Фарш қосылған бөрек

Айша қонаққа шақырып ыстық тамағымен тойдырып болған соң, төмендегі бөрегі есіне түсті. э, бала көтерген оңай деймісіз? =) алайда етті бөрек шәйға келсе де түгін қалдырмай жеп қойдық! тоймай қалғанымыздан да емес, бөректің супер дәмді болғанынан! Айша, хм.. күт, тағы келеміз! =)))

Айша рецептті PortakalAgaci сайтынан алған екен. ол жерде түрікше жазылған. қазақшаға аударуға тырысайын:

– 250-300гр фарш
– 3 пияз
– аскөк
– 2-3 ас қасық зәйтүн майы
– қара бұрыш
– 1 ш.қ. қызыл бұрыш
– 1 ш.қ тұз

– 3 (ыдысыңыз үлкен болс 4-5) юфка
– 2 жұмыртқа
– 1,5-2 стакан сүт
– 30 гр сұйық май

Фаршты суы тартылғанға дейін қуырыңыз. Пияздарды тұрап түсі өзгергенге дейін қосып қуырыңыз. Басқа да заттарды қосып суытыңыз.

Сүтке 1 жұмыртқа және май қосып араластырыңыз. Ыдысыңызды майлап 1 юфканы шеттері сыртқа шығатындай етіп қойыңыз. Екінші юфканы екіге бөліп қатпар-қатпар етіп қойыңыз да үстіне сүт қоспасынан аздап төгіңіз. Фаршты екіге бөліңіз. Жартысын юфканың үстіне қойыңыз. Қалған юфкаларды да тізіп ара арасына сүт қоспасынан төгіп тұрыңыз. Фарш пен юфка тауысылғанға дейін. Ең соңында гығып тұрған юфка шеттерін ішке қарай бүгіп, қалған сүтті төгіңіз. Жұмыртқаны аздап миксерлеп, бөректің үстіне төгіңіз. 200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to Фарш қосылған бөрек

  1. Альмира айтады:

    юфка деген не? юфканы қатпар қатпар етіп қою деген қалай?

    • elvira айтады:

      юфка – жұқалап жайылған қамыр. лаваш сияқты.
      қатпар қатпар дегенім – бір бірінің үстіне кезек кезегімен қою

  2. Альмира айтады:

    рахмет. юфканың рецебін қайдан алсам болады ендеше?

    • elvira айтады:

      юфканы үйде жасау қиындау. Оған арнайы таба керек. Мен дайын юфка аламын. Рамсторда сатылады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s