Димаштың шоколады

Димаш есімді блогшыдан алдым бұл рецептті. Жасалынуы оңай сияқты көрінді. Бірақ ойлағанымдай оңай болмай шықты =) Неге екенін түсінбедім, бірақ менде какао қоспасы түк қоюланбай қойды =( Обал болмас үшін, ішіне сұлы жармасын (ор. овсянка) қосып жібердім. Extreme. Оны шикідей жеудің +/- терін кеше онлайн отырған құрбыларым мен Гуглдан алдын ала сұрастырып алдым – бәрі ОК. Шыққан нәтиже төмендегідей.  Димаш айтқандай дәмі расында да сникерске саяды, әсіресе ішінде басқасы емес, арахис болса. Шоколад форманы неге ұстамағанын, қай жерде қате жасағанымды түсіне алсам, тағы істеп көруге болатын десерт екен.

Текст толығымен Димаштың блогынан алынған. Жақша ішіне ғана өз комментімді жазып қойдым. Егер сіздерде де какао қоспасы қоюланбай қойса, онда сұлы жармасын немесе ұнтақталған печенье немесе кокос талшығын қосып, шоколадты Сникерстен Альбени немесе Баунтиге өзгерте аласыз.

  • 300 грамм құрғақ сүт (менде 500 гр түгелі кетті)
  • 2 ас қасық какао ұнтағы
  • 30 грамм сары май
  • 50 мл қаймақ немесе сүт (3,2% қостым)
  • 400 грамм жаңғақ (мен арахис қостым)
  • 1 стақан қант (+100 гр қант пудрасын қостым)

Алдымен қантты, какаоны және сүтті араластырамыз. Пайда болған қоймалжың дүниені күйіп кетпес үшін араластырып отырып қайнатамыз. Қайнаған соң, оттан түсіріп алып, оған тазаланып, қуырылып дайын тұрған жаңғақ пен сары майды қосамыз. Сосын мұны да араластырамыз. Араластыру барысында құрғақ сүтті біртіндеп қосып отырамыз. Уақыт өте келе, қоймалжың дүниенің қоюланғаны сонша қасық жүрмей қалады. Қайтпайсыз, қолмен араластырасыз. Әжептеуір қою қоспа пайда болуы керек.

Пищевая пленканы (немесе фольганы) жайып, үстіне қалған құрғақ сүтті жаймалайсыз. Сосын әлгі қоспадан қолмен дөңгелетіп домалақ кәмпиттер жасайсыз. Жабыса беретін болса, аздап қолыңызды дымқылдап алыңыз. Жасап болған соң, үстін жаңағыдай пленкамен жауып, бір-екі сағатқа тоңазтқышқа салып қойыңыз.

п.с.: credits go to ҚИСЫҚ блоГ: Сникерстен ала отырыңыздар

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Десерт. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to Димаштың шоколады

  1. qisyq айтады:

    Рахмет, Эльвира.
    Неге қоюланбағанын білмедім. Мен осылай жасайм, әйтеуір бәрі шығад(((

    • elvira айтады:

      рецепт үшін саған рахмет!

      мен құрғақ сүттен күмәндімін. Фрима маркасындағысын қолданған едім. содан ба деп тұрмын. Өйткені 500 гр қосқанымның өзінде қоспа аздап қана қоюланды.

Leave a reply to qisyq Жауап беруден бас тарту