Өткенде аң-таң болып жaзып едім мына жақта разрыхлитель қосылған ұн сатылады деп, сол қатты таңқалғаным болуы керек сол ұнды сатып ала беріппіз. Бұл ұннын бір кемшілігі тәтті нан пісіргенге жақсы да, басқа нан үшін немесе кеспе үшін тәттілеу. Қатты емес бірақ сонда да. Төмендегі бәліштер де жай ұннан жасалынғанда жақсырақ болар ме еді. Әйтпесе тунец орнына тұздалмаған cottage cheese қосуға болар еді. Айтпақшы сottage cheese тура біздің сүзбе сияқты екен, бірақ байқап алу керек онысын, өйткені тұздысы да кездеседі екен ) Рецептті Quinn’s Baking Diary блогынан қарап алғанмын. Жалпы бұл бәліштер сәтті шыққан сияқты. Қыздар ұнатып жеді (мені соған сендіріп) әйтеуір =). Жүрек формасында орау тәсілі тұпнұсқа блогында түсіндіріліп жазылған.
- 1 стакан ұн
- 1 ас қасық майда қант
- жарты ш.қ. тұз
- 100 гр жылы сүт
- 1 жұмыртқа (сарысы үстіне)
- 25 гр сары май
(разыхлитель қосылған ұн қолданбайтындар, жарты ас қасық ашытқыны сүтке қосып алдын ала дайындап қоюі керек)
- консервіленген тунец
- 1 ас қасық майонез
- қара бұрыш пен аздап қызыл бұрыш
- осыған аздап аскөк қосылса да жарасады (менде болмады)
Қамырды илеп, жылы жерге кем дегенде жарты сағатқа қойып қою керек. Аз-аз қамырдан алып керек бәліш санына қарай домалақтар жасап алыңыз (менде 8 шықты). Енді әрқайсысын ұзынша етіп жұқалап, аяқ жағынан 1 cм шамасында қалдырып ортасынан пышақпен тіліңіз. Бәліштерге жұмыртқа сарысын жағып шығыңыз. Енді жүрек формасын келтіріп, арасына тунец-майонез-аскөк қоспасын қойып шығыңыз. Үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.