Муравейник торті

Мамамның екі туған күні бар: шын туған күні мен паспорттағы туған күн. Паспорттағы туған күнін әдетте тойламасақ та, биыл мамама осы күні (15 қаңтар) арнайы бір торт жасағым келді. Өйткені, аналарымызды күн сайын қуанту керегін білсек дағы, көбіне осы борышымызды толық, жеткілікті мөлшерде орындай алмай келеміз. Туған күндер ол жағынан жақсы себеп. Мамама мәңгілік борыштымын!

Борыш демекші.. бүгін, қажылық борышын орындап, Меккеден келген танысымызбен кездесіп, әңгімесін тыңдап тамсанып қайттық! Қандай ғажап десеңші! Шіркін.. ол қасиетті жерлерде жүріп, нұрға толы аманаттарды көру біздерге де нәсіп болсын бір күні!

– 200 гр сары май
– 2 стакан ұн
– 100 гр қаймақ

крем үшін:
– 1 стакан сгущенка (тәтті сүт)
– 50 гр май

Май, ұн мен қаймақ қосып қатты қамыр илеңіз. 1 сағатқа тоңазатқышқа қойып қойыңыз. Ашылмаған сгущенканы банкасымен қайнап тұрған суға қойып кем дегенде 1-2 сағат қайнатыңыз. Қоюланып қайнаған сгущенканы сары маймен араластырыңыз. Қамырды етүккіштен өткізіп сарғайғанға дейін духовкада пісіріңіз. Піскен қамырды майдалап, креммен араластырыңыз. Суытыңыз. Үстіне үккіштен өткізілген шоколад ұнтағынан себіңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Торттар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

1 Response to Муравейник торті

  1. Кәусар айтады:

    Керемет

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s