дайын жаймадан көже

Үйде былтыр Абердиндегі оқуларын бітіріп кеткен қазақтардан қалған көөөп дайын қамырымыз бар. Соларды бір пайдаға жарап көже пісіретін болдым өткенде (қазақша ет аса салуға мұрша жоқ). Сол көже төмендегідей болып шықты. Қамыр белорустардың клецкиі сияқты да емес, қолдың сорпасы сияқты да болып шықпады )) неге екені..  Қызық болды дегенмен. Тағы бір эксперимент ретінде тұз орнына соя соусын қостым. Молынан. Жо, тұзымыз жоқ емес бар ғой үйде, өзімше тұз бен қант тұтынуды азайтайық деген ниет біздікі ) Өзіме ұнады. Қасымдағы қыздарға да.. ұнаттырылды ))))

жаймадан көже

  • 200 гр шамасында ет
  • бір пияз
  • бір сәбіз
  • бір тәтті бұрыш
  • түрлі кептірілген дәмдеуіштер
  • соя соусы
  • бір қасық томат пастасы
  • сұйық май
  • 7 жапырақ дайын жайма
  • жарты ас қасық карри ұнтағы

Қазанымызды жақсылап қыздырып аламыз. Осы уақытта сәбіз, пияз, ет, бұрыш бәрін төртбұрыштап турап аламыз. Ыстық қазанға май құйып, алдыменен сәбіздерді қуырып аламыз. Сәбіздердің түсі өзгерген кезде ет салып, қазанның қақпағын жауып қоямыз. Ет өз суы мен майына пісуі үшін. Пияз қосып оның да түсі өзгергенге дейін қуырамыз. Енді кезек кезегімен соя соуысын, карри ұнтағын, түрлі кептірілген дәмдеуіштерді (олармен жақсы, бірақ оларсыз да болады), томат пастасын, тәтті бұрыш пен қара және қызыл бұрыш қосып араластырамыз. Қайнаған су қосып үстін жауып, астын басып қайнатамыз. Осы уақытта жаймаларды қолмен майдалаймыз. Балалары бар үйде бұл жұмыс кішілерге берілсе болады (оларға ұнауы тиіс гыгы). Енді қайнап тұрған көжеге жаймаларды салып, оны көп дегенде тағы бес минут пісіреміз (жаймалардың қалыңдығына қарай).  Астарыңыз дәмді болсын!

п.с.: Бүгін соя соусын қосып картоп бастық. Керемет дәмді болды. Соя соусының үлкен фанатына айналатын сияқтымын ))

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Сорпалар және кілтсөздері: , , , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

1 Response to дайын жаймадан көже

  1. monti :) айтады:

    постпен жаңартқаныңызға көп рахмет))) сізді сол көптен күтіп жүр едім))) қазір КЗда WP ашқан рахат, Жанна т.б. постарын сағына оқып жүрмін)))
    соя соусы қандай білеуге, суретін ФБ көруге болады ма екен? :) сосын сояны мен почемута тек піскен тағамға қолдану деген қағида қалған,
    + еще суптарға, қурылып жатқан тағамға ара/арасында қосамын )))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s