Авокадоны бұрын суши ішінде ғана жейтінмін. Қазір кішкентай прогресс байқалады ) Мысалға өткенде авокадо қосып төмендегідей печенье-оладьи аралас бірнәрсе жасап көрдім (не екенін әлі шешпедім). Балмен қосып жеген дәмді болса да, бұларды қайтып жасап жасамайтыным жайлы екі ойлымын. Авокадо ұнатушыларындан емеспін. Дегенмен сіздер жасап көріңіздер.
- жарты авокадо
- 5-6 тал қалағаныңыз сүтті печенье
- 100 гр сүт
- 2 ас қасық қант
- ұн
- разрыхлитель
- 1 жұмыртқа
- 100 гр сары май
Авокадоны аршып турадым да, қалған заттар мен араластырдым. Табаға екі жағын қызартып пісіріп алдым.
katty pisken (jumsak) avocadony alyp, ezip+feta cheese kosyp, tosttalgan nanga jagyp ustine pomidor ili kiyar kossan, healthy sandwich shygady. ozin kajetsya eshkim jey almaytyn sekildi. dami birturli. nu i sallattarga kossan norm jeuge bolady.
кеңесіңе рахмет!