Category Archives: Ыстық тамақ

макарондар мен шпинат

Аспаздықты басынан оқып жүрген адамдар болса, 15-20 минутта дайын болатын тағамдар менің фаворитім екенін түсінген болар )) Төмендегіні бүгін таңғы асқа дайындадық. Денсаулыққа пайдалы таңғы ас болып саналмаса да, дәмдәлігі жағынан ең бай таңғы астардан кем түспейді. Ең бастысы – … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары, Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

Кәді соусты спагетти

Алдыменен 1-1,5 литр шамасында су қайнатып қойдым. 1 үлкен кәдіні тұрап, 1 шәй қасық тұзбен араластырып қойдым. 15 минуттан соң салқын суда шайып жіберіп, кептірдім да майға қуырдым. Бөлек ыдысқа түсіріп алдым. Пияз бен 1 сәбізді түстері өзгергенше қуырдым, көк … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

қаймақ соусты спагетти

Спагетти тез жасалынатын тағамдардың бірі. Мен негізі томаты көп спагетти жақсы көремін. Бұл жолы қаймақ қосып жасағаннан кейін, 1-ақ қызанақ қосқан едім. Ет пен көкөністер «сұйықтау» болсын десеңіз, қаймақ соусын көп қайнатпаңыз. спагетти немесе басқа макарон өнімі кілегей немесе қаймақ … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары, Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

кабачок пен ет қуырмасы

Жұмаларыңыз құтты, жақсылыққа толы болсын! Кабачок пен ет қуырмасының жасалынуы өте тез, үйіміздің бас дегустаторы – інім – ұнатып жегеніне қарағанда, дәмі де жақсы. Қасына күріш пісірсеңіз болады, дегенмен жеке тағам ретінде де жақсы. 200 гр фарш 1 үлкен кабачок 1 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар, Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

үнді палау

Далаға қайтадан көктем келгендей ауарайы керемет болып тұр. Осындай күні жұмысты қойып, қыдырғың келеді. Міндетті түрде жаяу. Құлағыңда міндетті түрде МР4.  Төмендегі палауды «үнді» дедім өйткені ол Үндістан сияқты түрлі-түсті әрі көңілді.  Бәрі жақсы, бірақ келесіде жаңғақ мөлшерін азайтып жасамасам.. сіз талғамыңызға қарай жасаңыз … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар, Ыстық тамақ | 2 пікір

өтірік палау

Негізінде «өтірік» болмауы тиіс еді. Бірақ етті тоңазытқыштан уақытылы шығарып қоймаған соң палауым осындай «өтірік» болып шықты. Ақталғаным =) Сорпасын артықтау қосып қойдым, күріш әдемі болмай шықты, білемін. Жеке бағалауым – Түрі: 3 / Дәмі: +4 / Қиындығы: 1 Мен төрт кісілік жасаған едім. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

көкөністі макарондар

Тез әрі оңай жасалынатын тағы бір тамақтың түрі – көкөністі макарондар! «пользуясь случаем» бұрындары жасалынған ірімшік қосылған макарондар, асқабақ қосылған макарондар, дәмді макарон пісірмесі мен флотша макарондарды естеріңізге салуға рұқсат етіңіз ;) Астарыңыз дәмді болсын! – 1 пакет Сұлтан макарондары– … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

тайша тауық

Бұрындары жолдасының ертең келетін қонақтарын кешкісін (ғана) айтатынына ызаланатын құрбым, ораза кезінде жолдасының ауызашарға қонақтармен келетінін үш сағат (!) бұрын айтатынына қуанып жүр. Бұрын «жұмыстан түк қолым босамайды» дейтін құрбыларымның көбі аптасына кем дегенде 4-5 ауызашар беріп жүр. Тіпті, жұмыс … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

ұйғырша суйру лағман

Қазақстанды мекендеген ірі этностардың бірі – ұйғыр халқы. Деректерге сүйенер болсақ, Қазақстанға ұйғырлар 19 қасырдың аяғында қоныс аударып, бүгіндері олардың жалпы саны 230 мың адамдай екен. Ұйғыр ұлттық тағамдары қытай және дунган тағамдарына ұқсас келеді. Алуан-түрлігіне қарамастан қазақтың аса ұнатып … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Ыстық тамақ | 5 пікір

бириани

Үнді тағамдарынан аса ұнататындарымның бірі. Бириани – тауық етті палау десе де болады. Үнді «палауды» ерекше ететін – ондаған дәмдеуіштері! Тмин, имбирь, зира, шафран.. кез келген тамақты түрлендіріп жібереді. Дәмді! п.с.: Бүгін Эльмира Б. құрбымның қыз ұзату тойы! Алақай! – … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ | 5 пікір

етті нут (нохут)

Гуглда «нут» немесе «нохут» деп терсеңіз, нохуттың пайдалылығы жайлы небір қызық нәрселерді біліп аласыз, мысалға: – ноқат (ор.нохут) тек тамақ ретінде емес медицинада да кеңінен қолданған (асқазан, тері, жүрек ауруына қарсы жақсы ем)– нохуттың құрамында 30% ақуыз, 8% май, 50-60% … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

кәді рулеті

Бұл рулетті берекелі ораза кезінде бір танысымның ауызашарында көріп жазып алған болатынмын. Жасалынуы оңай, тойымды әрі әдемі тағам түрі. Үйдегілер жоғары бағалап ұнатқаның да айта кету керекті. – 3 үлкен кәді– 1 қызыл бұрыш– 1 жартылай ащты бұрыш– 3 қызанақ– … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

Лобия мен етті спагетти

«Фасоль»дің қазақшасы «лобия» екенің біліп пе едіңдер? – 1 стакан лобия – 400 гр сүйекті ет– 1 пакет спагетти– тұз– қара бұрыш– 2 ас қасық томат– 2 пияз Лобияны жуып, бір рет қайнатып алыңыз да, судың ішінде 5-6 сағат жібітіңіз. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

Өзбекше-сымақ палауым

Біздің үйде палауға зира, шафран сияқты шөптер қосылмайды. Білмеймін неге екенін – қосылмайды әйтеуір. Бүгін кешкі асқа шағын «төңкеріліс» жасамақшы болып, зира мен тмин қосып палау бастым. Әрине, үйдегілердің наразылығына құрбан болмау үшін аз аздан қосқан болатынмын.. наразылықты былай қой, … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

Каннелони

Лазанья жасап үйренген күннен каннелониді да жасап көргім келетін. Алайда, уақыт өте араға басқа тағамдар кіріп, каннелони жайлап ұмытыла бастаған болатын. Оны Гаухардың сайтында қайта көргенге дейін. Ол күннен жолым түскен әр дүкеннен каннелони қамырын іздейтін болдым (негізі қолмен жая … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ | Пікір қалдыру