Category Archives: маффиндер

брюсселдік вафли

Былтыр жазғы Еуротурдан дәмді естелігім – брюсселдік вафли. Сол кезден бері жасағып келіп жүрген тағамның бір түрі. Тұған күніме сыйлыққа түсетін вафли пісіретін арнайы құрылғыны күтіп жүрдім )) оны маған алып берген ініме рахмет. Бельгияда вафли фаст-фуд ретінде кеңінен таралғанын … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: кекстер, маффиндер | 4 пікір

сүзбелі маффиндер

Уах, жаңа ешнәрсе пісірмегеніме қандай көп болған. Қу тіршілік! Бұзылуға бет алған сүзбе болмаса, бүгін де ешнәрсе жазылмас еді аспаздыққа. Иә, иә.. сүзбенің обалына қалмау үшін бүгін тездетіп одан бірнәрсе пісіруім керек болды. Көп ойланбай, маффин дайындадым. Қантты аздау қосқаным … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | 3 пікір

қожақаттан маффиндер

Уордпресс жабық тұрған кезде жасалынған жаңа рецепттерден біреуі – қожақаттан (ор. ежевика) маффиндер болатын. Сол рецептпен бөлісейін. Маффиндер ойлағанымнан жақсы болып шықты. Қожақат толығымен езіліп кетпей, кесілген кезде әдемі болып көрініп тұрды, жеген кезде дедәмі сезіліп тұрды. Ұнады. п.с: Қожақат … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

шоколад қосылған кілегейлі маффиндер

Үлкен кексттердің кішкентай туысқандары – маффиндер. Оларды порциондық кекстер десем де болатын шығар. Кекстерді сияқты, маффиндердің ішіне де неше түрлі заттарды салып түрлендіруге болады. Төмендегілерге ірілеп туралған шоколад қостым. Шоколадым маффин сыртынан аса байқалмапты, дегенмен, әсіресе ыстықтай жеген кезде, піскен … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

«попытка не пытка»

Сәтсіз піскен бір тағамды сіз не істейсіз? Тамақ пісірумен қызыға бастағанымда, өте шыдамсыз болғандығымнан болар, сәтсіз шыққан тағамдарды ешкімге көрсетпей 10 пакетке орап  (қалың оралса тасталған саналмайды сынайы) лақтыра салатынмын. Кейін «ысырап» болады деп, сәтсіз тағамдарды алдап-сулап  ініме жегізетін болдым. Қазір болса, … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | 12 пікір

асқабақ маффиндері

Бұрын берілген рецепттен сәл өзгеше, бірақ бәрібір дәмді. Піскен кезде іші артығымен жұмсақ болып көрінді, бірақ маффиндер толығымен суығаннан кейін сырты да, іші да әдемі болады. 3 ас қасық қаймақ 1 жұмыртқа 100 гр асқабақ 3 ас қасық сұйық май 150 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | 2 пікір

апельсинді маффиндер

Кеше үйден таңертең сағат 8-ден кете ерте шықтым. Демалыс күні бұл уақытта Қазақфильм жақта тұратындар әлі ұйықтап жатады: көшеде адам аз, машина аз.. терезеден құстардың «сайрауы» ғана естіледі. Райымбек көшесіне жете бергенімде сағат 8:15 көрсетіп тұрды: көшеде адам лық толы, бәрі бір … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру