Былтыр жазғы Еуротурдан дәмді естелігім – брюсселдік вафли. Сол кезден бері жасағып келіп жүрген тағамның бір түрі. Тұған күніме сыйлыққа түсетін вафли пісіретін арнайы құрылғыны күтіп жүрдім )) оны маған алып берген ініме рахмет. Бельгияда вафли фаст-фуд ретінде кеңінен таралғанын көргенімде шын таң қалғаным есімде. Үстіне неше түрлі жеміс, қаймақ, бал мен шоколад қойып түрлі-түрлі етіп дайындайды. Бүгін мен ең қарапайым әрі дәстүрлі түрін – үстіне қант пудрасы себілгенін жасап көрдім:
- 2 стакан сүт
- 4 жұмыртқа
- 150 гр сары май
- аздап тұз
- 1 ас қасық қант
- ванилин
- 10 гр ашытқы
- 1,5 стакан ұн
Алдыменен жылы сүтке ашытқы мен аздап қант ерітіп, жылы жерге қойып қою керек. Ашытқы көтерілген кезде жұмыртқа сарыларын қосып (жұмыртқа ағын бөлек ыдысқа бөліп қою керек), қалған қант пен еріген сары май қосып араластырамыз. Ұн мен ванилин қосып тағы араластырамыз. Енді бөлек тұрған жұмыртқа ақтарына аздап қана тұз қосып жақсылап миксерлеу керек. Апақ мақта тәрізді болып үлкейеді. Енді осыны негізгі қоспаға қосып, қасықпен жаймен араластырып қою керек. Вафли қамыры дайын. Осыны енді бір сағатқа дейін қойып қойсаңыз, қамыр одан сайын көтеріліп, вафли үлпілдеген болып піседі. Дайын қамырды вафли пісіретін ыдысқа екі ас қасықтан қойып пісіру ғана қалды. Негізі көбіректен қойсаңыз да болады, талғамыңызға қарай. Вафли құрамында май мөлшері жеткілікті болған соң, ыдысты майлап тұрудың қажеті жоқ.
п.с.: Менің ашытқым ескілеу болып шықты да, қамырға қосымша ретінде разрыхлитель қосқан едім. Бұл қулығым вафли дәміне ешқалай әсер етпесе де, нағыз брюсселдік вафлилер ашытқымен жасалынатынын ескерткім келеді )
Сіздің вафли пісіретін құрылғыңыз қандай? өндіруші атын, моделін жазып жібересіз бе? себебі 2 танысым алғанынан ешқандай вафли шықпапты ((
менікінің аты – carrefour home екен. құрылғыға байланысты емес шығар. басқа рецептпен жасап көруді кеңес беремін. іске сәт!
Уау,бізге де дәмін таттырсаңшы,өте дәмді көрінеді.
рахмет! ок – бір күні бұйырса ))