Бірнеше күн болды далада қар жауып, ауарайы суып кетті. Ертең де қар жауады деп жатыр жұрттар. Біздің асүйдегі терезеден көрініс міне осындай қазір. Иә, дала сұп-сұр ) Бірақ ағаштардың үстіндегі құс ұясына қарасаңызшы!
Екі құс көз алдымда салды ұяны, сондай романтика ) Енді дала суыған сайын құстардың осы ұясын уайымдайтын болдық. Әлі жұмыртқа салмаған деп сенгім келеді, бірақ кім білсін. Қыздар айтады осы жақтың құстары осы жердің суығына да желіне де үйренген деп, солай да шығар )
Бір жақсысы бұл жерде көктем келсін келмесін дүкендерден жас картоптарды оңай табуға болады. Өткенде соларды сәбізбен бірге духовкаға пісіріп едім, үсті аздап қытырлақ әдемі болып піскен еді. Чипсы ұнататындардың құлағына алтын сырға. Негізі осылай пісірілген (туралған) картопты potato wedges дейді екен, бірінші рет университеттің кантинінен жеп көргенмін. Содан өзім де жасап көргім келді. Басында да айтқанымдай бірінші рет сәбізбен пісіргенмін, бұл жолы сәбіз орнына брокколимен жасап көргім келді. Шының айтайын, өкіндім ) Брокколи қытырлақ болып піседі ма десем, суретте де көрініп тұрғандай өні сөніп бір түрлі болды (( Бірақ картоп әдеттегідей керемет болып пісті. Көктем келіп, базарларымызда жас картоп сатыла бастағанда сіз де алып жасап көріңіз.
- жас картоп (майдасы жақсы)
- 2-3 ас қасық зәйтүн майы
- кептірілген немесе жас аскөк
- майдалап туралған сарымсақ
- тұз бен түрлі дәмдеуіштер
Картопты жақсылап жуып, аршымай қабығымен тураңыз. Қалған заттармен араластырып, аздап ғана майланған пеш ыдысына бір қабат етіп картоптарды тізіңіз. Бетін ешнәрсемен жаппай үсті қызарғанша пісіріңіз.
Эля, күшті! Тәбетімді ашып жіберді. Мынаны түскі ас мезгілінде де жей беруге болатын сияқты.
Брокколи- менің сүйікті асым.
Ас болсын! Брокколи маған да ұнайды. Одан көп нәрсе асауға болатыны да ұнайды. )