саумалдық қосылған түрікше бәліштер

Алиманың бізге жасап берген түрікше бәліштерімен бөлісейін бүгін. Негізі басында жасалу тәсілін видеоға түсіреміз ба деп едік, қырқ-қырқ күлкімен жетістіре алмадық онысын. Соткадағы видеоны да жақсылап түсініп алайын алдыменен деп видео-рецепттерді кейінге қалдырық. Again =)

Бәліш түрік ас үйіне тиесілі. Алматыда болғанымызда оны жасау үшін Рамсторға барып түрік юфкасын алар едік. Мына жақта юфка орнына қытайлық қамырды қолдандық. Юфка сияқты жұп-жұқа екен, қателеспесем күріш ұнынан жасалады-ау деймін, өйткені юфкаға қарағанда жақсы созылады екен. Негізінде юфкаға ұқсас мына жақта fillo pastry деген қамыр да сатылады, алып көрмедім онысын әлі. Бір күні алып онымен баклава жасап көргім келеді.. Ал, әзірге:

20130217_153122

  • юфка қамыры
  • саумалдық (жас немесе тоңдырылған)
  • 2 жұмыртқа
  • 2 пияз
  • дәмдеуіштер мен тұз
  • 200 гр брынза (біз cottage cheese қолдандық)
  • 2 ас қасық шамасында сұйық май
  • 2 ас қасықтай майлылығы көп айран
  • 2 ас қасықтай сүт
  • кунжут

step by step borek

  1. Пиязды аршып, төртбұрыштап тураңыз.
  2. Саумалдықты да қатты майда қылмай турау керек.
  3. Табаға 2 ас қасықтай сұйық май құйып, алдыменен пиязды қуырып алыңыз. Пияздардың түсі өзгерген кезде, саумалдықты қосып, саумалдықтың көлемі азайғанға дейін пісіру керек.
  4. Брынза ірімшігін қосыңыз. Тұздап, қалауыңызша түрлі дәмдеуіштерді қосыңыз. Тағы 3-4 минут үнемі араластырып тұрып пісірген соң, табаның астын өшіріп, суытыңыз.
  5. Бөлек ыдыста жұмыртқаларды араластырыңыз.
  6. Айран қосыңыз. Айранның майлылығы көп болса жақсы, немесе біздің қаймақты қоссаңыз болады.
  7. Көз мөлшерімен сүт қосыңыз. Екі ас қасық шамасында болуы керек.
  8. Сұйық май. Бәрін жақсылап араластырыңыз.
  9. Егер юфка қолданатын болсаңыздар, оның көлемі біз қолданғанымыздан үлкендеу, сондықтан оны 8-ге бөліп жасау керек. Қамырдың үстіне сүтті қоспаны жағып шығыңыз.
  10. Енді қамырдың бір шетіне саумалдық қоспадан қойып, орау керек. Не қатты тығыз, не де қатты бос болмауы керек.
  11. Оралған қамырдың үстіне сүтті қоспадан жағып, енді екі шетін бір біріне қарай орап гүл формасын келтіріңіз.
  12. Әрбір бәліштің үстіне тағы да сүтті қоспадан жағып, кунжут сеуіп қойыңыз да, үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Мастер-класс, Тұзды бәліштер және кілтсөздері: , , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

1 Response to саумалдық қосылған түрікше бәліштер

  1. damdi айтады:

    kushti eken, mende oilap jurgen edim, osy dayin kamyrdy alyp korudi.
    fillo pastry unamaydy ozime, ote mayly.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s