юфка қамырынан бәліш

Түріктер өте жұқа жайылып дайындалған лавашты «юфка» дейді. Осындай юфкадан қытырлақ дәмді бәліштер мен тәттілер жасалынады. Төмендегі бәліштің тұпнұсқасы  «бөрек»тің рецептін бұрын аспаздық беттеріне енгізген едім, бүгін сол бәліштің рецепттін сәл өзгертіп step-by-step жасалынуымен бөлісейін.

  • 2-3 жапырақ юфка
  • 1 жұмыртқа
  • жарты кесе сүт
  • жарты кесе сұйық май
  • 200 гр шамасында фарш
  • 1 пияз
  • тұз, бұрыш, басқа да дәмдеуіштер
  • тмин

Алдыменен пиязды турап жіберіп, фаршпен бірге майға қуырып алыңыз. Тұздап, қалаған дәмдеуіш қосыңыз. Мен қара мен қызыл бұрыш, аздап кептірілген аскөк және 1 ас қасық томат қосып қуырдым.

Орта кесеге бір жұмыртқаны жарып аздап тұзбен араластырыңыз. Ет те тұздалатын болғандықтан өте аз тұз қосыңыз. Негізінен 2 жапырақ юфка үшін жарты жұмыртқа (сарысы не болмаса ағы) да жетіп қалу керек.

Үстінен жарты кесе сүт пен жарты кесе сұйық май қосыңыз. Енді қоспаны араластырыңыз да, пісіретін ыдысты сонымен майлаңыз. Кесе = шәй кесесі, жарты кесе шамамен 100 гр болады.

Майланған ыдысқа юфканың бір жапырағын төсеңіз. Шеттері ыдыстан шығып тұруы керек. Екінші жапырақты суреттегідей бірінші юфканың үстіне ірілеп қолмен үзіп қойыңыз. Бәліштің асты қалыңрақ болсын мақсатымен солай жасаймын.

Енді қуырылған етті қойыңыз. Еттің бәрін қойсаңыз да болады, әр юфканың үстіне аз-аздан ет салып тұрсаңыз да болады. Тіпті бір юфканың үстіне аздап піскен картоп салып, екіншінің үстіне ет қойсаңыз болады.

Ыдыстың шеттеріне шығып тұрған қамырды еттің үстіне орап жабыңыз. Жұмыртқалы қоспаның бәрін  бәліштің үстіне біркелкі етіп төгіңіз. Қалауыңызша үстіне кунжут немесе тмин себіңіз. 200С ыстық духовкада 30-40 минут пісіріңіз.

Бәлішті тұрамас бұрын аздап суытып алған жақсы. Бірақ қатты суытып жібермеңіз. Бұл бәлішті ыстықтай жеген жақсы.  Өйткені ыстық кезде қытырлақ болады. Бәліштің қасына айран жақсы болады.

п.с.: Юфка Алматыдағы Рамстордың дерлік әр бөлімшесінде және Абай даңғылы-Момышұлы көш. жетпей  орналасқан (Магнумның сол жағындағы) «Meat House» ет дүкенінде сатылады. 1 кг юфка (6 жапырақ) = 500 тг.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары, Мастер-класс. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to юфка қамырынан бәліш

  1. gaukhar айтады:

    borektin turlerinin barin jaksi koremin negizi.
    kolym bir bosaganda, osini jasamasam, damdi korinip tur

    • elvira айтады:

      рахмет! юфканы ойлап тапқан түріктерге де рахмет! өткенде нағашыларым юфкаға ұқсас қамыр беріп жіберген еді. қазақтарда да юфкаға ұқсас нандары бар екен. ұқсас, бірақ біздікі лавашқа көбірек саяды.

  2. Aray айтады:

    уйде дайындалганы дамдыы болатын сиякты.. эээх, осыны дайындап, шай ышуге конакка шакырса гой мены достар.. кешыкпей келып, сонынан ыдыс жууга комектесуге алдын ала уаде етем )))))

Leave a reply to gaukhar Жауап беруден бас тарту