бризоль

Бірнеше жыл бұрын Оспанованың үйіне қыдырып барғанымызда мамасы көөөөп бризоль жасаған еді. Сол кезде қалай ғана орады осыншаманың бәрін деп таңқалғаным есімде. Бризоль – жасалынуы қиын емес, сәнді әрі тойымды тамақтың түрі.

  • фарш
  • жұмыртқалар
  • майонез
  • тұз
  • бұрыш
  • аскөк

Кісі санына қарай жұмыртқа қолданыңыз. Жұмыртқаны аздап тұз бен аскөк қосып араластырыңыз да, майға қуырып алыңыз. Бір жұмыртқа қуырылып тұрғанда екіншісін дайындаңыз. Осылай кісі санына қарай жұмыртқа қуырып алыңыз. Фаршқа майонез, қара бұрыш, тұз қосып араластырыңыз. Әрбір жұмыртқаның ішіне осы ет қоспасынан қойып, ораңыз. Майланған ыдысқа қойыңыз. (Егер фарш артылып қалса, аздап нан жұмсағын қосып, суреттегідей майда майда котлет жасауыңызға болады). Барлық жұмыртқаларды орап болған соң, үстіне майонез жағып, үккіштен өткізілген ірімшік сеуіп қойыңыз. Енді осыны 200С ыстық духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Гарнирға күріш жасасаңыз болады. Ас болсын.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

5 Responses to бризоль

  1. jjjjjj айтады:

    керемет!!!!!! ширкин сизге барып уйренер курс болганда гооой(((

    • elvira айтады:

      рахмет. Бірақ мен де әлі үйреніп жүрмін. Бір кездері курс сияқты бір нәрсе ашқанбыз. Бірақ жер болмай ол жоба тоқтап қалды. Бұйырса бір күні жалғасын табады әлі. Бізбен бірге болыңыз =)

  2. Aina meken айтады:

    бүгінгі түскі асымыз осы болды. (Елвирканың аялы қолдарынан сүйіп, маңдайыма тигіздім :D, рахметімді қалай айтсам екен басқаша :) ). АРБ!!!

    • elvira айтады:

      Ас болсын! маған да ұнайды бризоль – тез әрі дәмді тағам! Жасап ұнатқаныңа рахмет!

      • Aina meken айтады:

        иәә, расымен солай! өзің пісірсең, тіпті дәмді көрінеді екен (деп өзімшілдік танытайын ба? )))) )
        мен бұрын асханаларда тұрғанда бризоль алмайтынмын бірақ )))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s