Category Archives: маффиндер

тәтті сүттен маффиндер

Қандай да болсын маффин жасау оңай, бірақ төмендегі маффиндер осы күнге дейін жасағандарым арасында ЕҢ оңайы. Керек заттар жағынан да өте тиымды, қамыры жұп-жұмсақ, қант мөлшері орта. – 1 банка тәтті сүт (сгущенка)– 2 жұмыртқа– 100 гр қаймақ (немесе айран)– … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

шрек маффиндері

Жасыл торттың рецепті астына торттың түсі қандай деп сұралған болатын.. суреттей алмай біраз ойландым.. иә, жазғанымдай «фисташкилерге» және кивиге ұқсайды.. және неге ұқсайды, білесіздер ме? төмендегі маффиндерді жасап тұрып ойлап таптым – шрекке! ;) бір тамақты адам-жейтін-дәуге ұқсату дұрыс болмас … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Зәйтун қосылған маффин

Ұнды керегінен көп қосқаным үшін, маффиндерім мини нанға ұқсап қалды :( – 4 шұжық (сосис)– 20 жасыл зәйтун– 2 жұмыртқа– 3 ас қасық айран– 3 ас қасық сұйық май– 1 стакан үгілген ірімшік– тұз– қара бұрыш– ұн– 1 ш.қ. разрыхлитель … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Кисель қосылған маффин

– 7 ас қасық ұн– 1 пакет құрғақ кисель– 1 разрыхлитель– 5 ас қасық айран– 3 жұмыртқа– 100-120 гр сары май Кисельді блендер ішінде ұнтақтаңыз. Жұмыртқа мен майды кезек кезегімен араластырыңыз. Қалған заттарды қосыңыз. Жақсылап миксерлеңіз. Маффин ыдысына қойып пісіріңіз. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Сәбіз қосылған маффиндер

– 2 стакан қант– 3 жұмыртқа– 100 гр сұйық май– 100 гр сары май– 250 гр үккіштен өткізілген сәбіз– 2 стакан ұн– разрыхлитель– 2 ш.қ. сода– корица– 1 ас қасық лимон суы Духовканы 185С жағып қойыңыз. Қант пен жұмыртқаларды жақсылап … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Пісте қосылған маффин

Пістенің орнына басқа нәрсе қойсаңыз болады. Бірақ қамырын өзгертпей жасаңыз. Өйткені өте сәтті. – 140 гр қант– 250 гр ұн – 1 ш.қ разрыхлитель– 1 ш.қ ванилин– 100 гр жұмсартылған сары май– 2 жұмыртқа– 200 гр сүт– жарты ш.қ. тұз– … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Мейіз қосылған какао кексттері

Үйдегілердің бәрі әпкемдердікіне тәтті жиенімнің туған күніне кетті. Мен «жүре беріндер, арттарынан кешікпей барамын» деп, анау-мынау пісіруге кірістім. Ешнәрсе пісірмесем, ішім ауратындай. Басында Айшаның рецепті бойынша кекс жасамақшы едім, бірақ екі пирог пен сарма (! иә, қайтадан сарма жасадым!) жасаумен … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Шоколад маффиндері

Білмеймін мен сияқты қияли кісілер ғана ма; кейде жұмыс кезі болсын, басқа болсын, достарымды, туыстарымды қатты сағынып кетемін, сонда дереу телефон соғып жәй ғана «қалайсың?» дегім келеді. солай істеймін да көбіне, сонда арғы жақтағылар «тыныштық па?» деп күледі. сағынышымды түсіндіре … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Алма маффиндері

Кеше қыздармен Медеу жақтың мұз алаңына барып қайтқан болатынбыз. Сол шағын «пикнигімізге» анау-мынау жасауға ниеттенген едім. Алайда кеш оянғаным үшін «анау-мынауыма» бар жоғы 1 сағатым ғана қалғанын көріп шок болдым. Енді қайттім дегенде бірнеше күн бұрын Simple Daily Recipes сайтынан … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Банан қосылған маффин

Үйде тұрып қалған банандардан одан әрі кешіктірмей бір нәрселер жасауым керек болды. Уақыт та көп емес (қыздармен кездеспекпіз) – яғни, не жасалынса да тез жасалынатындардан болуы қажет. хм, маффин немесе пицца! Банан қосылған пицца құлаққа ерсі естілгеннен, маффин жасадым. – … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Асқабақ қосылған маффиндер

Гаухардың сайтында асқабақ қосылған маффинді көрген кезден жасағым келген еді. Өкініштісі, рецептті adjust етпегендігімнен 12 маффин қамыры сәл сүйықтау болып шықты да, маффин көтеріліп ұнның кемдігінен қайта түсті [піскен асқабақты қосқанымнан ба әлде?]. Қалған аз-ақ қамырға көбірек ұн қосып едім, … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Корица қосылған маффин

Portakalagaci сайтынан алынған рецепт. Кекс қағазына жабыспай оңай шығуы үшін сары май көлемін көбейттім + 1 қасық орнына бір пакет разрыхлитель қостым. – 1,5 стакан ұн– 1 пакет разрыхлитель– жарты шәй қасығы тұз– 100 гр жұмсарған сары май– 1 стакан … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Айва қосылған маффин

– 200 гр ұн– разрыхлитель– тұз– 50 гр қоныр қант– 1 жұмыртқа– 200 гр сүт– 50 гр жаңғақ ұнтағы– алдын ала қабығы аршылып пісірілген айва Духовканы 200С қыздырыңыз. Бір ыдыста еленген ұн + разрыхлитель + тұз араластырыңыз. Бөлек ыдыста қант … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Алма қосылған маффин

Маффинолизмнен ескен тағы бір туынды. Екі рет жасадым, екеуінде де сәтті шықты. Бір ретінде жұмыстың түскі үзілісі кезінде жасағанмын! Яғни, бұл маффиндер 1 сағаттан аз уақыт ішінде жасалынып пісітін оп-оңай, дәп-дәмді маффин! Highly recommended! Рецепт 12 маффинға есептелінген – 1 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Маффинолизм!

Өткен айт демалысында қыздармен айт себебімен бір бірімізге сыйлық жасамақшы болғанда, сыйлық іздеп Сити Центр жаққа бардым (сол жердің Ideal Home қабаты керемет ұнайды – ешнәрсе алмаған кездің өзінде, әдемі ыдыс-аяқ қарағанды ұнатамын). Маффин форманы алам деп жүргеніме бірталай айдың … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру