шоколадты "мини торттар"

басқа сөзбен айтқанда «пирожное», бірақ негізгі атауын жасырмай айтар болсам бұл – шоколад маффиндері. Құрамын маффинге бастан-ақ ұқсата алмаған едім, ал піскен кезде дәмін көргенімде маффиннан гөрі тортқа ұқсаттым. Рецептте 1-ақ ас қасық ұн қолданылатыны тағы бір ғажап ерекшелігі.

– 1 ас қасық ұн
– 1 ш.қ. разрыхлитель
– 3 жұмыртқа
– 10 ш.қ қант
– 80 гр қара шоколад
– 2 шабдалы
– 0,5 ш.қ. ванилин
– тұз

Шоколадты буға ерітіңіз. Ұн мен разрыхлитель араластырыңыз. Жұмыртқалардың ақ пен сарысын бөліңіз. Ақтарын таңазатқышқа қойып қойыңыз, сарыларын болса қант пен ванилинмен кем дегенде 10 минут миксерлеңіз. Еріген шоколад пен майдалап тұралған шабдалы қосыңыз. Бәрін араластырыңыз. Ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Бөлек ыдыста жұмыртқа ақтарына аз ғана тұз қосып жақсылап миксерлеңіз. Енді осы қоспаны негізгі шоколадты қоспаға жәймен ғана қосыңыз да қасықпен қамырда астынан үстіне етіп араластырыңыз. Маффин ыдысын жақсылап майлап алып, аздап ұн себелеңіз да қамырды сәл толтырмай етіп құйыңыз. 180С духовкада 40 минуттай пісіріңіз. Дайын «мини торттар» әбден суыған соң ғана ыдысынан шығарыңыз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Торттар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to шоколадты "мини торттар"

  1. Бахытгуль айтады:

    Сонда бұл мини торт неше адамға арналған

    • elvira айтады:

      көрсетілген мөлшерден шамамен 12-14 кекс шығады. қанша адамға жететіні сол адамдардың қанағатына байланысты =)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s