Сәуір (2023) Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 тараулар:
- * досымның мәзірі (26)
- * giveaways (4)
- * қолөнер (16)
- *** (107)
- Балық тағамдары (23)
- Гарнир мен соустар (37)
- Десерт (43)
- Ет тағамдары (52)
- Консервілеу (13)
- Көкөніс тағамдары (61)
- Мастер-класс (32)
- Печенье (58)
- Пиццалар (27)
- Салаттар (майонезді) (33)
- Салаттар (майонезсіз) (46)
- Сорпалар (34)
- Сусындар (16)
- Таңғы ас (70)
- Торттар (34)
- Тәтті бәліштер (47)
- Тұзды бәліштер (47)
- Ыстық тамақ (41)
- кекстер (34)
- маффиндер (32)
- микротолқынды пеш (4)
- Ұлттық тағам (25)
- Ұн тағамдары (34)
Category Archives: Балық тағамдары
суши: қызыл балық, қияр мен жұмыртқа
I am back! Жұмыс әлі де көп, бірақ кем дегенде бір ретке келген сияқты. шүкір. Бүгін сушиге мен сияқты құмар жандарға Алматыда жақсы бір жер рекоммендегім келіп тұр – «Сакура» кафесі! 1000 теңгелік жап-жақсы 3 түрлі бентолары бар. Әр бентоның … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары
5 пікір
kimbap
Кимбапты да, сушиды да бірдей жақсы көремін. Қасына жақсы соя соусы болса болды: таңғы асқа да, түскіге де, кешкіге де асым бола алатын тағамның түрі. Кимбапты сушиден өзге жасайтын начинкасы ғана емес, күріші де – уксусты қоспаны керек етпейді. Төмендегі кимбапқа тағы қияр … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары
Пікір қалдыру
балық пирогы
Дастарханның бәліштері маған қатты ұнайды. Қамыры да жақсы, құрамындағы начинкасы да дәмді. Қалай жасайтындарын жақсы білмесем де, былай шамалап, барлық бәліштердің құрамына сорпа (бульон) қосатындарын түсіндім. Соның арқасында бәліш «сочный» болатын көрінеді. Осы принциппен мен де жасап көрдім. Қамырды көп … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары, Тұзды бәліштер
5 пікір
балық сорпасы
Аз майға туралған пияз бен үккіштен өткізілген сәбізді қуырыңыз. 1 түйір сарымсақ пен ащы бұрыш қосып араластырыңыз. Су немесе ет суын құйып, қайнатыңыз. Тұз қосыңыз. Енді сорпаға майдалап туралған картоп пен орта үлкендікте туралған балықтың етін (филе) қосыңыз. 15 минуттай … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары, Сорпалар
2 пікір
духовкада піскен балық
Осы балықтың қасына қалауыңыз бойынша соус жасасаңыз болады, не болмаса (балық сүйегін алып тастап) мен сияқты салат жапырақтарына орап жесеңіз болады =) Әсіресе тауықты шөпке орап жегенді ұнатамын. Кореяда жұққан бір әдет. балық майонез сарымсақ зәйтүн майы тұз бұрыш лимон … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары
2 пікір
духовкада піскен балық
Стационар мен амбулаторлық емдеуден өтіп, бүгін наконец-то жұмысқа шықтым. Бақандай үш апта болмаппын жұмыс орнымда, осының алдындағы іссапарымды да қосар болсам тура бір ай болады екен. Масқара! Бераат түні қарсаныңда шыққаным жақсы болды дегенмен. Мүмкіндікті пайдалана отырып, баршамызды осы қасиетті … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары
12 пікір
ірімшік қосылған суши
Соңғы 2-3 аптам өте қарбалас болып кетті. Жұмыста бір жобадан кейін үзіліссіз келетін басқа жобалар тізбегі! Осындай болғаны ұнайды да – апта соңы кәдімгідей қара жұмыс істегендей жұманың жеткеніне қуанып, шаршап құлайсың. Сенбі таңертеңгіге дейін. Негізі бұрындары да сенбі-жексенбілерімді максимумға … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары
2 пікір
кілегейге піскен балық
Төмендегіні балық пісірудің ең оңай жолы десем болады. Тез әрі оңай жасалынумен қатар өте дәмді. Балық «нежный» және өз майында пісірілгені үшін пайдалы болып піседі. Рецептті жұмыстағы Диляра есімді қыздан алғанмын. Бөлек табада қуырылған пияз және басқа көкөністермен қосып жасауға … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары
Пікір қалдыру
лимонды мойва
– 1 кг мойва балығы – жарты лимон– 1 пияз– 1 қызанақ– 2 көк бұрыш– тұз– 2-3 қасық сұйық май – 1 ас қасық томат– 1 стакан қайнаған су Балықтарды тазалап (басын, сүйегін алып тастайсыз), тұзды суға қойып қойыңыз. Пиязды … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары
Пікір қалдыру
қызыл балық қосылған пицца
қамырын жеке рейтингімде қазіргі уақытта №1 болып тұрған аралас пиццанікіндей жасадым. хехе, бұл жолы ешнәрсе ұмытпай бәрін дұрыс жасадым. өте ұнады. жақын кезде пицца жасар болсаңыз, міндетті түрде осы әдіспен жасауды «советтеймін». ішіне қосқандарым:– 50гр қызыл балық (көп болса дәмдірек … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары, Пиццалар
Пікір қалдыру
асам наншықтар
– қызыл және қара икра– сары май– ірімшік– француз батоны Наннан улкен емес шеңберлер жасап ойыңыз. Жартысына сары май, жартысына еріген ірімшік жағыңыз. Май жағылған нанға қара икра, ірімшіктісіне қызыл икра қойып сәндеңіз.
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары
Пікір қалдыру
Нигиридзуси
сушидің көптеген түрі бар десем жаңалық ашқан болмаймын, соның өзінде суши дегенде ойымызға көбіне нори жапырағына оралған суши келетіні сөзсіз. Алайда, төмендегі нигири сушилер де кем дегенде нори суши сияқты танымал, ал жасалынуының оңайлығы жағынан нори сушиден де асып түседі. … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары
Пікір қалдыру
суши
Сушиді көбіне мына мөлшермен жасап жүрдім. Бірақ кеше аз-ақ адамға жасау керек болды да, мөлшерді өзгертемін деп, толығымен ерекше суши жасаған болдым. Ұнады. inside-out rolls үшін мұнда басыңыз. – 500 гр күріш– нори жапырақтары– 2 ас қасық уксус– 1 ш.қ. … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары
Пікір қалдыру
балық сорпасы
1932 жылы үкіметтің ресми жарлығымен Совет республикаларының айтарлықтай бәрінде «бейсенбі – балық күні» деп аталған болатын. Бұған себеп – балық етінің дәмділігі мен бойға жұғымдылығы жағынан еттен кем түспейтіндігі. Сол кездің диетологтары дерлік барлық асхана мен басқа мекемелерінде бейсенбі күндері … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары, Сорпалар
Пікір қалдыру
балық етінен котлет
Иә, қайтадан балық! енді балыққа көбірек көңіл бөлетінімді алдын ала айтып қояйын. оған 3 себеп бар (әзірге 3): – балық пайдалы– балық жеңіл (қорыту жағынан)– балықты … тазалаудан артық қорлық жоқ! Жоғарыдағы котлеттерді жасау үшін балықтың филесін, яғни жұмсақ ақ … Оқуды жалғастыру
Орналастырылған санаттары: Балық тағамдары
2 пікір