Шотландияда жүргеніме жарты жыл болып қалды. Расын айтсам, осы уақыт түк сезілмеді өзіме ) Шет елде жүргендей емеспін, жаңа жерге үйрене алмай қиналған күнім да болмады, шүкір. Әлде ұмыттым ба? Жоқ, болмаған сияқты ) Тез үйреніп кеттім. Әсіресе дүкендеріндегі түрлі азық-түліктің молшылығына жақсы үйреніп алдым. Иә, бізде де көп нәрсе табуға болатыны рас. Ең қызығы осындағы бағаға шаққанда біздегі заттар да аса қымбат емес екен. Дегенмен, осы жақтағыдай көп нәрсе оңай табыла бермейді. Өкініштісі. Бір ретте рукколаны іздеймін деп, Алматыны шыр айналғаным есімде ) Әйтеуір Төлеби бойындағы азық-түлік базарынан тауып алғаныма шүкір. Ал, мұнда не керек десең де, бәрі қол астында.
Қысқасы, бұйырса осында жүргенімді пайдаланып, бұрын алып көрмеген заттардың бәрін алып, дәмін көріп, түрлі рецепттерді жасап көргім келеді. Шабытым асқақтап жүрген кездері ) Ал, шабытым басылып қалғанда төмендегідей қарапайым астан артық әуре не керек осы деймін да қоямын, еріншектігімнің артынан еріп )
- кәді
- жарты кг саңырауқұлақ
- жас көк бұршақ
- 2 қызанақ
- тұз бен қалауыңызша түрлі дәмдеуіштер
- 1 пияз бен көк пияз
Бұл астың бір жақсы жері, бәрі бір табаның ішінде піседі. Ағылшындар айтқандай one-pot dish. Жоғарыда да айтқанымдай қарапайым ас болды, бірақ тойымды әрі дәмді. Сонымен:
Алдыменен пиязды жарты шеңберлеп турап алдым да, майға қуырдым. Пияздың түсі өзгере бастаған кезде, жарты шеңберлеп туралған саңырауқұлақтарды қостым. Осы кезде аздап тұз қостым. Кәділерді жартылай аршып, ірі төртбұрыштарға турадым. Саңырауқұлақтардың түсі қоңыраңқырай бергенде кәдіне қостым. Енді табаның үстін жауып, кәділердің көлемі өзгергенге дейін пісірдім (осы жерде айта кетейін, шам қақпақты табалар сондай ыңғайлы!). Көкбұршақ пен қызанақтарды турап қостым. Дәмдеуіштер мен тағы аздап тұз қосып бәрін қызанақтың суына бұқтырдым. Қасына күріш пен Greek Yogurt табылса .. мм, дәмді.
п.с.: Greek Yogurt – біздің қою (майлы) айран немесе қаймаққа ұқсайды. Оны бәліштер пісірген кезде қаймақ орнына қолданамын, керек кезде айран орнына.
Шам қақпақты таба??? Қызық екен. Мына жақтан мен мәрмәр (мрамор) оқтау көрдім. ТАс оқтау болған соң, нанды керемет жаяды екен! Өз салмағымен-ақ жайып, қосымша күш кетпейді десе болады. Сосын сіз спрей май көрдіңіз бе? Әсіресе, манты жасағанда керемет екен, быж-быж шаша саласыз, бітті, өзі көпіріп, ыдысқа мүлде жабыспайды :))
Sanyraukulaq demekshi , syrtbelderden almayaq , ozimizdin jerimizdegin pisirgenge ne jetsin, jok.bolsa eken , dalada kop arine ! BVitamini de sonshalykty paydaly , bir kezderde kuramyndagy kerek paydaly azyktardyn , kop aurularga shyipa deushi edi !
Pikirleriniz kop bolsyn ! Daiyn turgan tagamnin tizimi bolsada ,pisirushimen , usyna bilushigede baylanysty bolmaq ! Raxmet !
Damdi tagam !