Category Archives: Көкөніс тағамдары

духовкада піскен жас картоп (ағылшын тәсілі)

Бірнеше күн болды далада қар жауып, ауарайы суып кетті. Ертең де қар жауады деп жатыр жұрттар. Біздің асүйдегі терезеден көрініс міне осындай қазір. Иә, дала сұп-сұр ) Бірақ ағаштардың үстіндегі құс ұясына қарасаңызшы! Екі құс көз алдымда салды ұяны, сондай … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары, Таңғы ас | Кілтсөздері , , , | 2 пікір

Кәді, саңырауқұлақ пен жас көкбұршақ қуырмасы

Шотландияда жүргеніме жарты жыл болып қалды. Расын айтсам, осы уақыт түк сезілмеді өзіме ) Шет елде жүргендей емеспін, жаңа жерге үйрене алмай қиналған күнім да болмады, шүкір. Әлде ұмыттым ба? Жоқ, болмаған сияқты ) Тез үйреніп кеттім. Әсіресе дүкендеріндегі түрлі … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | Кілтсөздері , , , | 4 пікір

брокколи мен ірімшік толтырылған тәтті картоп

Тітті картопты алғаш рет Қытайда жеп көргенмін. Бір ресторандарында түскі асқа құр картоптың өзін пісіріп жегізді бізге. Ол кезде аса қатты ұнамаған еді. Түсі де құңарлы сары еместі, ашықтау түсте болатын. Сосын Кореяға барғанымда да көп кездестірдім бұл картопты. Уақыт … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | Кілтсөздері , , | 3 пікір

үнді пакора

Пакора үнділерде өте танымал екен. Біздің кириешкилер сияқты ) Соның өзінде 2007 жыды Үндістанға барғанымда жеп көрмеппін оларды (ол кезде бейтаныс тамақ жегеннен аулақ жүрдім). Қазақстанда үнді асүйлер де оңша көп кездестіребермейсің. Мына жерде сол ұлттың өкілдері өте көп екен. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | Пікір қалдыру

макарондар мен шпинат

Аспаздықты басынан оқып жүрген адамдар болса, 15-20 минутта дайын болатын тағамдар менің фаворитім екенін түсінген болар )) Төмендегіні бүгін таңғы асқа дайындадық. Денсаулыққа пайдалы таңғы ас болып саналмаса да, дәмдәлігі жағынан ең бай таңғы астардан кем түспейді. Ең бастысы – … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары, Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

Көкөністі қуырылған күріш

Барлық жердегі магистерлік оқу сондай ме екен ол жағын білмедім, бірақ мына жақта аптасына бір күн толығымен сабақтан бос болады. Бүгін осындай day-off менде. Ауа райы қолайлы болса, теңіз жағасына баруға болады немесе дүкен аралап келуге болады. Айта кету керек, … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар, Көкөніс тағамдары | Пікір қалдыру

Брокколи мен ірімшік

Жатақхананың ас үйі ұнамай, ол жерден тез арада шыққым келіп жүрді. Finally, өткен апта үйге  шықтық. Негізі, Шотландияда үй жалдау кәдімгідей мәселе екен. Өйткені, жалға берушілердің дерлік көбісі жалға алушылардан кемінде айына 3 мың фунт айлық алатын гарант кісің бар … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | 3 пікір

картопты котлет

Білмеймін мен ғана ма, әйелдердің бәрі сондай ма – үйдегі азық-түліктердің мерзімі бітуге жақын қалғанда азарт пайда болып, жазылу/жасалынуы керек ондаған істерді шетке ырысыр қойып, екінші тыныс ашылғандай асүйде бір нәрселерді пісіріп отырасың )) Challenge сияқты болады ғой деймін.. Қысқасы, … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | 4 пікір

Omurice! (Omelet rice)

Ішіне: тауық + пияз + сарымсақ + томат пастасы + тұз бен бұрыш + аздап су + піскен күріш Сыртыңа: жұмыртқа + тұз + аздап сүт + кетчуп Алдыменен майдалап туралған пияз бен сарымсақты қуырып алыңыз да, туралған тауық және … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары, Көкөніс тағамдары | Пікір қалдыру

Broccoli with ginger and garlic

Сарымсақ пен имбирь қосылған брокколи жасау үшін алдыменен брокколи капустасын қайнаған суда 4-5 минуттай пісіріп аласыз. Зәйтүн майына майдалап туралған сарымсақ пен имбирьді қуырып алып, дайын брокколи қосып 1-2 минуттай қуырасыз. Сарымсақ пен имбирь мөлшері талғамға қарай алынуы керек, мен … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | Пікір қалдыру

асқабақ пісірмесі

Асқабақтар сезонымен, аспаздар! Алдымыздағы бірнеше апта бойы бақшамыздағы асқабақтарды пайдаға жарататын боламын. Сондықтан асқабақ қосылған мәзірлеріңіз болса бөлісіңіздер – қуана жасап көремін. Қазір сағат түнгі 12:40. Апта соңы жасап көргім келген бір асты жасап көріп, оны духовкаға қойып, енді аман-есен … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: ***, Көкөніс тағамдары | Пікір қалдыру

кәді икрасы

Бүгін кәді икрасын жасадым. Түрі тәбет аштырарлық болып шықпаса да, дәмі өте ұнады. Нанға жағып та, жеке өзін жеген де дәмді. Консервілеп банкаларға жауып тастауға да болады. Сіздер де міндетті түрде жасаңыздар. Ұтымды рецепт. (төмендегі мөлшерді 500-700 гр шамасында ғана … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Консервілеу, Көкөніс тағамдары | 5 пікір

картоптан мини шашлык

Картоптан шашлык жеп көргеніңіз бар ма? Мен мұндай шашлыкты алғаш Шымкенттен көрдім. Өте ұнаған болатын. Соны жасап көру керек-ау деп жүргеніме біраз болған, өткенде бар жігерімді жинап жасап көрдім! Хе-хе, өкініштісі менікі шымкенттегідей болмай шықты.. жармақты бекер қосқанымнан ба дәмі … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | 7 пікір

тофу чорим

Соңғы кезде азық-түлік алу кәдімгідей проблема. Үйдің қасындағы дүкеннен аз-аздан алып жүргім келмейді, бір шыққанда бәрін бірден ала салғым келеді. Магнумға бармағалы алты айдан асады. Оның үстіне, бәрін бірден алсам, оларды үйге (4 қабат) дейін шығару мәселе болады. Бүгін бұған … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | 2 пікір

көкөністі қайықтар

Рамазан айының арапасы құтты болсын! Әдетте бүгін қазақтар «иіс шығарады», яғни бауырсақ пен шелпектерді пісіріп – көрші, таныстарға таратады. Өз басым мұндай салтты адамдар арасында достық пен сүйіспеншілікті нығайтатын жақсы құрал деп білемін. Бүгін біздің үйде де иіс шығарылды. Бірақ … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары, Мастер-класс | Пікір қалдыру