Сәуір (2023) Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 тараулар:
- * досымның мәзірі (26)
- * giveaways (4)
- * қолөнер (16)
- *** (107)
- Балық тағамдары (23)
- Гарнир мен соустар (37)
- Десерт (43)
- Ет тағамдары (52)
- Консервілеу (13)
- Көкөніс тағамдары (61)
- Мастер-класс (32)
- Печенье (58)
- Пиццалар (27)
- Салаттар (майонезді) (33)
- Салаттар (майонезсіз) (46)
- Сорпалар (34)
- Сусындар (16)
- Таңғы ас (70)
- Торттар (34)
- Тәтті бәліштер (47)
- Тұзды бәліштер (47)
- Ыстық тамақ (41)
- кекстер (34)
- маффиндер (32)
- микротолқынды пеш (4)
- Ұлттық тағам (25)
- Ұн тағамдары (34)
Category Archives: Сорпалар
дайын жаймадан көже
Үйде былтыр Абердиндегі оқуларын бітіріп кеткен қазақтардан қалған көөөп дайын қамырымыз бар. Соларды бір пайдаға жарап көже пісіретін болдым өткенде (қазақша ет аса салуға мұрша жоқ). Сол көже төмендегідей болып шықты. Қамыр белорустардың клецкиі сияқты да емес, қолдың сорпасы сияқты … Оқуды жалғастыру
шотландияның суығына қарсы ыстық көже
Англияның ауа-райы туралы көп айтылып, көп естілді. Шотландияның ауа-райын болса бірі білер, бірі білмес. Оны мен айтайын ) Мына жақта ауа-райы мың құбылады! Мысалға, таңертең қар жауып, түскісін бірден күн ашылып кетеді де, күннің көзге шалатыны соншалық кейбіреулер көзілдірік киіп … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Сорпалар
Пікір қалдыру
маш көже
Бүгін сағат 10:00-де Алматыда жер сілкінісіне қарсы оқулар болды. Болғаны болды ғой, бірақ сиренаны біреуі естіп біреуі естімепті де. HSE департаментіміз офисті толығымен далаға шығартты, қасымыздағы мемлекеттік (!) поликлиникада қыстырған жан жоқ. Офисі менікіне жақын орналасқан құрбым болса мүлдем естімепті. Ұйымдастырған бүткіл қалалық … Оқуды жалғастыру
лобия көжесі
Ауа-райының суығы көктемді сездірмей тұрғаны-ай. Әсіресе өткен жексенбі күнгідей жаңбыр + суық + жел болған кезде, ешқайда шықпай, ыстық шәйдан ұрттап, ыстық көже ішіп үйде отырғың келеді. Көктеміміздің осындай ерекше салқын күндерінде, төмендегідей көже жасаған жақсы. Басқасы емес – лобиядан! Өйткені … Оқуды жалғастыру
тауық сорпасына піскен булгур көжесі
Тойымды бір көже. Тауық сорпасымен ғана емес, басқа ет сорпасымен де пісіруге әбден болады. Ал ет орнына көжеге ірі тәтті бұрыш турап қоссаңыз, әдемі көкөністі көже болып шыға келеді. Жасап көріңіздер – бізге ұнады. жарты кесе ірі булгур 3 тал … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Сорпалар
Пікір қалдыру
корей сорпасы: миок кук
Орысша айтқанда «суп на любителя». Ламинария немесе басқаша айтқанда теңіз қырыққабаттың пайдасын елге айтып айтып жегізу керек – сонда тез желінеді. Хе-хе. Түрі онша емес бірақ. Бұл сорпа корей ас үйіне тиесілі. Сорпаны көбіне туған күндерінде пісіреді корейлер. Сондай-ақ сорпаны … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Сорпалар
Пікір қалдыру
балық сорпасы
