Category Archives: Пиццалар

Қызыл балық пен грибы қосылған пицца

қамыры: жарты стакан жылы суға ерітілген ашытқы + 2 ас қасық сүт + 2 ас қасық сұйық май + тұз + 1 жұмыртқа + ұн үстіне: қуырылған көкіністер (пияз + сарымсақ + саңырауқұлақ) + кетчуп + қызыл балық + ірімшік

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

leftover пицца..

… немесе тоңазытқышты тазалаудан туындаған дәмді тағам! Кешегі тофу чоримнен артылып қалған тофу, ауызашарға дайындалған бауырсақтан артылған қамыр, желінбей жетімсіреп жатқан шұжық пен 3-4 күн бұрынғы пісірмеден қалып қойған қозықұйрық пен ірімшік. Осының бәрін қосқандағы нәтиже төмендегідей болды. Пиццаны ұнатқаным … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

айжаннұрдың пиццасы

Сарымсақты пиццаның мәзірін жазғанымда Айжаннұр өзі ұнатып жасайтын пицца мәзірімен бөліскен болатын. Сол пиццаны жасап көрдім. Негізі пиццаның ішіне қосқандарым бұрынғыдай «стандартты» заттар болды. Ерекшелігі – қамырында ғана. (Айжаннұрдың мәтінін өзгертпей беріп тұрмын) Бір кесе айран, екі ас қасық майонез, бір … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

сарымсақты пицца

Басында жай ғана сарымсақ пен пияз қосылған пицца жасамақшы едім. Бірақ  тоңазытқыштағы left-over заттарды көріп, оларды да пиццаға қосатын болдым. Нәтижесінде пицца атауына сай «үйде не бар» соның бәрін қосып жібердім. Сонда да пиццаны «сарымсақты» деп тұрмын, өйткені бұл пиццаны … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | 3 пікір

Айнұр апайдың пиццасы

10 күндік демалыстан кейін жұмыс істеу бір азап екен. Жылдың ең қысқа айы ақпан емес толық сеніммен қантар деуге болады: адамдар айдың ортасына дейін жаңа жылдық демалыстардан кейін өз өздеріне келе алмай жүреді. Жұмыс тоқтап, офисте адам аз (елдің көбі … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | 1 пікір

еріншектің пиццасы

Сенбі күні «Асыл ет»тен фарш күтіп, ауызашарға дұрыстап дайындала алмадым: дүкендегілер фаршты тек қана түстен кейін дайындайды екен. Ораза кезінде біраз ыңғайсыз сияқты мұндай уақыт кестелері.  Осылай түске дейін асыл еттің 1-2 дүкенін аралап жүріп алдым да төмендегідей менюді ғана дайындай … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

итальяндық пицца (соусы)

Ауруханада жатқанымда (қандай қорқынышты естіледі) таңертең ерте тұрып, далаға шығып күнде бір сағаттай қітап оқитынмын. Күн ысымай тұрғанда,  тып-тыныш аулада кітап оқу – демалыстың өзі екен. Рахатизм. Сол кезде бұл әдетті кейін де жалғастыруға ниеттенгенмін  – жұмыстың алдында үйіміздің қасындағы екі парктің біреуіне барып тұрамын деп. Қарбалас өмір … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

қияр мен жүгері қосылған пицца

Соңғы кездері үйде үнемі қызанақ, сосис пен ірімшік болдыруға тырысамын. өйткені осы үш нәрсе тоңазытқышыңызда болса, 5-10 минут ішінде ақ қытырлақ дәмді пицца жасап тастауға болады. Әсіресе басқа ешбір тамақ жасауға күшіңіз қалмаған кезде.. Бұл жолғы пиццаға тұздалған қияр, сосис, … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

пиязды пицца

Білуімше италияндық (пиццаның атамекені) пиццалардың нандары жұқа, қытырлақ болып келеді. Яғни, пицца жеген кезде нанынан көп ірімшік, қызанақ т.сс қоспалары сезіліп тұрады. Төмендегі пицца қамыры – менің қиялымдағы нағыз италияндық пиццаның нағыз өзі! Алғаш жасағанымда көңілімнен аса шықпаған болатын, бірақ … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

түрікше пицца: pide

Пиде әр-түрлі болады: сосис қосылған, фарш қосылған, ірімшік қосылған… ешнәрсе қосылмағаны да. қысқасы – итальяндық пиццаның түркияда туылған туысы. аты не болса да, тез жасалынатып «пицца»лар қатарына қостым. негізінде пиденің шеттеріне томат жағылмайды, маған томатпен сүйкімділеу көрінді. төмендегі мөлшермен 8 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

қызыл балық қосылған пицца

қамырын жеке рейтингімде қазіргі уақытта №1 болып тұрған аралас пиццанікіндей жасадым. хехе, бұл жолы ешнәрсе ұмытпай бәрін дұрыс жасадым. өте ұнады. жақын кезде пицца жасар болсаңыз, міндетті түрде осы әдіспен жасауды «советтеймін». ішіне қосқандарым:– 50гр қызыл балық (көп болса дәмдірек … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары, Пиццалар | Пікір қалдыру

аралас пицца

қамыры жұқа, қытырлақ, дәмді пицца! пиццаның үстіне қоятын заттарды қалауыңыз бойынша жасауыңызға болады. мен пиццаның жартысына қуырылған пияз бен фаршты қойып, екінші жағына сосистерді қойып пісірдім. әдеттегідей асығыс болғандығымнан, пицца қамырын илегенімде тұз қосуды ұмытып кетіппін! онысым қамырды жаяйын деп … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

ірімшіксіз пицца

Қалаған пицца қамырын жасап, үстіне қалағаныңызды қойыңыз. Мен алдыменен фаршты қуырып, ащы бұрыш пен аздап көкпияз тұрап, үстіне қызанақ тілімдерін қойдым. Ең қызығы, бұл пиццада (суреттегі үлкендікте) ірімшік орнына: – 5 қасық майонез– 2 жұмыртқа Майонез бен жұмыртқаны жақсылап араластырып, … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

қара-қызыл түсті пицца

кәді құрамында белок, қант, майлар мен минералды тұздар бар. жас кәдінің іші тығыз, дәні жетілмеген болады – тағамға ең жарамдысы да сондайы. кәдіден жасалынатын тағам дегенде көбіне «тещин язык» салаты мен фаршталған кәді ғана ойымызға келеді; алайда кәдіден жасалынатын тағамдар … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

Қат-қат кәрзеңке

Қат-қат қамырдан осындай кәрзеңкелердің жасалынғаның бір сайттан көрген едім, ойымнан жасап-көру-керек деп қызыққаным есімде. Өкініштісі сайтты сақтап қоймаппын, сол үшін есіме түскені бойынша жасадым. Қатты ұмытшақ болғанымнан кәрзеңкелер өте қарапайым болып шықты. – жарты кг қат қат қамыр– 3 қызанақ– … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру