custard pudding

Самурайдың пудингі атты киноны қарағаннан бері пудинг жасау ойымда жүрді (Ох сол жердегі торттарды көрсеңіздер ғой!). Бір-екі рецептпен жасап та көрдім, бірақ ең сәттісі Cooking with a Dog youtube channel иесінен көргенім болып шықты. Сол кісінің төмендегі рецептпен пудинг жасау жеңіл, оның үстіне ол өте дәмді әрі сыртқы көрінісі де әдемі болып шығады (керек көлемдегі ыдыс таппай, әдемі етіп ұсына алмағаныма қарамаңыздар). Таңғы асқа да, кешкі десертке де жақсы дүние. Біреуін пісірген күні жеп едік, қалған екеуін ертесіне. Тоңазытқышта бір күн тұрғанның формасы тіптен жақсырақ болған сияқты. Пудинг үшін арнайы формаңыз болмаса, стаканның ортасына дейін толтырып жасап көрсеңіз болады. Қайткен күнде де – жасап көріңіз! )

20130206_164040

Мөлшерлерді аздап ғана өзгертіп беріп тұрмын. Мен жасағаныма ғарай. Тұпнұсқа рецепт мөлшерлер үшін видеоны қараңыздар.

Алдыменен карамель жасап алу керек. Ол үшін, 4 ас қасық қантты табада қыздырасыз, үстіне 2 ас қасық су құйып қант толық ерігенге дейін араластырасыз. Қант қоңырлау түсті бола бастағанда үстіне 2 ас қасық ыстық судан құйып жіберіңіз (күйдірілген қанттың қышқылдау дәмі азаяды). Енді майланған формалардың түбіне осы қант шербетін құйып шығыңыз. Формаларды майлаған кезде сұйық майдан гөрі сары май қолданған жақсы.

Енді 2 үлкен немесе 3-4 кішкентай жұмыртқаны бір ыдыста ааластырыңыз. Бір стаканнан сәл аздау сүтті отқа қойып, ішіне 4 ас қасық қант қойып ерітіңіз. Сәл ғана суытып, осы сүтті қоспаны жұмыртқаларға қосыңыз. Сүт әлі ыстық болғандықтан, жұмыртқаларды үнемі араластырып тұруды ұмытпаңыз. (Пудинг құрамының біркелкі болуы үшін, сүзгіштен өткізу керек деңілген тұпнұсқада. Мене сүзгіш жоқ, өткізбей жасап едім аса қатты ерекшелік байқамадым). Сүтті жұмыртқа қоспаны формаларға құйып шығыңыз.

Формаларыңыз сиятын үлкендеу бір ыдыста су қайнатыңыз. Астын басып қойыңыз да, ыдыстың түбіне майлық төсеп қойыңыз. Сол майлықтың үстіне үсті фольгамен жабылған формаларды қойып, суды қайнатпай (!) 20 минуттай пісіріңіз. Мен фольганы сәл ашып көріп, қарап – пудингтің үсті қатайғанға дейін пісірдім. Піскен пудингті тоңазытқышқа қойып сақтаңыз. Дастарханға қояр алдында ғана тарелкаларға теріс аударып сервис жасаңыз. Бұл пудинг маған ұнағандай сіздерге де ұнайтынына сенімдімін.

Орналастырылған санаттары: Десерт | Пікір қалдыру

Чеддер ірімшікті печенье

Ағылшындардың ірімшігінен ағылшындардың ірімшікті печеньесін жасап көрдім. Барлық жағынан ұнады! Біріншіден, тез жасалынады. Екіншіден, көп зат керек етпейді. Үшіншіден, сондай дәмді! Құрамындағы ірімшік және сары майға қарамастан аса майлы емес, тіпті жеп-жеңіл десем болады. Осы печеньеге мұздай сүт керемет серіктестік құрайды! Бір жеп бастасаңыздар, бірінен кейін бірін бәрін қалай бітіргеніңізді түсінбей де қаласыздар )) Сондықтан, печеньені жасар алдында абайлаңыз – олар қосымша киллограммға себеп болуы мүмкін! Айтпад демеңіздер!

