Category Archives: Тұзды бәліштер

саумалдық қосылған түрікше бәліштер

Алиманың бізге жасап берген түрікше бәліштерімен бөлісейін бүгін. Негізі басында жасалу тәсілін видеоға түсіреміз ба деп едік, қырқ-қырқ күлкімен жетістіре алмадық онысын. Соткадағы видеоны да жақсылап түсініп алайын алдыменен деп видео-рецепттерді кейінге қалдырық. Again =) Бәліш түрік ас үйіне тиесілі. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Мастер-класс, Тұзды бәліштер | Кілтсөздері , , | 1 пікір

пияз, ірімшік, саумалдық пен саңырауқұлақ қосылған бәліш

Шпинат неліктен қазақша саумалдық деп аталған екен түсінбедім. Бірақ тіл жарықтық сол ғой, көп сөздердің этимологиялық мағынасын іздеудің де керегі жоқ шығар.  Тақырыпты жазып отырып туындаған ойлар ғой, бәлішке қатысы жоқ ) Бәлішке келер болсақ, бұл рецепт маған өзінің қарапайым … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер | 2 пікір

Чеддер ірімшікті печенье

Ағылшындардың ірімшігінен ағылшындардың ірімшікті печеньесін жасап көрдім. Барлық жағынан ұнады! Біріншіден, тез жасалынады. Екіншіден, көп зат керек етпейді. Үшіншіден, сондай дәмді! Құрамындағы ірімшік және сары майға қарамастан аса майлы емес, тіпті жеп-жеңіл десем болады. Осы печеньеге мұздай сүт керемет серіктестік … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Печенье, Тұзды бәліштер | 3 пікір

қызанақты бәліш

Бақшамыздағы қызанақтардан не пісірсем екен деп тұрғанда, Элистің сайтындағы қызанақты бәлішке көзім түсті. Кішкене өзгертіп бүгінгі дастарханға жасап көрдім. Келген қонақтарға ұнаған сияқты. Бір-екі тілімі ғана қалып қалды. қамыры үшін: 200 гр сары май 1,5 стакан ұн 0,5 ш.қ. тұз … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер | Пікір қалдыру

учпучмак

«Яссауи» компаниясында жұмыс істеп жүргенімде, көшенің арғы бетіндегі дүкеннен дәмді учпучмак сатып алушы едік. Сол бір кездің тәттілігінен ба, ыстықтай жеген сол учпучмактардың шынымен дәмді болғандығынан ба.. әйтеуір содан бері қанша рет учпучмак жесем де, «учпучмак» дегенде үнемі Фурманов пен … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер | 8 пікір

балық пирогы

Дастарханның бәліштері маған қатты ұнайды. Қамыры да жақсы, құрамындағы начинкасы да дәмді. Қалай жасайтындарын жақсы білмесем де, былай шамалап, барлық бәліштердің құрамына сорпа (бульон) қосатындарын түсіндім. Соның арқасында бәліш «сочный» болатын көрінеді. Осы принциппен мен де жасап көрдім. Қамырды көп … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары, Тұзды бәліштер | 5 пікір

Айжанның ет қосылған бәліші

Жапонияда жүргенімде жиенім дүние есігін айқара ашып, маған «тәте» x 7 болу бақытын сыйлады. Бүгін болса сол Дамиля жиенім қырқынан шығарылды (бауы берік болғай!). Құтты болсынға жиналған қонақтарымызға Айжан есімді қызымыздың өз блогында жариялаған ет қосылған бәліштен жасадым.  Рецепт жасалыну оңайлығымен ұнады. Айжан … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер | 4 пікір

жүгері қосылған бәліштер

Алматыда күшті қар жауды. Кішкене салқындау болды дала, бірақ қыс маған сонысымен ұнайды. Медео жақты қар басып тастаған болар. Барып қайту керек еді. Коньки теуіп. – 100 гр сұйық май – 1 жұмыртқаның ағы (сарысы үстіне) – 3 ас қасық … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер | Пікір қалдыру

Pizza One + брынза қосылған бәліштер

Хабарландыру: Көбімізге танымал халал-кафе Pizza In-ның екінші кафесі Атакент қасында (Ауэзов көш., 140) Pizza One болып ашылды. Алдын ала тапсырысты 3270282 телефоны арқылы бере аласыз. Пиццаға альтернатива ретінде төмендегідей брынза қосылған бәліштерді жасауға шақырамын. – 250 гр сүзбе– 200 гр … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Тұзды бәліштер | Пікір қалдыру

сүзбе қосылған бәліштер

– 1 жұмыртқа ағы– 3 стакан ұн– 1 стакан айран– 125 гр сары май– тұз– разрыхлитель ішіне:– 200 гр сүзбе– майдалап тұралған аскөк (укроп) Ұнға кезек кезегімен жұмыртқа, айран, ерітілген сары май, тұз және разрыхлительді қосыңыз. Барлық заттар бөлме температурасында … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер | Пікір қалдыру

Етті мини рулеттер

жасалынуы оңай – көрінімі әдемі – жеңілуі тез – 3 дайын юфка– 500 гр жартылай майлы фарш– 1 үлкен пияз– 1 стакан сұйық май– жарты қызанақ– жұмыртқа сарысы Ең алдыменен фаршты майдалап тұралған пиязбен бірге тұз, қара бұрыш қосып қуырыңыз. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер | Пікір қалдыру

Фарш қосылған қатпарлы борек

О, мына борек бір сұмдық енді. Алкенза жасап тұрған кездің өзінде шыдамымыз тауысып қандай болып шығады екен деп сабырсыздана күттік. Жасалынуы машақатты болып көрінгенімен, Алкензаның айтуы бойынша, бір-екі жасасаң қолың үйреніп, 20(!!!) минутта жасай алады екенсің! Ал, іске сәт! – … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары, Тұзды бәліштер | Пікір қалдыру

Дайын қамырдан бәліш

Бүгін таңғы асқа мамамен бірігіп 15-20 минутта осындай бәліш жасадық. Үй қауымы оянғанда бәліш ып-ыстық болып дайын тұрды. – дайын қат-қат қамыр– 300 гр фарш– 2 пияз– 1 жұмыртқа– тұз– қара бұрыш Фаршты пиязбен араластырып қуырыңыз. Суытыңыз. Дайын қамырды екіге … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер | Пікір қалдыру

Пупсидің ай бәліштері

Төмендегі рецепт сонау Құрбан айттың сарқыты деп білерсіз. Неге десеңіз, Құрбан айттың үшінші күнінде лицейде бірге оқыған қыздармен құрбымыздың үйіне айттап барған болатынбыз. Сол кезде Пупсинің жасап әкелген бәліштері ғой. Шіркін, дәмі әлі есімде. Қолы дәрт көрмесін – енді бір … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер | Пікір қалдыру

Рулет-бөрек

Жұқалап жайылған қамырдан («юфка») жасалынған рулет түрі. «бөрек» сөзі негізі түрікше, бірақ түрік аспаздардың дүниенің айтарлықтай барлық қалаларында өз асхана мен ресторандарын ашқандықтарынан «бөрек» сөзі суши немесе пицца сияқты елге жақсы танымал. Төмендегі бөректерді тұған күніме келіп түскен «Soframiz» кітабынан … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер | Пікір қалдыру