Аз майға туралған пияз бен үккіштен өткізілген сәбізді қуырыңыз. 1 түйір сарымсақ пен ащы бұрыш қосып араластырыңыз. Су немесе ет суын құйып, қайнатыңыз. Тұз қосыңыз. Енді сорпаға майдалап туралған картоп пен орта үлкендікте туралған балықтың етін (филе) қосыңыз. 15 минуттай … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары, Сорпалар
2 пікір
асқабақ сорпасы
Асқабақ сорпасы емес «қызыл» сорпа деп аталса да болады. Өйткені құрамындағы барлық заттар қызыл түсті. Жеңіл әрі тойымды бір сорпа. асқабақ (шамамен 200 гр) 2 сәбіз 1 стакан қызыл жасымық 1 ащы бұрыш 1 түйір сарымсақ 1 пияз тұз аскөк … Оқуды жалғастыру
булгур мен қызанақ сорпасы
1 стакан майда булгур 1 пияз 1 қызанақ 2 қасық томат 2 көк бұрыш 1 ащы бұрыш аскөк сарымсақ тілімі еттің сорпасы тұз және бұрыш кепкен мята Пиязды турап майға қуырыңыз. Аздап мята қосыңыз. Бұрыштың екі түрін де майдалап турап, … Оқуды жалғастыру
көкөністі көже
Оразаларымыз қабыл болсын! Бүгін жасалынуы жеңіл бір көжені ұсынбақшымын. Ауызашарға жақсы вариант. Әрі жасалынуы тез, әрі пайдалы, әрі жеңіл. 2 ірі картоп 2 цуккини 3 қызанақ 1 пияз 1 сәбіз аскөк сарымсақ пен тұз Картопты аршып, майда төртбұрыштарға тураңыз. 1,5-2 … Оқуды жалғастыру
балық сорпасы (korean version)
ал, аспаз ханым, жаңа қонысын құтты болсын! =) Несін жасырайын, блогспотпен үлкееен қимастықпен қоштастым. 6 айға жуық күттім әне-міне ашылып қалады деп, эхххх бұйырмаған деп осыны айт, ашылмай қойды ақыры =) блогспот ауылындағы бұрынғы үйім кішкентай болса да тиянақ, қарапайым, жинақы … Оқуды жалғастыру
әпкемнің борщы
Өткен апта әпкем мен жиендерім үйге қыдырып келген болатын. Сонда әпкем дәмді борщ пен вегетериандық орама нан жасаған еді. Өте ұнады. Қолдары дерт көрмесін. Орама нанның суретін түсіріп үлгермесем де, борщтың суреті мен рецептін көп кешіктірмей беріп тұрмын. Әпкемнің айтуы … Оқуды жалғастыру
вегетериандық сорпа
Елдің бәрі демалыста :( Түсінгенім жылдық демалысты жазда алу керек! Әрине демалған қай мезгіл болса да жақсы, бірақ жазда жұмыс істеу 2 есе қиын.. – 1 пияз– 1 сәбіз– 1 картоп– 1 ш.қ томат– 2 ас қасық жүгері– 100 гр … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Сорпалар
Пікір қалдыру
тауық сорпасы
Науқасқа тауық сорпасын неге ішкізетіндерін білесіз бе? Иә, тауық сорпаның холестирин азаюына септігін тигізіп, тұмау мен тамақ ауруына қарсы керемет ем болумен қатар, иммунитеттің күшеюіне кәдімгідей көмектесетіндігінен. Тауық сорпасы негізінде мөп-мөлдір болып пісуі керек. Мендегіне қарамай-ақ қойыңыздар: аскөк, бұрыш қосып … Оқуды жалғастыру
қозықұйрық сорпасы
– 1 пияз– 1 сәбіз– 2 ас қасық томат– тұз, бұрыш– 250 гр қозықұйрықтар– 1 сарымсақ– 1 картоп– 1 қызанақ– 1 литр сорпа немесе қайнаған су Пияздарды, сәбіз бен қозықұйрықтарды майдалап тұраңыз. Майға қуырыңыз. Қызанақ пен томат қосып араластырыңыз. Сарымсақ … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Сорпалар
Пікір қалдыру