ірімшікті печенье

  • 2 стакан ұн
  • жарты шәй қасық разрыхлитель
  • бір стакан үгітілген чеддер ірімшігі
  • 100 гр сүт
  • 200 гр сары май
  • тұз бен қара бұрыш
  • қалауыңызша аскөк (қоспаса да болады)

разрыхлитель қосылған ұнМына жақта суреттегідей разрыхлитель қосылған ұн сатылады. Печеньелер үшін өте ыңғайлы! Мен соны қолдандым. Қазақстанда мұндай ұн көрмедім, сол үшін ұнға разрызлитель қосып жасаңыздар. Ұнға туралған майды қойып, майлы ұнтаққа дейін араластырыңыз. Ішіне ірімшік қосып араластырыңыз. Енді қалауыңызша майдалап аскөк қоссаңыз болады. Жақсы дәм береді. Мен таңғы астық жұмыртқадан қалған брокколиді майдалап турап қосқанмын (суретте оңша байқалмаған сияқты гыгыгы). Ірімшіктің өзі де тұзды болған соң, тұзды азырақ қосыңыз да, бұрыштаңыз. Енді сүт қосып тұрып, илеңіз. Қалаған формада печенье жасап, 200C алдын ала ысытылған духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Ас болсын!

Орналастырылған санаттары: Печенье, Тұзды бәліштер | 3 пікір

макарондар мен шпинат

Аспаздықты басынан оқып жүрген адамдар болса, 15-20 минутта дайын болатын тағамдар менің фаворитім екенін түсінген болар )) Төмендегіні бүгін таңғы асқа дайындадық. Денсаулыққа пайдалы таңғы ас болып саналмаса да, дәмдәлігі жағынан ең бай таңғы астардан кем түспейді. Ең бастысы – мұны жасау көп дегенде сол жиырма минутымды алды.

макарондар мен шпинат

  • 250 гр макарон
  • 250 гр жас шпинат (консервіленген болса да болады)
  • черри қызанағы
  • ірімшік
  • 5 тал сарымсақ
  • 1 пияз
  • 100 гр шамасында кілегей (ор. сливки)

Макарондарды тұзды суға қойып қайнатыңыз. Табаға май құйып, майдалап туралған пияз бен сарымсақтарды қуырыңыз. Енді жуылып кептірілген шпинатты қосып, табаның үстіне жайып қойыңыз. Табаның ыстығымен шпинаттардың көлемі азайған кезде, бәрін араластырып алыңыз. Қалауыңызша тұз бен бұрыш қосыңыз. Енді аздап сүт немесе кілегей қосыңыз (қоспасаңыз да болады). Піскен макарондардың суын төгіп, табаға ауыстырыңыз. Енді екіге бөліп туралған қызанақтарды қосып, бәрін қайта араластырыңыз. Үстін жауып тағы 5 минуттай пісіріңіз. Үстелге апарар алдында, макарондардың үстіне үгітілген ірімшіктен сеуіп қойсаңыз күшті болады. Рас айтамын, өте дәмді! Ас болсын!

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары, Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

ҰБда азық-түлік шоппингі

Біреу ұнатпайтын шығар, бірақ өзім қатты ұнатып жүрмін осындағылардың тағамдарын жартылай дайын етіп сататындарын. Уақытты кәдімгідей үнемдейді екен ) Мысалға, бүгін алғандарым ішінен (суреттегілер) салатқа керек шөптердің бәрі бір пакетте жуылған, жеуге дайын түрінде сатылатыны ұнайды, керек кезде үстіне соус жасап үстелге қоя бересің ) Білемін, Алматыда да сатылады пакеттелген, дайын шөптер, бірақ ол жердегіміз бізге жеткенге дейін қаншама жер асып келеді. Мына жақтағылар кем дегенде жақын жерден жиналған деймін да ) Барлық пакеттерде тағамның құрамы мен вегетериандықтарға жеуге болады ма жоқ па сонысы жазылатыны ерекше ұнайды.

шопингім

Айтпақшы, осы жақтағы дүкендерде кассадағы қызметкердің әр сатыпалушыға күлімдеп How are you today? I hope you enjoy your day (Қалайсыз? Бәрі жақсы ма?) деп сұрайтындары таңқалдырады. Таң қалдырғаннан бұрын, мен осындайда шын сасқалақтап қаламын не айтарымды білмей )) Американдықтар сияқты тез сұрап ары қарай жұмысын істе кетпейді да ғой мындағылар, не жауап беретініңді бетіне қарап күтіп тұрады )) Автобусқа мінгенде де, одан түскенде де жүргізушіге рахмет айтатындарына үйрене бастадық, енді дүкендеріндегі «өркениеттеріне» үйрену керек.

