Category Archives: Таңғы ас

етті таңғы ас

Өте тойымды таңғы ас түрі. Әсіресе ер кісілерге ұнайтын болады деп ойлаймын. Өйткені құрамында ет бар =) 100 гр фарш 1 пияз бір тілім ірімшік бір жұмыртқа тұз, бұрыш Пиязды майдалап турап, фаршпен бірге қуырыңыз. Ортасын ашып, ішіне бір жұмыртқа … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары, Таңғы ас | Пікір қалдыру

мейіз бен алма қосылған сүзбешелер

Мен кештің бір уақытысында пісірсем де, мейіз бен алма қосылған бұл творожниктер (сүзбешелер??) ең жақсы таңғы асқа жарасатын сияқты. Алма қышқыл емес тәтті болса, қант мөлшерін азайтыңыз. Ұнға аунатып алып, пісіру – маңызды. Егер аунатпай, құрамындағы ұн мөлшерін артсаңыз, сүзбешелердің … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 2 пікір

кабачкиден оладьи

«Дәмді және тез» категориясына кіретін тағамның түрі. Әсіресе пайдалы көкөністерді кішкентайларымызға жегізе алмаған кезде жақсы вариант. Қант қосып, тәтті жасауға болады. Төмендегі мөлшерден шамамен 13 шақты оладьи шығады. 1 кабачок майдалап туралған аскөк 3 қасық ұн 2 жұмыртқа аздап разрыхлитель … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары, Таңғы ас | Пікір қалдыру

қызанақты оладьи

Сәресіге немесе таңғы асқа жасап көруге тұрарлық жеңіл оладьилердің түрі. Жұмыртқа мөлшерін талғамыңызға қарай көбейтсеңіз де болады. 3 қызанақ 1 жұмыртқа жарты стаканнан сәл көбірек ұн жарты шәй қасық тұз жарты шәй қасық сода аскөк 1 тіс сарымсақ ірі қызыл бұрыш … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 2 пікір

тары ботқасы

Корейлер кездескен кезде бір бірінен «тамақ іштің ба?» (күріш жедің ба) деп сұрайды екен. Дұрыс тамақтанбаған адам, еліне дұрыс қызмет атқара алмайды мағынасында [упс – қайтадан азия туралы айтып кеттім ба?!]. Уақытылы тамақтану маңызды, соның ішінде ең маңыздысы таңғы ас ішу дер едім. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 7 пікір

easy rolls

Екі ай бойы көрінбей, жасағаның осы ма дейтін шығар бас біреулер. Негізі блогқа жазылатын көп нәрсе жасалынды бірақ бүгін осындай жеңіл роллдардан бастағым келіп тұр. Бұл тағамның ерекшелігі жасалынуында емес, ішіндегі қоспасында да емес.. таяқша үстінде ұсынылуында ;) – қатпармалы … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 2 пікір

кәдіш майлы құймағы

Кәдіштің орысшасы – кабачок, майлы құймақ – оладьи. Неге майлы? Өйткені кәдімгі құймақ майға емес, жақсы қызған табада пісіріледі; оладьилер – майға. Айыпқа бұйырмаңыз, солай енді :) Негізі, маған қалса «кабачкилерді» кәдіш емес, «қиярыш» дер едім. Өйткені олар кәділерден (баклажан) … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

жұмыртқа соусты сэндвич

Тойымды әрі өте оңай сэндвич соусының бір түрі. Pizza In-дегі жұмыртқалы сэндвич жегеніңіз болса, түсінер – мұндай соуспен жасалынған сэндвич өте дәмді! Жұмысқа асығып, таңғы асқа уақытыңыз қалмай қалса, осы сэндвичтен жасап көріңіз. – 2 жұмыртқа– 2 ас қасық майонез– … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар, Таңғы ас | 2 пікір

дорба-құймақ

Сырты кәдімгі құймақ, іші кәдімгі тауық еті. Сондағы ерекшелігі – әдемі оралуы! Келесі жәрмеңкеге міндетті түрде жасалынатын нәрселерден бірі. Оңай, бірақ соОондай әдемі. құймақ үшін:– жарты литр сүт– 5 толған ас қасық ұн– 4 ас қасық крахмал– 4 жұмыртқа– 2 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

геркулес ботқасы

Уәде еткенімдей – геркулес ботқасы! Дереу бет тыржитып, кетуші болмаңыз – рас айтамын, өте пайдалы тағам! Мысалға геркулес ботқасы арқасында асқазан тазарып, ішектердің жұмысы күшейеді. Бұл ботқа тез қорытылады; бауырға, бүйрекке де өте пайдалы. Саулықты өмір сүріп көруге қалайсыз? Мамамның … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 1 пікір

қызыл тоғынша ішінде күн

Қызыл бұрышты жалпы жақсы көрмеймін, ал қуырылғанын тіптен. Сондықтан болар маған таңғы астың бұл түрі онша ұнамады. Бірақ өте сәнді шыққанын мойындау керек. – қызыл тәтті бұрыш– жұмыртқа Қызыл бұрышты 1см жуандықта шеңберлеп тураңыз. Аз майға (зәйтун майы болса жақсы) … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

алмалы құймақтар

Үйреншікті құймақтарға қарағанда бұл құймақтар сәл қалыңдау және өте «нежный» болып піседі. Алманың дәмі піскен құймақтардан да сезіліп тұрады. қалауыңыз бойынша, тағы 1-2 алманы аршып, төртбұрыштап турап, май және қант қосып қуырып алыңыз. Қуырылған алмаларды дайын алмалы құймақтардың ішіне орап … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

шұжықты гүлдер

Қайырлы таң, аспазшылар! Швейцарияның көркем жерлерін аралап, Францияның Диснейлендінде балалық шақты еске алып, бүгін міне жаңа күшпен жұмысқа кірістім. Демалыс жарықтықтың көзді ашып жұмғанша біте қалатыны жаман.. алайда әр нәрсенің мөлшерімен болғаны да дұрыс шығар: несін жасырайын – жұмысымды да … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

кокосты құймақтар

Кеше қайырымдылық жәрмеңкесінде жүріп, бір-бірімізді кем дегенде 3 жылдай көрмеген Камила есімді қызды кезіктірдім. «анау қалай, мынау қалай» деп ортақ таныстарды түгендей бастай бергенімде, Камила «бәрі аман-есен. өткенде Әлия сыныптасым аспаздықтың жарнамасын жасады өзіме. қызығып үзбей кіретін болдым» деді. Қатты … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

газды судан құймақтар

Досымның жұмысында әріптестері кезек кезегімен үйден таңғы ас даярлап келеді де, жұмысқа келіп басқа әріптестерімен таңғы шәйін бірігіп ішеді екен. Қатты ұнады мұндай дәстүрлері! Біріншіден – таңғы ас ішем деп жұмысқа кешікпейсің, екіншіден – ортақ дастархан офис ішінде ерекше бір … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру