Monthly Archives: Ақпан 2008

Балық бутербродтары

Юху, қыстың соңғы күніне де жеттік-ау! шүкір деп, Мадина жасаған асамды іліп тұрмын. Жасалынуы суретте анық көрініп тұрған болар. «Пользуясь случаем»: Мадинаны адвокаттық лицензия алуымен шын жүректен құттықтаймын!

Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары | Пікір қалдыру

Кисель қосылған маффин

– 7 ас қасық ұн– 1 пакет құрғақ кисель– 1 разрыхлитель– 5 ас қасық айран– 3 жұмыртқа– 100-120 гр сары май Кисельді блендер ішінде ұнтақтаңыз. Жұмыртқа мен майды кезек кезегімен араластырыңыз. Қалған заттарды қосыңыз. Жақсылап миксерлеңіз. Маффин ыдысына қойып пісіріңіз. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Лобия мен етті спагетти

«Фасоль»дің қазақшасы «лобия» екенің біліп пе едіңдер? – 1 стакан лобия – 400 гр сүйекті ет– 1 пакет спагетти– тұз– қара бұрыш– 2 ас қасық томат– 2 пияз Лобияны жуып, бір рет қайнатып алыңыз да, судың ішінде 5-6 сағат жібітіңіз. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

Етті құймақ

Қазір түнгі сағат 2.. үйге жарты сағат бұрын келдім. Қайдан ба? МАГНУМ магазинінен! негізі, бұрындары да айтқанымдай, шопкер (күшті қазақшаладым, иә?) емеспін, магазин/базар аралағанды оңша ұната бермеймін… бірақ ас үй немесе жалпы үйдің заттарына арналған магазинде сағаттап жүре аламын. Ешнәрсе … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | Пікір қалдыру

Тефтель емес, котлет!

Кеше кешкі асқа алтын уақытымның 2 сағатын жұмсап, төмендегі котлеттерді жасаған болатынмын. Үйдегілердің ұнатып жегеніне қарап, іждағатым (ор. усердие) зая болмағанына қауанғаным сол еді, «рахмет, тефтельдер дәмді болды» дегендері мені «өлтірді»! ;)) Негізі тефтельдерден төмендегідей котлеттердің 3 айырмашылығы бар: (1) … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | Пікір қалдыру

Пиязды балық

Рецептті интернеттен алдым. Қай сайт екенің ұмыттым, бірақ интернеттің айтарлықтай барлық сайттары бірдей рецепт беріп тұр екен – сол есімде, яғни, іздер болсаңыз тез-ақ тауып аласыз :) – 800 гр пияз– 900 гр сазан балығы– қызыл бұрыш– тұз– сарымсақ Балықты … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары | Пікір қалдыру

Фарш қосылған қатпарлы борек

О, мына борек бір сұмдық енді. Алкенза жасап тұрған кездің өзінде шыдамымыз тауысып қандай болып шығады екен деп сабырсыздана күттік. Жасалынуы машақатты болып көрінгенімен, Алкензаның айтуы бойынша, бір-екі жасасаң қолың үйреніп, 20(!!!) минутта жасай алады екенсің! Ал, іске сәт! – … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары, Тұзды бәліштер | Пікір қалдыру

Алкензаның картоп кекстері

Бұл мини-кекстердің рецепті Аспаздықта бар болғанымен, маффин формасында жасау өзіме жақсы жаңалық болды. Өте ыңғайлы. Бүгін әріптестеріме де жасап апардым, оларға да ұнады. Алкенза көп жаса! Алкензаның рецепті бойынша: – 3 картоп– 1 пияз– 1 разрыхлитель– 1,5 стакан ұн– 1 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары, кекстер | 4 пікір

Бұршақ көже

Бұл көжені Нұрай апайдың жасымық сорпасына ұқсатып жасадым. Менің көжем қоюлау болды [блендерда көп айналдырғанымнан болса керек], бірақ мен осы түрін де ұнаттым. *суретте ыстық көженің буы да түсіріліп қалғаны қатты ұнады. – 2 стакан майдаланған бұршақ– 1 сәбіз– 1 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сорпалар | Пікір қалдыру

Айнагүлдің ватрушкалары

Бірінші мастер-класста Айнагүлдің жасаған ватрушкалары. Сұмдық әдемі көрінеді. рецепт мына жақта.

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

мастер-класс

Бүгін көптен пландағанымызды жасадық – биресми Аспаздар мектебіне «старт» бердік. Бұйырса, әр сабақта аспаздық шеберлерінің мастер-классіна қатысып, олардың тамақ жасау методикасымен танысамыз. Бүгін Алкенза досымның мастер-классында болдық. Жабылып жүріп жоғарыдағыларды жасадық (біз көбіне барып-кел-шауып-кел болып, негізгі жұмысты Алкензаның өзіне қалдырған … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

Сүзбелі кәрзеңке

– 500 гр дайын қамыр– 300 гр сүзбе– 1 жұмыртқа– 2 қасық қант Маффин ыдысын майлаңыз. Дайын қамырды бір бағытта жайып, ыдысқа тура келетіндей етіп (кәрзеңке формасында болатындай) етіп шеңберлер кесіңіз (мен кесені теріс төңкеріп сонымен кестім). Сүзбені жұмыртқа мен … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер | Пікір қалдыру

Сэндвич

Сэндвичті неге орысша жаздың! қазақшасы былай-былай ғой деп жөндемендерші плиз! Қазақшаны бұрмалама деп те кінә тақпаңыз! Өтінемін.. Бірақ.. Сэндвичті де сайтқа жазады ме екен! – деп ойлап қалсаңыз, ойыңызды ашық айта беріңіз. Оған жауабым дайын :) – сэндвичті үй ішімізбен … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 2 пікір

Жасалынуы пісуінен тез алма бәліші

Бұл бәліштің жасалынуы пісуінен тез. Сондақтан жұмыртқа, қант және басқа заттарды 5 минут ішінде даярлап, духовкаға қойып басқа істеріңізді бітіре берсеңіз болады. Бәліш тұрақты қадағалауды керек етпейді. – 4 жұмыртқа– жарты стакан қант– 200 гр жібітілген сары май – 2 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер | Пікір қалдыру

Ірімшікті рафаэлло

Бұл рафаэлло таңғы асқа жақсы болумен қатар, party дастарханына жеке тағам ретінде де ұсынылса болады. – 4 піскен жүмытқа– 100 гр ірімшік– аршылған жаңғақ– 2 қасық майонез– 1 түйір сарымсақ Сарымсақты езіп, майонезбен араластырыңыз. Жұмыртқ сарысын және үккіштен өткізілген ірімшікті … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 1 пікір