Орналастырылған санаттары: *** | 5 пікір

Көкөністі қуырылған күріш

Барлық жердегі магистерлік оқу сондай ме екен ол жағын білмедім, бірақ мына жақта аптасына бір күн толығымен сабақтан бос болады. Бүгін осындай day-off менде. Ауа райы қолайлы болса, теңіз жағасына баруға болады немесе дүкен аралап келуге болады. Айта кету керек, Абердинде шоппинг түк қызық емес – ассортимент түк жаңармайды. Тамақ шоппингі бөлек бірақ: Morrisons, Asda, Lidl, Tesco.. біздің Рамстор, Магнум сияқты үлкен дүкендер. Баға жаңынан ең қолайлысы Lidl мен Asda, бірақ Morrisons-та апта сайын түрлі акциялар болады. Осындай акциялардан мысалға 5 фунттың затын 1 фунтқа немесе одан да арзанға алуға болады. Акциялар апта сайын өзгеріп тұрады. Маркетингтері жақсы ойластырған негізі – адамдар осы апта қандай жеңілдік бар деп үнемі барып тұрады, бір кірген соң да құр қол шықпайтыны анық. Осы жердің дүкендері туралы айтатын әңгіме көп негізі, кейін жалғасытырамын. Бүгін түскі асқа пісіргеніммен бөлісейін: көкөністі қуырылған күріш.

20130130_115130 (1)

Алдыменен күрішті пісіріп алу керек. Мен көкөністерге молынан тұз, бұрыш қосатындығымнан күрішті тұзсыз пісірдім. Сосын үлкенірек табаға май құйып, туралған пияз бен сәбіз және swede (суреттегі сары көкөніс, аудармасын білмеймін) қосып қуыру керек. Брокколи алдын ала пісірілмей қосылса да болады. Енді осының бәріне тұз бен бұрыш қосу керек те, піскен күрішпен араластырып тағы бір 10 минуттай қуыру керек. Қуырылған күріш котлет, еттің қасына гарнир ретінде де жақсы, өз бетінше жеке тағам ретінде де жақсы. Қаапайым тағам болып көрінгенімен – дәмді )

Орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар, Көкөніс тағамдары | Пікір қалдыру

қарапайым таңғы ас

Nothing special. Таңғы астың бір варианты.

tangias

Осының алдындағысы ipadпен түсірілген болса, мынау Galaxy телефонымен түсірілген )) бұл да аса жетіспеген сияқты.

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 2 пікір

Брокколи мен ірімшік

Жатақхананың ас үйі ұнамай, ол жерден тез арада шыққым келіп жүрді. Finally, өткен апта үйге  шықтық. Негізі, Шотландияда үй жалдау кәдімгідей мәселе екен. Өйткені, жалға берушілердің дерлік көбісі жалға алушылардан кемінде айына 3 мың фунт айлық алатын гарант кісің бар ма деп сұрайды. Бір жылға оқуға келгендердің қандай гаранты болсын, оның үстіне айына 4 мың доллар айлық табатын (( Бірақ, осыған қарамастан бір кішігірім пәтер бізге де бұйырды )) Енді аспаздық жиіек жаңаратын болады! Ура!

Үйге керек заттар әлі толығымен алынып үлгерілмеген соң, әзірге асымызды суреттегідей газет төсеп жеп жүрміз. Нағыз студенттер ұқсап ))) Суреттің сапасына келер болсақ.. мына жақта сатып алынған зат көңілден шықпаса, бір ай ішінде кері қайтаруға болатындығы өзім сияқты көп таңдайтындарға бір жақсы болды. Фотоаапаратым өткен апта осылайша дүкенге кері қайтарылған болды, жаңасын болса қарастырып үлгермедім әлі. Қысқасы сол. Қанағат ))

