Category Archives: Сусындар

қарбыздан салқын сусын

Күшті сайтпен бөліскім келіп тұр – http://www.kuttybolsyn.kz – интернетті аралап жүріп тауып алғаныма сондай қуанып отырмын. Қазақша пайдалы сайттарды (www.olen.kz, http://www.sozdik.kz сияқты) көрсем шын қуанамын. Той үшін жақсы «шпаргалкаларға» толы «Құтты болсын» сайтының иесі кім болса да, осыңдай еңбегі үшін … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сусындар | 2 пікір

имбирь қосылған емді шәй

Алматының ауарайын түсіну қиын. +5 болып тұрып, кешкісін -5 болуы мүмкін. Осыдан кеп елдің бәрі жөтеле бастайды. Салқын күндері имбирь қосылған шәй ішкен жақсы. Имбирь дәмі қышқылдау болады, бірақ шәйға қант қоссаңыз қышқылдығы дым сезілмейді. Бірақ емдік әсері азаятын сияқты. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сусындар | 4 пікір

корейлік женьшень шәйі

Бүгін жәй жақсы бір шәймен бөліскім келіп тұр. Бұл кореяның мақтанышы – женьшень – тамырынан жасалынған шәй. Женьшеньді өсіру өте қиын екен. Ең жақсы тамырлар алты жылдай (!) өседі. Бір рет жиналған женьшень тура сол топыраққа қайта отырғызылса шықпай қояды … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: ***, Сусындар | 4 пікір

алша мен алма қосылған компот

Балалық шақтың сусыны – компот! Көбіне күзгі күндері, бақшамыздың жеміс-жидектері берекеттенген уақыт қайнатылады. Компоттың көп пайдаларымен қоса басқа сусындардың қасында үлкен артықшылығы бар – оны қолыңыздағы жемістерге қарай қалауыңызша түрлендіре аласыз. Сәрелерімізде шәй орнына жақсы альтернатива болатына сенемін. – 3 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сусындар | Пікір қалдыру

үйдің коктейлі

«Өзіннен кейінгіні көріп қартаясын» екен расында да. Кеше үйдің еркесі, көзімізде үнемі «кішкентай» болып қала беретін інім досының тойында «дружка» болды.. ол да есейді.. өмір-өзен.. – 200 гр сүтті балмұздақ– жарты стакан шабдалы шырыны– 1 тілім лимон шырыны Блендермен бәрін … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сусындар | Пікір қалдыру

томат шырыны

Томат шырынын үйде жасауды Гүлжан Ж. құрбымнан көріп үйренгенмін. сонау 90 жылдары. сондағы әлі күнге дейін ұмытпай есімде қалудың себептері- дәмділігі, шырынның томат пастасынан жасалынатыны, жасалу тәсілінің оңайлығы. інім «магазиндікіне оңша ұқсамайды» десе де, маған үйде жасалынатын томат шырыны ұнайды. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сусындар | 2 пікір

лимонды балды шәй

Шайыңызға лимон мен бал қосып ішіп көріңізші – өте дәмді. Әрі пайдалы. Алматының күтпеген жерден қайтып оралған аязды қыс күндері мұндай шәй highly recommended!

Орналастырылған санаттары: Сусындар | Пікір қалдыру

қазақ-түрік кофесі

Бір кездері түріктер кофені шәйдан да көп ішетіні біреуге мәлім, біреуімізге беймәлім. Тіптен ‘kahvalti’ (таңғы ас) сөзінің түбірі де – кофе. Уақыт өте түрік кофені жасау сиректене бастаса да, кофе әлі де қонақжайлылық пен дәулеттілік белгісі болып саналады. Түрік кофе … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Сусындар | 1 пікір

сүтті коктейль

Негізінде «сүтті коктейль» аспаздықта бар. Бірақ мен жас кезімізде Алматының дерлік әр жерінде сатылатын сол жылдардың «сүтті коктейль»ін аңсаудамын.. сол коктейльдің рецептін табамын деп, әлі талай коктейль рецепті жасалынар.. – 200 гр балмұздақ– 200 гр сүт– шоколад соусы неге екенің … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сусындар | 2 пікір

Тұмау емі – балды сүт

Біздің үйде тұмау жүр :( Антибиотиктер алынатын ең соңғы шара десек, тұмауға қарсы ең жақсы ем – бал қосылған сүтті шәй! немесе кішкентайымызда ішуден қашатынымыз – сары май қосылған сүт! Сіздер немен / қалай емденесіз? Бір стакан ыстық сүтке бір … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сусындар | 1 пікір

Айвадан компот

Айва – оңтүстік өңірлерде өсетін жеміс. Айва басқа жемістерге қарағанда ең кеш пісіп жиналады. Біз бақшадағы айваларымызды қарашаның басында ғана жинадық. Негізі, айвалар қырау түскенге дейін жиналып сақталса, оларды ақпанға дейін сақтауға болады! Салқын жерде тұрған айвалардың қышқылтым дәмі азая … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Консервілеу, Сусындар | Пікір қалдыру

Шай құю мектебі

Өткен айдың «Той Әлемі» журналының беттерін парақтап, көзім бір қызық жарнамаға ілінді. Ол жерде былай деңілген: «Қонақтардың көңілінен шығатындай шай құюды үйренемін десеңіз, Қазақтың ұлттық шай құю өнері мектебіне келіңіз!». Ұймдастырушы кім десеңізші.. Қазақ Ұлттық Әдет-Ғұрып, Салт-Дәстүр Академиясы! Таң қалдым … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сусындар | Пікір қалдыру

Қарақат шырыны (морс)

Бүгін өте қуанышты болып отырмын! Өте! Оған бірнеше себеп бар:1- Бір танысымның жолдасы авариядан кейін комада жатқан еді. Сол баланы кеше реанимациядан палатаға ауыстырыпты дәрігерлер!2- Гаухармен 3 сағат әңгімелесіп, айтқан әрбір сөзіне шынайы риза болдым! (рахмет саған.. және кешір)3- Келінжан … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сусындар | Пікір қалдыру

Ананас шырыны

Ананас оте пайдалы коконис. Оны аршып, тураудын ози косымша онер. Егер кою шырын жаксы корсениз, блендерда жасаныз, егер де – суйык шырын унатсаныз шырынсыккышты (соковыжималк) пайдаланыныз. Газдалган су, шырынгы косымша озгешелик береди. Корицаны талгамынызга карай косыныз, мулдем коспасаныз да болады. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Сусындар | Пікір қалдыру

Суттен коктейль

Массагандагы форумда Назик деген муше берген рецепт бойынша жасалган. Назик, рахмет, оте дамди болды. Асиресе татти кумар иниме оте унады :) – 100 гр балмуздак– 5 касык муздай сут– 3 касык кант Барин блендердин ишинде араластырыныз. Суыктай ишиниз.

Орналастырылған санаттары: Сусындар | 3 пікір