Category Archives: Таңғы ас

жексенбілік картоп пен жұмыртқа пісірмесі

Соңғы күндері сабақтан бас көтере алмай қалдым ғой. Бір аптада екі жазбаны тапсыру керек. Оның алдында презентация бар еді. Қысқасы, оқу бітуге жақындаған сайын күрделеніп бара жатқандай )) Өзіме мынандай қулық ойлап таптым: мен жұмыс істейтін лаптоптың батареясы толық 5.5 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Кілтсөздері , , , , , | 1 пікір

духовкада піскен жас картоп (ағылшын тәсілі)

Бірнеше күн болды далада қар жауып, ауарайы суып кетті. Ертең де қар жауады деп жатыр жұрттар. Біздің асүйдегі терезеден көрініс міне осындай қазір. Иә, дала сұп-сұр ) Бірақ ағаштардың үстіндегі құс ұясына қарасаңызшы! Екі құс көз алдымда салды ұяны, сондай … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары, Таңғы ас | Кілтсөздері , , , | 2 пікір

қарапайым таңғы ас

Nothing special. Таңғы астың бір варианты. Осының алдындағысы ipadпен түсірілген болса, мынау Galaxy телефонымен түсірілген )) бұл да аса жетіспеген сияқты.

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 2 пікір

Көк пиязды жұмыртқа рулеті

4 жұмыртқаны бір түйір қант пен аздап соя соусымен араластырыңыз. Майдалап туралған көк пияз қосып үшке бөліп қуырыңыз. Қуыру процессі: табаны қыздырасыз да, аздап майлайсыз. Жұмыртқа қоспасының 1/3 бөлігін құясыз да, тездетіп бәрін табаның бір шетіне жинайсыз. Табаның босаған жағын … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 2 пікір

kaz-day және қызанақты жұмыртқа

Бүгін кеңсемізде бір эксперимент жасадық – түске дейін орысша бір сөз қоспай қазақша сөйлеуге тырысып көрдік. Былайынша офисіміздегі қазақ тілі тура «наша казашадағыдай» енді: сөздің басы қазақша, соңы – орысша. Бүгінгі экспериментіміздің мақсаты да соны болдырмау, толық бір күн басқа … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: ***, Таңғы ас | 1 пікір

сүзбелі құймақтар

Рецепт өте қарапайым енді. Жазуға да тұрмайтын шығар, бірақ аспаздықта болсын дедім. Біреудің қажетіне жарар. Өзіңізге ұнайтын құймақтар рецептімен құймақтарды пісіріп алыңыз да, ішіне сүзбе + мейіз + қаймақ + қант қоспасын қойып ораңыз. 20 құймаққа мен 400 гр сүзбе … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 3 пікір

асқабақ құймақтары

Уәде еткенімдей, алдарыңызда – асқабақ құймақтары! Асқабақ қосылған тағамдар тек дәм жағынан ғана емес, түс жағынан да өте ұтымды. Құймақтар әдемі сарғыш түсте пісті. Құймақтарды қантты сүт немесе қаймақпен жесеңіз болады, бірақ шынын айтайын, ешқандай қоспасыз-ақ құймақтардың дәмі жақсы. Төмендегі … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 2 пікір

өте тез жасалынатын алма оладьилері

Бұл ең тез әрі оңай жасалынатын алмадан оладьи. Дайын болған кезде оладьиден гөрі алма десертіне ұқсайды. Құрамында ұн аз болғандықтан болар, оладьиде тек алманың жұмсақ дәмі сезіліп тұрады. Құрамында ең көп алма болғанымен, оладьи форманы жақсы ұстайды. 2 алманы аршып, … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Десерт, Таңғы ас | 12 пікір

тофу қосылған омлет

Тофу дегенде ең басты (менің ойымша) екі нәрсе білу керек – тофу құрамында холестерин жоқ (мүлдем!) және ол асқазан ауруларына өте-мөте пайдалы. Әрине тағы көптеген пайдасы бар тофуның, ол жайлы in details Гугл айтып берер. Мен бүгін таңертең аса жеңіл … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 2 пікір

бокал ішінде кекс

Бір бокал ішінде кезек кезегімен 1 кішкентай жұмыртқа + 2 ас қасық қант + 2 ас қасық какао + 4 ас қасық ұн мен 0,5 ш.қ. разрыхлитель + 3 ас қасық өсімдік майы + 4 ас қасық сүт араластырыңыз. Сұйық … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас, микротолқынды пеш | Пікір қалдыру

геркулес қосылған оладьи

Жасалынуы ғана емес, бұл оладьилер  ең бастысы ағза/асқазан үшін жеңілдің жеңілі . Құрамында геркулес болғандықтан, дәмі аздап «ржаной» нанға саяды.  Әдемі әрі «воздушный» болып піседі. Қысқасы, маған қатты ұнады. Тағы бір ретте жасап көруге тұрарлық рецепт. Ыстықтай жеген жақсы, қасына … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

тез жасалынатын асам

Ескі блогым орналасқан платформа – блогспот – бір жылдай  ашылмай тұрған соң, ол жердегі блогыма ешқандай жаңарту жасай алмай жүргенмін. Содан болар блогым түрлі спамдарды магнит ұқсап жинайтын болды. Реттейін десем, блог ашылмайды. Ойлап-ойлап, қимай-қимай, ақыры блогспоттағы блогымды біржолата өшіруге бел … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

саңырауқұлақпен омлет

1 тілім колбаса 1 жұмыртқа аскөк 1 саңырауқұлақ тұз / қызыл бұрыш Саңырауқұлақ пен колбасаны майдалап тураңыз. Аз майға қуырыңыз. Бөлек ыдыста жұмыртқа + майдалап туралған аскөк + тұз + қызыл бұрыш араластырыңыз. Қуырылған заттарды суытып, жұмыртқа қоспасына қосыңыз. Бәрін бір араластырып, табада үстін жауып пісіріңіз.

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

bin dae duk немесе корей оладьилері

Бұл оладьилердің құрамына қалауыңыз бойынша әртүрлі нәрсе қоссаңыз болады. Бәрін блендердан өткізіп пісірсеңіз де болады. 1 стакан су 1 стакан ұн көк пияз асқабақ кабачки саңырауқұлақ ащы бұрыш сұйық май тұз 2 жұмыртқа Жұмыртқа + ұн + су + тұз + май … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

жармақ қосылған сырниктер

Өткен демалыста таңғы шәйға келген қыздарға Гүлба екеуіміздің жасаған сырниктер осындай болып шықты =) Өзі де қыздарға дұрыс дайындала алмағаным үшін ұялып жүр едім, қырсыққандай сырниктер де құрғақтау болып шықты. Жармақ мөлшерін дұрыс біле алмаған сияқтымыз. Дегенмен қаймақ қосып, сырниктерімізді … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 2 пікір