IMG_0149

  • брокколи
  • гүлді қырыққабат (негізі цветная капуста дегендері ғой, өтірік аудардым)
  • ірімшік
  • черри қызанаға
  • пияз
  • саңырауқұлақ

Пияқ бен туралған саңырауқұлақты майға қуырып алдым. Екі қырыққабаттың гүлдерін суға көп дегенде 3-4 минутқа қайнатып алдым да, пияз бен саңырауқұлақпен араластырдым. Осының бәрін майланған табаға қойып, ара арасына черри қызанағын қойып шықтым. Үстіне ірімшік турап, 200C ыстық духовкада үсті қызара бастағанға дейін пісіріп алдым. Жегендерге ұнаған сияқты ) Бұдан басқа менюде «мультиплейер» көже, оқтаусыз жасалынған бауырсақтар, салат пен ірімшікті блинчиктер болды. Соңғы екеуі де экспромтом асалынған дүние. Шүкір.

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | 3 пікір

2012 жылдың қорытындысы

Қорытынды шығаратында көп ешнәрсе тыңдырылмапты Аспаздықта. Осы блогпен айналысқалы былтыр бірінші рет қосылған тағамдар саны 16-дан аспады ((

2012 итоги

Өткен жылдары есеп былай болған: 2005 – 47 тағам, 2006-160, 2007-152, 2008– 135, 2009-100, 2010 – 58, 2011 – 60.

Орналастырылған санаттары: *** | 6 пікір

картопты котлет

Білмеймін мен ғана ма, әйелдердің бәрі сондай ма – үйдегі азық-түліктердің мерзімі бітуге жақын қалғанда азарт пайда болып, жазылу/жасалынуы керек ондаған істерді шетке ырысыр қойып, екінші тыныс ашылғандай асүйде бір нәрселерді пісіріп отырасың )) Challenge сияқты болады ғой деймін.. Қысқасы, төмендегі котлеттер осындай «екінші тыныстың» туындысы ) Жалғыз басыма көптеу пісіріп қойыппын (осындайда бас дегустатор інімді сағынамын гыгыгы), енді осы котлеттер желінбей қалып, қайта өндеуді қажет етпесе болғаны ))

котлет картопты

  • шпинат
  • 200-300 гр картоп пюресі
  • 2 жұмыртқа
  • 3 ас қасық ұн
  • сұйық май
  • тұз бен бұрыш

Картоптары аршып немесе аршымай пісіріп алып, пюреге езіңіз. Жұмыртқа мен тұз бен бұрыш қосып араластырыңыз. Шпинатты ыстық суда бір-екі минуттай ұстап (солып көлемі азаюі үшін), артық суды төгіп алып, тураңыз да пюреге қосыңыз. Енді қолмен котлеттерді жасап, ұнға аунатып, майға қуырыңыз. Өте қарапайым болды. Негізі үйде басқа заттар болса оларды қосуға болады. Мысалға майдалап туралған зәйтун қосылса күшті болар еді.

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | 4 пікір

шоколад пен хурма/шие қосылған печенье

Тәуелсіздік күніміз құтты болсын! 2012 жыл бітуге таяп қалды, блогымды әлі реттей алмай жүрмін. Бір күні отырып, барлық жазуларды реттеу керек еді. Бірақ шынымды айтсам, ескі жазуларды қайта оқуға батылым бармай жүр. Мектепте оқып жүргенімізде бір мейрам күні сахналық көрсетілімдерді қойып, видеоға түсірген едік. Әдеттегідей, мен бірақ қателер жасап ұятқа қалған кезім еді. Содан қанша жыл өтсе де, әлгі видеоны қайта қарай алмай жүрмін. Қазір блогымның ескі жазуларына қарауға батылым бармай, тура сондай күй кешудемін ))

Тқмендегі дәмді печеньелерді Алима жасап дәм татқызды. Өте дәмді. Джейми Оливер тәсілімен жасаған екен – маған қатты ұнады. Мүмкіндік болса, өзім де жасап көргім келеді. Әзірге рецептпен бөлісейін:

Алима_печенье

  • 200 гр жұмсартылған сары май
  • 120 гр шие
  • 50 гр сүтті шоколад
  • 50 гр қара шоколад
  • 1 стакан қант
  • 1 ш.қ. корица
  • 2 жұмыртқа
  • 350 гр ұн
  • 2 ш.қ. разрыхлитель

Қант пен корицаны маймен араластырыңыз.  Бір бірден жұмыртқаларды қосып бәрін жақсылап араластырған соң, разрыхлитель мен ұнды қосыңыз. Ең соныңда туралған шоколад пен шие қосыңыз. Алима шие орнына хурма қосқан екен, өте дәмді болып шықты. Иленген қамырды жарты немесе бір сағатқа тоңаытқышқа қойыңыз. Қолмен қамырдан печенье жасап, майлы қағаз төселген ыдысқа тізіңіз. Арасы алшақтау болса жақсы. 170C ыстық духовкада 16 минуттай, үсті қызарғанға дейін пісіру керек.

Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Печенье | Пікір қалдыру

тарталетка жасаудың оңай тәсілі

Бар болғаны қамыр мен маффин пісіру үшін қолданылатын ыдысыңыз болуы керек. Өте жақсы ойлап табылған әдіс. Интернеттен алынған.

305906_391504667594568_756775884_n

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

тунец пен тәтті бұрыш салаты

320349_10151415736807646_698941867_n

  • 1 консервіленген тунец
  • 2 жұмыртқа
  • 1 тәтті бұрыш

Жұмыртқалардан омлет жасап, ұзыншаларға ал тәтті бұрышты тқртбұрыштап турадым. Бәрін тунецпен араластырдым. Аздап майонез бен аскөк қосуға болады.

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | Пікір қалдыру

Көк пиязды жұмыртқа рулеті

315011_10151359830102646_1196948407_n

4 жұмыртқаны бір түйір қант пен аздап соя соусымен араластырыңыз. Майдалап туралған көк пияз қосып үшке бөліп қуырыңыз.

Қуыру процессі: табаны қыздырасыз да, аздап майлайсыз. Жұмыртқа қоспасының 1/3 бөлігін құясыз да, тездетіп бәрін табаның бір шетіне жинайсыз. Табаның босаған жағын қайтадан майлап, жұмыртқа қоспасының екінші бқлігін құясыз. Бұл жолы жұмыртқаларды рулетке орау керек, ол үшін бірінші реттегі жинап қойған  жұмыртқалардан бастап, ораймыз. Дайын рулетті қайтадан табаның шетіне апарып, жұмыртқа қоспасының қалғанын тура осылай пісіреміз. Турар алдында жұмыртқа рулетін суытып алған жақсы.

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 2 пікір

Өрікті тәтті бәліш

Пирог с абрикосами

120 гр сары майды 150 гр қантпен жақсылап ааластыру керек. Бір бірден 2 жұмыртқаны қосыңыз. 200 гр ұн, 1 ш.қ. разрыхлитель қосып, қамыр илейсіз. Қамырды майланған ыдысқа қойыңыз. Қамырдың үстіне жартыға бқлінген өріктерді тізесіз де, оларды қамырға сәл бастырып қоясыз.  40 минуттай 180С ыстық духовкада пісіру керек.

Орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер | Пікір қалдыру

Кәді соусты спагетти

Спагетти с баклажанами

Алдыменен 1-1,5 литр шамасында су қайнатып қойдым. 1 үлкен кәдіні тұрап, 1 шәй қасық тұзбен араластырып қойдым. 15 минуттан соң салқын суда шайып жіберіп, кептірдім да майға қуырдым. Бөлек ыдысқа түсіріп алдым. Пияз бен 1 сәбізді түстері өзгергенше қуырдым, көк тәтті бұрыш және тұралған 1 сарымсақ зубчигін тұрап қостым. Осыдан кейін тұралған 3 қызанақ пен 2 ас қасық томат + тұз + бұрыш қостым да, аздап су қосып бұқтырдым. Осы кезде қайнап тұрған суға спагетті қойып пісіріп алдым. Піскен спагеттидің суын төгіп, зәйтүн майын қосып араластырдым. Жақсылап бұқтырылған көкөністерге кәділерді қосып тағы 5 минуттай қайнаттым. Қысқасы, спагетти да соус та ып-ыстық болып бір уақытта піссе жақсы. А-а, аздап аскөк тұрап қосқанмын соңына қарай. Осылай болды.

Орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ | Пікір қалдыру