Сәуір (2023) Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 тараулар:
- * досымның мәзірі (26)
- * giveaways (4)
- * қолөнер (16)
- *** (107)
- Балық тағамдары (23)
- Гарнир мен соустар (37)
- Десерт (43)
- Ет тағамдары (52)
- Консервілеу (13)
- Көкөніс тағамдары (61)
- Мастер-класс (32)
- Печенье (58)
- Пиццалар (27)
- Салаттар (майонезді) (33)
- Салаттар (майонезсіз) (46)
- Сорпалар (34)
- Сусындар (16)
- Таңғы ас (70)
- Торттар (34)
- Тәтті бәліштер (47)
- Тұзды бәліштер (47)
- Ыстық тамақ (41)
- кекстер (34)
- маффиндер (32)
- микротолқынды пеш (4)
- Ұлттық тағам (25)
- Ұн тағамдары (34)
Category Archives: * досымның мәзірі
саумалдық қосылған түрікше бәліштер
Алиманың бізге жасап берген түрікше бәліштерімен бөлісейін бүгін. Негізі басында жасалу тәсілін видеоға түсіреміз ба деп едік, қырқ-қырқ күлкімен жетістіре алмадық онысын. Соткадағы видеоны да жақсылап түсініп алайын алдыменен деп видео-рецепттерді кейінге қалдырық. Again =) Бәліш түрік ас үйіне тиесілі. … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Мастер-класс, Тұзды бәліштер
Кілтсөздері ispanakli borek, саумалдық, түрік асүйі
1 пікір
шоколад пен хурма/шие қосылған печенье
Тәуелсіздік күніміз құтты болсын! 2012 жыл бітуге таяп қалды, блогымды әлі реттей алмай жүрмін. Бір күні отырып, барлық жазуларды реттеу керек еді. Бірақ шынымды айтсам, ескі жазуларды қайта оқуға батылым бармай жүр. Мектепте оқып жүргенімізде бір мейрам күні сахналық көрсетілімдерді … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Печенье
Пікір қалдыру
қияр мен ет салаты
Салаттың авторы мен емес, мен тек суретін түсіріп отырдым. Сурет онша емес шыққанымен, салаттың дәмі өте жақсы болды. Құрамында майонез болғанына қарамастан (жаз мерзімі үшін ауыр көрінуі мүмкін), ертең-ақ бұл салатты жасап көруіңізді ұсынамын. Мен солай жасамақшымын. қияр піскен жұмыртқа … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Салаттар (майонезді)
1 пікір
айшаның кексі
Аяқ астынан қыздармен кездесеміз дегенде неге екенін білмейм үнемі бірінші болып Айшанікіне барайық дейтін боппын =) Ол қыздың ешқашан сылтауратпайтынын білгенім үшін сірә. Осы жолы да Астанадан келген Гүлназбен Айшанікінде кездестік. Далада борандап бұршақ жауған кезде, ыстық жерде, ыстық кексттен алып, … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі
6 пікір
гүлді қырыққабаттан салат
Көңіл күй мен дастарханды жайнатып жіберетін түрлі-түсті салат. Мусабтың мамасы жасап берді. Дәмді! Бұл салат әсіресе күріштің қасына жақсы келеді. гүлді қырыққабат үш түсті бұрыштар 2-3 түйір сарымсақ 1 ас қасық сірке зәйтүн / сұйық май аскөк пен көк пияз … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Салаттар (майонезсіз)
2 пікір
сары майға піскен күріш пен тауық
Күріш те, тауық та сары майға дайындалғаны үшін өте дәмді болып шығады. Достармен бүгінгі кездесуіміздегі дастарханымыздан бір үзінді. Күрішті сары майға аздап қуырып алып, үстін жауып тұратындай етіп су қосыңыз. Тұздаңыз. Бір қайнатып алып, астын бәсейтіп, өте жай отта 15 … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Гарнир мен соустар
2 пікір
көктем салаты
