Category Archives: Ет тағамдары

Фасоль

Соңғы кезде фасольді жиі жасайтын болыппын. Енді айнаға қараған сайын, фасольдің салмақ қосады дегендері рас-ау деп ойлап қоямын 😅 сонда да сондай ұнайды 🙈 әсіресе қасында күріші болса.. Фасольді алдын ала түнде суға жібітіп пісіруші едім бұрын. Гүлфияның айтқан әдісі … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | 2 пікір

Omurice! (Omelet rice)

Ішіне: тауық + пияз + сарымсақ + томат пастасы + тұз бен бұрыш + аздап су + піскен күріш Сыртыңа: жұмыртқа + тұз + аздап сүт + кетчуп Алдыменен майдалап туралған пияз бен сарымсақты қуырып алыңыз да, туралған тауық және … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары, Көкөніс тағамдары | Пікір қалдыру

духовкада піскен қарақұмық пен тауық

Соңғы кездері уордпресс дұрыс істемей жүр. Біресе ашылып, біресе ашылмай қалады. ҚЗ бойынша қайтадан жауып тастамаса болғаны. Әлде бұл проблема менде ғана ма.. Қазір ашылып тұрғанын пайдаланып тездетіп соңғы пісіргеніммен бөлісе кетейін. Қарақұмық пен тауық. Былай айтқанға рецепт жаңа (немесе … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар, Ет тағамдары | 7 пікір

жармақ қосылған тефтель

Кешегі ауызашарға төмендегідей тефтель жасаған болатынмын. Қасына күріш гарнирі. Бұрынғыларға қарағанда бұл тефтельдердің ерекшелігі құрамындағы жармақта. Тефтельдерге жармақ қосып бірінші рет жасауым (интернеттен оқып алдым). Нәтижесі қуантты. Интернет жоқ кезде қалай ғана өмір сүргенбіз, кейде шын таңқаламын..  Интернет, вива форевэ! ^^ 500 гр фарш 1 … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | 4 пікір

тауық етінен мини-шашлык

Шашлык десе Шымкенттегі «Кема» қонақүйіне қарама қарсы орналасқан кафедегі шашлык есіме түседі. Әттең, кафенің атын ұмытып тұрғаным-ай. Неше түрлі керемет шашлык жасайтын еді сол жердегі аспаздар. Дәмін ұмытар емеспін. Тіпті ол кезде солардың шашлыктарынан үйдегілерге де дәм таттыру үшін, банкаға … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | Пікір қалдыру

қаймақ соусты спагетти

Спагетти тез жасалынатын тағамдардың бірі. Мен негізі томаты көп спагетти жақсы көремін. Бұл жолы қаймақ қосып жасағаннан кейін, 1-ақ қызанақ қосқан едім. Ет пен көкөністер «сұйықтау» болсын десеңіз, қаймақ соусын көп қайнатпаңыз. спагетти немесе басқа макарон өнімі кілегей немесе қаймақ … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары, Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

юфка қамырынан бәліш

Түріктер өте жұқа жайылып дайындалған лавашты «юфка» дейді. Осындай юфкадан қытырлақ дәмді бәліштер мен тәттілер жасалынады. Төмендегі бәліштің тұпнұсқасы  «бөрек»тің рецептін бұрын аспаздық беттеріне енгізген едім, бүгін сол бәліштің рецепттін сәл өзгертіп step-by-step жасалынуымен бөлісейін. 2-3 жапырақ юфка 1 жұмыртқа … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары, Мастер-класс | 4 пікір

комп реттеу + холодец

Былтырдан бері қол тимей жүрген істерімнен біреуі -толайын деп қалған 350 ГБ-тік дискімді «тазалау» болатын. Жиналып қалған файлдар, сурет, кітаптар, әндер, презентациялар мен видеоларды реттеп, кем дегенде 30 ГБ босатуым керек болды. Содан демалысымды «генеральная уборка» жасаумен өткіздім. Екі күнді қосқанда орталама 8 (!) сағатқа созылды … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: ***, Ет тағамдары | 5 пікір

етті таңғы ас

Өте тойымды таңғы ас түрі. Әсіресе ер кісілерге ұнайтын болады деп ойлаймын. Өйткені құрамында ет бар =) 100 гр фарш 1 пияз бір тілім ірімшік бір жұмыртқа тұз, бұрыш Пиязды майдалап турап, фаршпен бірге қуырыңыз. Ортасын ашып, ішіне бір жұмыртқа … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары, Таңғы ас | Пікір қалдыру

бризоль

Бірнеше жыл бұрын Оспанованың үйіне қыдырып барғанымызда мамасы көөөөп бризоль жасаған еді. Сол кезде қалай ғана орады осыншаманың бәрін деп таңқалғаным есімде. Бризоль – жасалынуы қиын емес, сәнді әрі тойымды тамақтың түрі. фарш жұмыртқалар майонез тұз бұрыш аскөк Кісі санына қарай … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | 5 пікір

духовкада піскен көкөністер мен тауық

Бүгін тура бір ай бопты қызыл еттен бас тартқаныма! уау! вегетериандықтарға гип-гип-урра! гыгы адам баласының қолынан бәрі де келеді дегендері рас екен. ішіміздегі «жасай алмайсың», «шыдай алмайсың», «күшің жетпейді» деп тұратынды жеңе білсек, бәрі де мүмкін екен. өзімнің кішкентай да болса осы бір … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | Пікір қалдыру

35 минутта дәмді ет

Туған күніме жасалған күшті сыйлықтардың бірі – тез пісіретін қазан! (ор.скороварка / тур.duduklu tencere). Жасалынуы керек подаркілер тізіміне кіргізіп өзім сұрап алған болсам да :) Сосын бір танысым «кей жағдайда қақпағы атылуы мүмкін» деген соң онымен тамақ пісіруге біраз қорқақсынып … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | 2 пікір

болоньез соусты спагетти

Кеше Асыл Арнадан «балаларға базарлық» форматында 5-6 жасар балалар үшін діни сабақ болып жатыр екен. Орыс тілінде. Балалар көрпешелердің үстінде сабаққа зейін қойып отыр (сценарий бойынша). Бірақ та бүлдіршін «тыныш отыр» дегенге қашанға шыдасын – әрең отырғандары көрініп тұрды. Мұғалім … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | Пікір қалдыру

фаршталған кәділер

Фаршталған кәділердің басқа атауы да «карниярык» (түрк.) Жасалынуы машақатты көрінгенімен, тағамды 20-ақ минутта (+40 минут духовкада) жасауға болады. – 4 кәді – 500 гр майсыз фарш – 1 үлкен пияз – қалауыңызша: сәбіз, болгар бұрышы – 2 үлкен қызанақ – … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | Пікір қалдыру

түрлі көкөніс қосылған тауық

Осы рецептті сонау 2005 жылы Гаухардың жолдасы (ол кезде бойдақ) Ғалымжан бір форумға жазған болатын. Содан тез әрі оңай жасалынатынын көріп, өзім де жасап көруге асыққаным есімде. Бірақ үйден тауық таппай, тауық орнына ет қосып, тағы басқа заттармен түрлендіріп былай … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары | Пікір қалдыру