Тітті картопты алғаш рет Қытайда жеп көргенмін. Бір ресторандарында түскі асқа құр картоптың өзін пісіріп жегізді бізге. Ол кезде аса қатты ұнамаған еді. Түсі де құңарлы сары еместі, ашықтау түсте болатын. Сосын Кореяға барғанымда да көп кездестірдім бұл картопты. Уақыт өте бұл картоптың түрі де ұнай бастады маған (негізі маған ұнамайтын тамақ өте аз хихихи). Өткенде қыздармен сушиға керек заттарды аламыз деп қытай дүкеніне барғанымызда тәтті картопты көргенімде қолым өзінен өзі оған қарай созылды )) Содан бұл тәтті картоппен не пісіретінімді көпке дейін білмей жүрдім. Дұрысы білмедім емес, таңдай алмай жүрдім ) Құр өзін пісіріп та жегім келді, салат жасап та көргім келді, күрделі бір нәрсе жасап та көргім келді. Ақыры төмендегідей етіп пісірдім. Өте қарапайым да емес, өте күрделі де емес рецепт болды. Әсіресе ыстықтай жеген өте дәмді!
- орташа үлкендіктегі тәтті картоптар
- үгітілген ірімшік
- брокколи
- сарымсақ
- тұз
Мөлшерлерді жазбай беріп тұрмын өйткені қанша картоппен жасайтыныңызға, олардың үлкендігіне байланысты қалған заттардың мөлшері. Негізі талғамыңызға қарай ғой, ірімшікті көбірек ұнататындар ірімшікті көбірек қосар, брокколиді ұнататындар – брокколиді. Тәтті картопты Алматының қытай немесе корей дүкендерінен табуға болады.
Алдыменен картоптарды бірнеше жерден шаңышқымен тесіп, духовкада 40 минуттай пісіріп алыңыздар. Осы уақытта сарымсақтарды майдалап турап, майға қуырып алыңыз да, жуылып майда гүлдерге ажыратылған брокколиді қосып табаның үстін жауып 10 минуттай пісіріріңіз. Табаның асты қатты болмаса жақсы. Тұздағыздар. Картоп дайынболған кезде, яғни жұмсаған кезде духовкадан шығарып ұзынынан пышақпен кесіп, ортасын қасықпен ішке қарай езіңіз. Мен ішінен кішкене алып тастап жасадым (одан тағы бірдеңе пісірейін деп. пакора пісірсем бе екен?). Енді осы тесікке қоспамызды салу керек. Ол үшін брокколиді ірімшікпен араластырыңыз да тығыздап картоптың ішін толтырыңыз. Картопты қайтадан духовкаға қойып, ірімшік ерігенге дейін пісіріңіз. Ыстықтай жеңіздер.
men tatti kartopty alyp koyip, 2-3 kundey komnatnaya temperaturada ustaymyn, sonda tattirek bola tusedi. men ote simple jasaymyn, tabaga tizip, ustine tuz+burysh+olive oil koyip, duhovkada pisiremin, jasap kor. balyktyn kasyna garnir retinde super.
табаға турап тізесің ба? жасап көрейін, дәмді болатын сияқты. рахмет!
ia, tabaga turap tizip koyamyn. sosyn pisken kezde, betin ashyp, 5-6 min kyzdyryp alamyn.