Author Archives: elvira

custard pudding

Самурайдың пудингі атты киноны қарағаннан бері пудинг жасау ойымда жүрді (Ох сол жердегі торттарды көрсеңіздер ғой!). Бір-екі рецептпен жасап та көрдім, бірақ ең сәттісі Cooking with a Dog youtube channel иесінен көргенім болып шықты. Сол кісінің төмендегі рецептпен пудинг жасау жеңіл, оның үстіне … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Десерт | Пікір қалдыру

Чеддер ірімшікті печенье

Ағылшындардың ірімшігінен ағылшындардың ірімшікті печеньесін жасап көрдім. Барлық жағынан ұнады! Біріншіден, тез жасалынады. Екіншіден, көп зат керек етпейді. Үшіншіден, сондай дәмді! Құрамындағы ірімшік және сары майға қарамастан аса майлы емес, тіпті жеп-жеңіл десем болады. Осы печеньеге мұздай сүт керемет серіктестік … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Печенье, Тұзды бәліштер | 3 пікір

макарондар мен шпинат

Аспаздықты басынан оқып жүрген адамдар болса, 15-20 минутта дайын болатын тағамдар менің фаворитім екенін түсінген болар )) Төмендегіні бүгін таңғы асқа дайындадық. Денсаулыққа пайдалы таңғы ас болып саналмаса да, дәмдәлігі жағынан ең бай таңғы астардан кем түспейді. Ең бастысы – … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары, Ыстық тамақ | Пікір қалдыру

ҰБда азық-түлік шоппингі

Біреу ұнатпайтын шығар, бірақ өзім қатты ұнатып жүрмін осындағылардың тағамдарын жартылай дайын етіп сататындарын. Уақытты кәдімгідей үнемдейді екен ) Мысалға, бүгін алғандарым ішінен (суреттегілер) салатқа керек шөптердің бәрі бір пакетте жуылған, жеуге дайын түрінде сатылатыны ұнайды, керек кезде үстіне соус … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: *** | 5 пікір

Көкөністі қуырылған күріш

Барлық жердегі магистерлік оқу сондай ме екен ол жағын білмедім, бірақ мына жақта аптасына бір күн толығымен сабақтан бос болады. Бүгін осындай day-off менде. Ауа райы қолайлы болса, теңіз жағасына баруға болады немесе дүкен аралап келуге болады. Айта кету керек, … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар, Көкөніс тағамдары | Пікір қалдыру

қарапайым таңғы ас

Nothing special. Таңғы астың бір варианты. Осының алдындағысы ipadпен түсірілген болса, мынау Galaxy телефонымен түсірілген )) бұл да аса жетіспеген сияқты.

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 2 пікір

Брокколи мен ірімшік

Жатақхананың ас үйі ұнамай, ол жерден тез арада шыққым келіп жүрді. Finally, өткен апта үйге  шықтық. Негізі, Шотландияда үй жалдау кәдімгідей мәселе екен. Өйткені, жалға берушілердің дерлік көбісі жалға алушылардан кемінде айына 3 мың фунт айлық алатын гарант кісің бар … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | 3 пікір

2012 жылдың қорытындысы

Қорытынды шығаратында көп ешнәрсе тыңдырылмапты Аспаздықта. Осы блогпен айналысқалы былтыр бірінші рет қосылған тағамдар саны 16-дан аспады (( Өткен жылдары есеп былай болған: 2005 – 47 тағам, 2006-160, 2007-152, 2008– 135, 2009-100, 2010 – 58, 2011 – 60.

Орналастырылған санаттары: *** | 6 пікір

картопты котлет

Білмеймін мен ғана ма, әйелдердің бәрі сондай ма – үйдегі азық-түліктердің мерзімі бітуге жақын қалғанда азарт пайда болып, жазылу/жасалынуы керек ондаған істерді шетке ырысыр қойып, екінші тыныс ашылғандай асүйде бір нәрселерді пісіріп отырасың )) Challenge сияқты болады ғой деймін.. Қысқасы, … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | 4 пікір

шоколад пен хурма/шие қосылған печенье

Тәуелсіздік күніміз құтты болсын! 2012 жыл бітуге таяп қалды, блогымды әлі реттей алмай жүрмін. Бір күні отырып, барлық жазуларды реттеу керек еді. Бірақ шынымды айтсам, ескі жазуларды қайта оқуға батылым бармай жүр. Мектепте оқып жүргенімізде бір мейрам күні сахналық көрсетілімдерді … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Печенье | Пікір қалдыру

тарталетка жасаудың оңай тәсілі

Бар болғаны қамыр мен маффин пісіру үшін қолданылатын ыдысыңыз болуы керек. Өте жақсы ойлап табылған әдіс. Интернеттен алынған.

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

тунец пен тәтті бұрыш салаты

1 консервіленген тунец 2 жұмыртқа 1 тәтті бұрыш Жұмыртқалардан омлет жасап, ұзыншаларға ал тәтті бұрышты тқртбұрыштап турадым. Бәрін тунецпен араластырдым. Аздап майонез бен аскөк қосуға болады.

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | Пікір қалдыру

Көк пиязды жұмыртқа рулеті

4 жұмыртқаны бір түйір қант пен аздап соя соусымен араластырыңыз. Майдалап туралған көк пияз қосып үшке бөліп қуырыңыз. Қуыру процессі: табаны қыздырасыз да, аздап майлайсыз. Жұмыртқа қоспасының 1/3 бөлігін құясыз да, тездетіп бәрін табаның бір шетіне жинайсыз. Табаның босаған жағын … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | 2 пікір

Өрікті тәтті бәліш

120 гр сары майды 150 гр қантпен жақсылап ааластыру керек. Бір бірден 2 жұмыртқаны қосыңыз. 200 гр ұн, 1 ш.қ. разрыхлитель қосып, қамыр илейсіз. Қамырды майланған ыдысқа қойыңыз. Қамырдың үстіне жартыға бқлінген өріктерді тізесіз де, оларды қамырға сәл бастырып қоясыз. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер | Пікір қалдыру

Кәді соусты спагетти

Алдыменен 1-1,5 литр шамасында су қайнатып қойдым. 1 үлкен кәдіні тұрап, 1 шәй қасық тұзбен араластырып қойдым. 15 минуттан соң салқын суда шайып жіберіп, кептірдім да майға қуырдым. Бөлек ыдысқа түсіріп алдым. Пияз бен 1 сәбізді түстері өзгергенше қуырдым, көк … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ | Пікір қалдыру