Category Archives: Салаттар (майонезді)

тунец пен тәтті бұрыш салаты

1 консервіленген тунец 2 жұмыртқа 1 тәтті бұрыш Жұмыртқалардан омлет жасап, ұзыншаларға ал тәтті бұрышты тқртбұрыштап турадым. Бәрін тунецпен араластырдым. Аздап майонез бен аскөк қосуға болады.

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | Пікір қалдыру

қызанақ пен жұмыртқа салаты

Қызанақпен жасалынған тағы бір тағам түрі. Салаттың жасалынуы оңай, құрамындағы майонез бен сарымсақ болмаса, салатты жеңіл деп те айтуға болар еді. Дегенмен сахурға болмаса да, ауызашар үшін жасауға тұрарлық. 2 қызанақ 2 жұмыртқа 2 ас қасық майонез аскөк жарты тілім … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | 5 пікір

қияр мен ет салаты

Салаттың авторы мен емес, мен тек суретін түсіріп отырдым. Сурет онша емес шыққанымен, салаттың дәмі өте жақсы болды. Құрамында майонез болғанына қарамастан (жаз мерзімі үшін ауыр көрінуі мүмкін), ертең-ақ бұл салатты жасап көруіңізді ұсынамын. Мен солай жасамақшымын. қияр піскен жұмыртқа … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Салаттар (майонезді) | 1 пікір

жұлдыздың салаты

Кеше Жұлдыз пікір жазып, оңай жасалынатын рецептпен бөліскен болатын. Соны бүгін таңертең жасап көрдім. Кештеу оянғаным үшін, жұмысқа кешігіп қалмайын деп, тез-тез жасаған едім. Салаттың түрінен де көрініп тұрған болар. Әйтпесе, салаттың шеттерін әдемілеп «ажурный» ғып сәндемекші едім бастапқыда. Әттең! … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | 10 пікір

мексикан/жұлдыз салаты

Бір танысым Асыл Арнадағы «адал ас» бағдарламасы туралы айтып, қызықтырған болатын. Жақсы-ақ бағдарлама екен. Жүргізушілерден біреуі Едігенің Жаннатына қатты ұқсағандықтан ба (түрі де, сөйлегені де)  бағдарламаны аяғына дейін қарап шықтым. Сол күні олар «Жұлдыз» атты салат жасады.  Сүйтсем онысы Ақбанудың … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | 4 пікір

консервіленген балықтан салат

Консервіленген балықты жақсы көретіндердің салаты. Жақсы көрмейтіндер болса,  балықтың дәмін «басу» үшін салатқа майонез қосса болады. Бұл салатты «еріншектің салаты» десе де болады, өйткені ол шұғыл жасалынатындардан. консервіленген скумбрия немесе тунец 1 қияр 1 қызанақ 2 жұмыртқа 3-4 ас қасық … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді), Салаттар (майонезсіз) | 2 пікір

күнбағыс салаты

Кеше мамамдардың достары шәйға келген еді. Жақсы бір отырыс болды. Бір бірін 25-30 жыл бойы танитын достардың кездесуі ерекше болады екен. Қатты тамсандым. Дастарғанға 1-2 жаңадан басқа, ескі тағамдар жасалынды. Күнбағыс салаты – күннің жаңа рецепті.   Күнбағыстың үстіндегі «божья коровканы» көріп тұрсыз ба? … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | 9 пікір

футбол салаты

Ауада футбол вирусы бар. Маған бұл вирус былтырғы Қазақстан-Англия ойыны кезінде жұққан болатын. Хе-хе сол кезде менің гипер-актив жанкүйерлігіме (бір орында отыра алмай, қайта қайт орнымнан тұрып вратарьдың шабандығына ашуланып/ұрысып, нервничать еткеніме) қарап інім «саған футбол қарау зиянды!» деген диагноз … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | 3 пікір

Айшаның салаты

Өткенде Айшаның Несибе атты кішкентайының тұсауын кестім! Өмірімде бірінші рет! Мен үшін бұл үлкееен құрмет! Өкініштісі түк дайындықсыз барыппын. Еш болмағанда «апаларға» жарасатын әдемі бір бата жаттап барғанымда ғой. Жедел түрде дүстүр-салт энциклопедиясын парақтауым керек. Бұйырса барлық ырымдарға қарамастан Несибе … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Салаттар (майонезді) | 3 пікір

картоп-қияр салаты

Өткен демалыста Райымбек жақтың (Алматы сырты) тауынан сырғанауға бардық. Сол жаққа Жазира дәмді салат жасап келген болатын. Жасалынуы жеңіл, «шикізаты» да оңай: қияр, жұмыртқа, майонез, чипсы. Бүгін сол салат есіме түсіп, түскі асқа жасап көрдім. Маманың кеңесімен піскен картоп пен … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | 2 пікір

етті тұрып салаты

Алкенза досымның айтуы бойынша бұл салат өзбек ас үйіне тиесілі. Негізінде салаттың үстіне домалақтап кесілген жұмыртқаны қойып сәнде деген еді Алкенза, бірақ төмендегідей де әдемі көрінген сияқты өзіме. Салат ұнады, қосымша ретінде ішіне жүгері қосылса қатып кететін сияқты. – орта … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | 2 пікір

шалғам мен тұрып салаты

Алматының ауа-райынай! Кеше ғана жылы болды, бүгін болса жаңбыр жауып, күн күрт суып кетті. Алдымыздағы 3 күндік демалыста жақсы болса екен ауа-райы… көп нәрсе жоспарлап қойған болатынмын… жақсы болса екен… – шалғам– тұрып– майонез– аскөк– аздап тұз Шалғам мен тұрыпты … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | 2 пікір

Тұрып-сәбіз-қызылша-алма салаты

Салатты Пупсиктен үйрендім. Ерекше жасағаным: тұрып қосып, кукуруза алып тастадым. Сосын менің корей салаттарын тұрауға арналған арнайы үккішім болмады да, қолмен тұрадым. Содан болса керек: Пупсиктегідей әдемі шықпаған сияқты, әттең. – 1 тұрып– 1 сәбіз– 1 қызылша– 1 алма– майонез … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | Пікір қалдыру

Скумбрия салаты

Осы салатты әлі күнге дейін Аспаздыққа жазбағаныма сене алмай тұрмын! Салатты әпкемдікіне қонаққа барғанымда көріп, осыдан бірнеше рет жасадым. Дәмін татқандардың аса жоғары бағасын алатын, үйреншікті емес, жасалынуы оп-оңай, дастарханыңызды жайнататын керемет салаттың түрі. – 1 банка консервіленген скумбрия балығы– … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | 2 пікір

"Гранатовый браслет" салаты

..немесе «анар қосылған салат». Бұл салат бұрын жасалынып, сайтқа жазылуға өз кезегін күтіп жүрген тағамдардың бірі. Көп жерде салаттың «білезік» эффекті үшін ыдысқа бір бөтелке қойып, айналасына салат қоюды насихаттайды. Маған бұл әдіс өте машаққатты көрінді. Мен былай жасадым: ортасы … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | 1 пікір