қантсыз маффиндер

Егер 2-3 күндей жеңілмей тұрып қалған банандар көзге батып тұрса, оларды кәдіге жарап бір торт жасай салайын дегеніңізде ас үйіңізде қант табылмай қалса.. төмендегі маффиндер сіз үшін! Бал негізінде жасалынған бұл маффиндердің һош иісін айтып жеткізу мүмкін емес! Құрамындағы банан арқасында кексттер жұп-жұмсақ болып піседі..

– 1 кесе бал (4 ас қасықтай)
– 100 гр сары май
– 2 банан
– 2 жұмыртқа
– 1 үлкен сәбіз
– 2 стакан ұн
– жарты ш.қ. сода
– 2 ш.қ разрыхлитель
– корица
– шоколад түйіршіктері
– қант пудрасы

Бал мен сары майды жәй отта ерітіңіз. Бөлек ыдыста жұмыртқаларды араластырып, май/бал қоспасына қосыңыз. Бананды шаңышқымен езіп, жұмыртқаларға қосыңыз. Сәбізді үккіштен өткізіп қосыңыз. Енді бөлек ыдыста ұн+разрыхлитель+корица+сода араластырып, аз аздан қосып қасықпен жәйлап араластырыңыз да, маффин формасына қойып, үстіне шоколад түйіршіктерінен қойыңыз. 200С духовкада 20-25 минуттай пісіріңіз. Ыстық маффиндердің үстіне қант пудрасын себіңіз.

*** Бірақ – БОЛДЫ- жетеді! (ор.Всё! Хватит!) Кекс, маффин, торт пен басқа да ұн тағамдарға үзіліс жариялаймын! Енді денсаулыққа пайдалы заттарды пісіруге тырысамын. шын-шын! Ертеңге меню – геркулес ботқасы!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: маффиндер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to қантсыз маффиндер

  1. Aysha айтады:

    Elvira, keks ushin kagazdardi kaydan alasiz?

  2. Эльвира айтады:

    сәлем! кекс қағаздарын Розыбакиевадағы базардан алғанмын. 1000 данасы – 800 ткңге шамасында. (одан аз сатылмайтыны жаман). Базардың қатарлары бітеберісінде «ТОРТТАР ҮШІН» деп үлкен әріптермен жазылып тұрады – сол жерден. таппасан, хабарлас, картасын сызып жіберейін. ол жерден тағы түрлі формаларды, қант пудрасы мен разрыхлительді, т.с.с. көптеген зат табуға болады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s