үнді пакора

Пакора үнділерде өте танымал екен. Біздің кириешкилер сияқты ) Соның өзінде 2007 жыды Үндістанға барғанымда жеп көрмеппін оларды (ол кезде бейтаныс тамақ жегеннен аулақ жүрдім). Қазақстанда үнді асүйлер де оңша көп кездестіребермейсің. Мына жерде сол ұлттың өкілдері өте көп екен. Содан олардың ресторан мен кафелері де көп. Аптасоңы Eat as much as you can (ашық буффет) кезінде барып тамақтанғанды жақсы көретініміз бір ресторан бар «Мензил» деген.. ммм.. тамақтары керемет енді! Бір жаманы осы күнге дейін оларда пакора көрмеппін. Пакораны мен алғаш рет осы ердің мұсылман әйелдер қауымының бір жиылысында жеп көрдім. Жай ұнаттым дей салу аз – пакораға ғашық болдым ) Қалай да жасап көргім келді. Интернетте түрлі рецепттерді қарап шықтып, мен ұнатқан пакораға ешқайсысы ұқсамады. Sunanda’s Kitchen блог иесі мен ұнатқан пакораға жақын бір рецепт жариялапты, соны негізге алып әйтеуір мен де жасап көрдім!

20130213_135812

Түсінгенімше пакораға қалаған заттарды қоса беруге болады. Сондықтан менің пакораларым сол күні үйде болған заттардан жасалынды: картоп, сарымсақ, пияз, сәбіз, аскөк, көк пияз. Бірақ менікілердің дәстүрлі пакорадан ерекшелігі сонымен шектелменді. Ең бастысы ерекшелік менің керекті Gram немесе Besam немесе Chickpea ұнын қоспай мен кәдімгі ұнмен жасағаным болды. Бір күні бәрін дұрыстап жасап көргім келеді, бірақ айта кету керек төмендегідей жасағаным да жаман болған жоқ. Айран қосып ұнатып жеді қыздар.

  • 2 картоп
  • 1 сәбіз
  • аскөк пен көк пияз
  • саңырауқұлақ
  • сарымсақ
  • тұз
  • бұрыш
  • garam masala (дәмдеуіш)
  • 100гр ұн
  • 2-3 ас қасық су
  • сұйық май

20130213_121949Картоп пен сәбізді пісіріп алдым да, төртбұрыштап тұрадым. Осы жерде де негізі тұрағаннан езіп пюре жасаған жақсырақ болар ме еді деп ойладым кейін. Көк пияздық ақ жағы мен саңырауқұлақтарды тұрап майға қуырып алдым. Енді бәрін араластырып, көк пияздың қалғаны мен аскөкті тұрап қостып. Бөлек ыдыста су мен ұн араластырдым. Кө мөлшерімен жасағаным үшін жоғарыдағы өлшем нақты емес, қоспа құймақтардың қамыры сияқты қою болуы керек. Осының бәрін араластырып, керекті және қалаған дәмдеуіштерді қосу керек. Айта кету керек пакораның қызыл бұрышы көбірек болғаны жақсы, дәмдірек. Енді қасықпен алып, бір бірден қызған майда екі жағы да қызарғанша қуыру ғана қалды. Ыстықтай да суықтай да жақсы!

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s