сұлтан макарондары– … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

қияр мен жүгері қосылған пицца

Соңғы кездері үйде үнемі қызанақ, сосис пен ірімшік болдыруға тырысамын. өйткені осы үш нәрсе тоңазытқышыңызда болса, 5-10 минут ішінде ақ қытырлақ дәмді пицца жасап тастауға болады. Әсіресе басқа ешбір тамақ жасауға күшіңіз қалмаған кезде.. Бұл жолғы пиццаға тұздалған қияр, сосис, … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

жеңіл чизкейк

Әуелі төмендегі чизкейктің рецептін жіберген шұғылтамақтың авторына үлкен алғысымды білдіремін! Рецепт жеңіл, ал чизкейктің дәмі болса – бір сөзбен айтқанда – керемет! «өлгенский» болды! :) Рецептте дайын чизкейктің үстін қалауыңыз бойынша шоколад немесе жемістермен сәндеуге болады денілген. Бірақ маған еш … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Торттар | 1 пікір

арша маффиндері

Біздің үйде компот ішіліп, ішіндегі жемістер болса көбіне қалып қалады. Мен сияқты әр нәрсені кәдеге жаратудың параноиктары кәстролдің түбінде қалған жемістерді тастай салуға қимайды. Сол піскен жемістерді утилизациялаудың бір әдісін ұсынып тұрмын. Маффиндер өӨөте сәтті шықты деп астын сызып қояйын. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру