Бұл ең тез әрі оңай жасалынатын алмадан оладьи. Дайын болған кезде оладьиден гөрі алма десертіне ұқсайды. Құрамында ұн аз болғандықтан болар, оладьиде тек алманың жұмсақ дәмі сезіліп тұрады. Құрамында ең көп алма болғанымен, оладьи форманы жақсы ұстайды.
2 алманы аршып, ірі үккіштен өткізіңіз. Бөлек ыдыста 1 жұмыртқа мен 1 (немесе жарты) ас қасық қант араластырыңыз. (тәтті алмалардан жасайтын болсаңыз қант мөлшерін 1 ас қасықтан асырмаңыз.) Осы қоспаға алмаларды қосып, 1 ас қасық ұнмен араластырыңыз. Енді, аз ғана майға қоспадан 1 ас қасықтан қойып, екі бетін қуырып жіберсеңіз болды – оладьи дайын. Ыстық шәйға өте дәмді десерт.
оңай әрі қызық екен. Мен сияқты жалқауларға жасап көруге болады екен.))
өзім де жалқау болғандықтан, блогымдағы көп рецепт «оңай әрі тез» категориясына жатады =) оның үстіне жұмыс істейтін біреу ретінде басқа түрлісін жасау кейде мүмкін емес көрінеді =(
умница!
рахмет, ұялттың ғой =)
бугын точно жасаймын Иншаллах… тока жолдан алма алуды умытып кетпесем.. татты алманы ыздеп журып алмасан бары татты мес ((
қуырып жатқан кезде, абайлап аудар – тез сынып қалатындай болып тұрады, бірақ шаңышқы емес, «лопатка»мен аударсаң, сынбайды. Аты оладьи болғанымен, десерттің бір түрі ғой. Қасықпен жеңілетін. іске сәт + ас болсын!
Қазір жасап көрейін.
кейін қалай шыққанын жазуды ұмытпаңыз
оте керемет екен
мен истеп жатырмын ол сондай жумсак бола ма
иә, жұмсақ болып піседі
иши шики сиякты ма ози