«Көктем» деп атадым өйткені бүгін ауа-райы көктемнің жылы күндердегіндей керемет болып тұрды. Қазір ғой ол қар жауып кетті (бірақ ертеңге дейін еріп кететінге ұқсайды). Ал күндіз жып-жылы еді, кешке қарай көктемдегідей жаңбыр (!) да жауды.. супер еді қысқасы. Сосын бір … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Салаттар (майонезсіз)
4 пікір
Айшаның салаты
Өткенде Айшаның Несибе атты кішкентайының тұсауын кестім! Өмірімде бірінші рет! Мен үшін бұл үлкееен құрмет! Өкініштісі түк дайындықсыз барыппын. Еш болмағанда «апаларға» жарасатын әдемі бір бата жаттап барғанымда ғой. Жедел түрде дүстүр-салт энциклопедиясын парақтауым керек. Бұйырса барлық ырымдарға қарамастан Несибе … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Салаттар (майонезді)
3 пікір
апельсинді кекс
Кездескенімізде тілім «қышып» по-чёрному қалжындасатыным, сондықтан болар үйіне бара қалсам үнемі маған ыдыс жуғызатын, көп әрі тез сөйлейтін бір құрбым бар. Есімі – Шенгүл Қ. Пысық дегенде өте пысық! Үйіндегі гүл бақшасын былай қой, көктемде жолдасының офисі жақта небір көкөністерді … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі
2 пікір
Жұлдыздың торты
Жұлдыздың қызды болғанын естіп қуанғанымызға тура 11 ай болған екен. Күн сайын «қашан шақырасын» деп құлағының етін жеп бітірген бізге, Нұрила сұлумыздың тұсауын кестірейін деп басымызды қосқан Жүкеге үлкен рахмет :). Нұриланың анасы, маш., керемет дастархан жайып қарсы алды. Бәрін … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Торттар
8 пікір
Алияның салаты
Жолдасының жұмыс бабымен Бангкок жақта тұратын досымның салатын ұсынбақшымын. Түрі тәбетті ашатындай екен, иә? құрамында күнделікті табылатын, витамині мол көкөністер. Жасап көруге тұрарлық екен! – салат жапырақтары– қызық қырыққабат– қияр– черри қызанағы– көк пияз– зәйтун майы (немесе өсімдік майы)– лимон … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі
1 пікір
корей салаты
Корей салаты деп өзім атадым. Гүлфияның біздер үшін жайған дастарханынан тағы бір үзінті. Салатты әпкесі жасапты. – сәбіз– кәді– май– бұрыш– қызанақ– қара бұрыш– соя соусы– сарымсақ Кәдіні қиғаштап турап, майға қуырыңыз. Сәбізді арнайы үккіштен ұзынша етіп өткізіңіз. Енді қызанақ … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі
Пікір қалдыру
черчель салаты
Бұл салатты Ж.Гүльфияның өткен жексенбі күні туған күніне орай жайған дастарханынан дәмін татып, аса ұнатып, жазып алдым. – сыр «черчель»– піскен 3 жұмыртқа– піскен туық еті– Kracks чипсылары– тұзды қияр– майонез– жүгері Жұмыртқаларды, тауықты, қияр мен сырды ұзынша етіп тураңыз. … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі
Пікір қалдыру
айнагүлдің торты
Айнагүлдің күшті аспаз екенің айтып пе едім? ал, оның жақында тұрмыс құрғаның? ондай болса, өткен демалыста Айнагүлдің қолынан шәй ішуге барғанымызды ғана айтпаған екенмін. Айнагүл жылы жүзбен қарсы алып, қазаққа тән шексіз қонақжайлығымен керемет дастархан жайды. Төменде сол дастарханнан кішкентай … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі
Пікір қалдыру
құрбандық ет
Кеше достармен жиналып құрбандық етті қуырып, мерекелік дастархан жайған едік. Ұзаққа есте қалардық бір күн болды! Сіз айттың бірінші күнін кем дегенде біздікіндей жақсы өткізді деп сенемін. Айттарыңыз қабыл болсын! – 15-20кг сиыр еті– 1 литр сұйық май– тұз – … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Ет тағамдары, Мастер-класс
Пікір қалдыру