Соңғы күндері сабақтан бас көтере алмай қалдым ғой. Бір аптада екі жазбаны тапсыру керек. Оның алдында презентация бар еді. Қысқасы, оқу бітуге жақындаған сайын күрделеніп бара жатқандай )) Өзіме мынандай қулық ойлап таптым: мен жұмыс істейтін лаптоптың батареясы толық 5.5 сағаттық жұмысқа жетеді. Содан мен сол 5 сағат жұмыс істеймін де, лаптопты зарядкаға қойып, өзіме шағын демалыс жариялаймын. Жақсы қыздар зарядкада тұрған лаптоппен жұмыстарын жалғастыратын да шығар, бірақ біз ондай емеспіз ғой, ішімнен өтірік болса да «қап, батарейкасы бітіп қалды» деп оны зарядкаға қойып, «бір демалып келейін» деймін ). Лаптопым бір сағатта толық зарядталады. Осындай бір сағаттық «демалыс» уақытысында BBC Iplayer’дан бір кино көріп аламын, немесе ас үйге барып бірнәрселер пісіруге асығамын ) Соңғы кездері өмірім лаптоптың зарядталуы арасында өтуде десем болады. гыгыгы. Бүгінгі таңғы асым да осылай туындаған болды.
- 2 жұмыртқа
- 1 кішкентай картоп
- кішкентай пияз
- 4 черри қызанағы
- 1 тілім сэндвич ірімшігі
- тұз
- қалаған дәмдеуіштер
Пияз бен картопты аршып, үккіштен өткізіңіз. Майға қуырып алыңыз. Арасында тұз бен қызыл не қара бұрыш қосып араластырыңыз. Пісе бергенде төртке туралған қызанақтарды қосыңыз. Енді егер табаңыз духовкаға жарамды болса, қуырылған заттарды аздап суытып алып, ішіне екі жұмыртқа қосып араластырыңыз. Менің табамның қолы пластикадан жасалынған, сондықтан аталмыш заттарды бөлек ыдыста араластырдым. Ыдысты алдын ала майдалау керек емес. Енді үстіне ірімшікті қойып, духовкада пісіріңіз. Жұмыртқа көтеріліп, шеттері қызара бастаған кезде піскен саналады. Ас болсын!
Jaqsy jazylgandar eken , damdi etip pisirudin de turli dyry bar , en basty asygyp aptykpau bolmaq !