Фасоль

Соңғы кезде фасольді жиі жасайтын болыппын. Енді айнаға қараған сайын, фасольдің салмақ қосады дегендері рас-ау деп ойлап қоямын 😅 сонда да сондай ұнайды 🙈 әсіресе қасында күріші болса.. Фасольді алдын ала түнде суға жібітіп пісіруші едім бұрын. Гүлфияның айтқан әдісі өте қолайлы екен, осында жазып сақтап қояйын дедім.

  • 1 стакан фасоль (лобия)
  • 1 пияз
  • 250гр ет
  • 1 сәбіз
  • дәмдеуштерден: қара/қызыл бұрыш, тұз, имбирь, xмели-сунели
  • 2 түйір сарымсақ
  • 2 ас қасық томат пастасы

Фасольді жуып салқын суда 30 минуттай жібітіп қойыңыз. Енді сол сумен бірге отқа қойыңыз да, қайнағанда бір қысым сода қосыңыз. Осы күйінше 1 сағаттай жәй отқа қойып пісіріңіз. Сол бір сағаттың ішінде етті, пиязды, сәбіз беп сарымсақты турап, томат пастасын қосып майға қуырасыз. Дәмдеуштер мен толық жауып тұратындай етіп қайнаған су қосып, қоюлана бастағанға дейін пісіресіз. Қасына күріш пісіруді ұмытпаңыз..М-мм 😋

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to Фасоль

  1. Асхат Еркімбай айтады:

    Тамаша!

  2. vkototy айтады:

    бір қысым сода қосыңыз…

    Мен де түнде жібітіп қоятынмын. Ас бұршақ қосылған салатты жақсы көремін. Енді осы әдісті қолданып көрейін :)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s